MCFR.KZ Образование

Мектеп жанындағы сауықтыру лагері

  • 11 июля 2018
  • 76
Мектеп жанындағы сауықтыру лагері

Балалардың бос уақытының көп бөлігі жазғы демалыс уақытында өтеді. Бұл кезең олардың шығармашылық дамуы, тұлғалық қабілеттерін жетілдіру, мәдени құндылықтарға баулу, әлеуметтік байланыстар жүйесіне кіру, жеке жоспарларды іске асыру.

Сондай-ақ тақырып бойынша оқи аласыздар: 

Жазғы демалыс және балаларды сауықтыру

Физикалық және адамгершілікті тұрғыдан дені сау тұлғаны тәрбиелеу ісі

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балалардың жазғы демалыс орындары мен сауықтыру лагерьлерін ұстау тәртібі

Мектеп жанындағы лагерь – ерекше романтикалық стилі мен сарыны бар өзгеше өмір сүру сатысы, жаңа режим. Балалар бұрынғы өмір салтынан айырмашылығы бар басқа ұжымда өмір сүріп, қызмет жасай бастайды. Әр түрлі ойындар, ойын-сауықтар, сабақтарды таңдау еріктілігі, бір жыл бойы шығындалған күш-қуаттың орнын толтыру, бала денсаулығын қалыпқа келтіру, балалармен еркін қарым-қатынас жасау – мұның барлығы баланың шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етеді.

Жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру

Жазғы мектеп жанындағы лагерь денсаулықты нығайту, дене күшін дамыту, біліммен және жаңа әсермен толығу үшін оқушылардың жазғы демалысын барынша тиімді пайдалануға септігін тигізеді.

Мұндай белсенді демалыс түрі уақытша балалар ұжымының дамып, бірігіп жұмыс жасауына ықпал етіп қана қоймай, оқушының әлеуметтік зиятының дамуы және кез-келген ұжымда алған өзара қарым-қатынас жасау тәжірибесін қолдану, соның ішінде оны келесі оқу жылында қолдану үшін негіз болып табылады.

Бейресми қарым-қатынас жасау үшін үлкен мүмкіндіктер пайда болады. Бейресми жағдай балалардың дербестілігін ұйымдастыру мен дамытуға, жеке қабілеттерін тәрбиелеуге, белсенділігін қалыптастыруға, әр түрлі білік, дағдыларды үйренуге мүмкіндік береді.

Жазғы уақытта қалада қалатын балалардың жұмысбастылығы жасөспірімдердің бақылаусыздығының алдын алу және бейәлеуметтік мінез-құлқының превентивті түрі ретінде үлкен рөл атқарады.

Осылайша, жазғы сауықтыру демалысын дұрыс ұйымдастыру өсіп келе жатқан балалардың ағзасын физикалық және психологиялық тұрғыдан нығайтуға, таңдалған қызмет бағыты бойынша үйірмелерде жұмыс жасау нәтижесінде жаңа білік, дағдыларды үйренуге мүмкіндік береді.

Жаз кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулықты

жүктеп алыңыз

Балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру мақсаты:

  • балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, сондай-ақ жеке тұлға шығармашылық тұрғыдан өз болмысын көрсету үшін жағдайлар жасау;
  • әр түрлі қызмет түрлерінің негізінде балалар мен жасөспірімдердің өзіндік дамуы, өзін-өзін тануы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
  • балалар ұжымын қалыптастыру және біріктіру;
  • дербестілікті, белсенділікті, жасаған таңдау үшін жауапкершілікті дамыту;
  • сауықтыру және профилактикалық шараларды іске асыру.

Міндеттер:

  • ойындық жағдайды талдау негізінде табыс жағдайын үлгілеу және жасау;
  • қызмет саласын саналы түрде таңдау, өз мүддесін білдіру, өзінің әрі қарайғы даму перспективаларын белгілеуге үйрету;
  • балалардың шығармашылық әлеуетін ашу;
  • өзара түсінісу, ынтымақтастық, ізгі ниеттілік, қуаныш негізінде қолайлы климатты қалыптастыру;
  • балалардың өз замандастарымен қарым-қатынас жасау мәдениеті мен балалардың, жасөспірімдердің табысты әлеуметтенуіне ықпал ететін толеранттылықты дамыту;

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Жазғы мектеп жанындағы

лагерь қызметінің негізгі қағидалары

  • Ұжымда сенімділік, білуге және дамуға талпыну атмосферасын қалыптастыру.
  • Әр тұлғаның ерекшеліктерін есепке алу.
  • Жасөспірімдердің жазғы уақытта барынша бос болмауы.
  • Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің табысты өзара қарым-қатынасы.
  • Ұжымдық қызмет.
  • Балалар лагері жағдайларында баланы өзін-өзі іске асыруы.

Жазғы мектеп жанындағы лагерь қызметінің бағыттары мен түрлері туралы  № 7-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться