text
MCFR.KZ Образование

Заманауи сабақ: оқытудың жаңа тәсілдері

  • 18 июля 2018
  • 46
Заманауи сабақ: оқытудың жаңа тәсілдері
Заманауи сабақ: оқытудың жаңа тәсілдері

Жаңа білім беру жүйесі оқушыға сыни тұрғыдан ойлануды, мәселенің шешіміне жаңаша қарауды, өз қызметін бағалауды, шығармашылық тұрғыдан үйретуді, ойлану логикасын меңгеруді, өзін-өзі жетілдіру мен іс жүзінде танытуға қабілетті болуды үйретуді мақсат етіп отыр. Сондықтан мектептің міндеті – тәрбие мәселелеріне баса назар аудару, өскелең ұрпақты уақыт талабына сай дайындау. Ұстаздардың оқуға деген көзқарасын қайта қарастыратын уақыт келді.

Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Басшы сабаққа қатысады

Сабақ – білім сапасы нәтижелілігінің негізі

Сабақтағы ойын жаттығулары


Мектептің қиындықтарын ескере келе, даму командасы Педагогикалық шебердік орталығы (бұдан әрі – ПШО) бағдарламасының идеяларын енгізу жоспарын құрды. Командада қызығушылықтары ортақ емес түрлі әдістемелік бірлестік ұстаздары болды. Команда мүшелерінің ортақ пікірі қалыптасуы үшін  нақты мақсаттарды және іс-қимылдарды, басымдықтарын анықтау қажет болды. Ұстаздар үшін негізгі басымдық – білім алушыларды оқуға ынтасын арттыру арқылы оқу процесіне тарту.

Бізге басымдықтарды іске асыруға ПШО оқу кезінде алған біліміміз көмектесті. Команда мүшелерінің сұраныстарын білген соң жоспарлауда коучингтер тақырыбын өзгерттік, оның мақсаты – ұстаздарға формативтік бағалауды, диалогтық оқытуды, Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар құрастыруды үйрету, сыни ойлау технологиялары тәсілдерімен таныстыру, SMART  бойынша мақсаттарды белгілеу және осы білім мен машықтарды іс-тәжірибеде қолдануды үйрету. Сабақ өткізу барысында ұстаздар коучингтер мен менторингтердің маңыздылығы мен мәнін, сондай-ақ жаңа тәсілдердің оқушыны сәтті оқытуға қалай әсер ететінін түсінді.

 «Басқару және оқытудағы көшбасшылық» модулі мұғалімнің өзін үнемі өзінің кәсіптік және адамгершілікті пікірлерін жетілдіріп отыратын көшбасшы, білгір ретінде сезінуге деген сұранысын айқындайды. Басқа сөзбен айтсақ, мектеп көшбасшылары мектеп практикасын неліктен өзгертетінін білуге және мұны педагогикалық команданың барлық мүшелеріне түсіндіруге тиіс. Түсіну үшін оқу мен білім алушылар туралы жоғары білім деңгейі, сондай-ақ өзін-өзі тану мен мақсатты сыни талдау дағдылары қажет. Осылайша, мектеп көшбасшылары мектеп мұғалімдеріне менторинг және коучинг процестерін іске асыру арқылы практикаға өзгерістер енгізуге көмектесуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың оқуын жетілдіру үшін сыныпта не істеу керектігін білуге тиіс. Көшбасшы мұғалімдердің қалыптасуына ықпал ету үшін мектеп көшбасшылары іске асырылатын өзгерістердің мақсаттарын нақты түсінуге тиіс.

Үшінші деңгейлі мұғалімдер коучингтер, менторингтер өткізді. Педагогтар үшін коучингтер өткізу нысаны жаңа әрі қызықты болды. Олар алғаш рет ынтымақтастық рухында жұмыс істеді: дауласты, өзгелердің пікіріне құлақ асты, жасырын таланттарын ашты, тәжірибе алмасты, олардың рефлексиялау мүмкіндіктері пайда болды. Олар тапсырмаларды орындауға креативтік тұрғыдан келді, олардың топтағы құрылымдық диалогы аудиторияның аясынан асып кетті, команда ұстаздары мектептен тыс қарым-қатынасын жалғастырды.

Коучингтер мұғалімнің кәсіптік өсуіне, оның әлеуетін ашуға ықпал етті. Бірақ бәрі сәтті жүрмеді. Яғни, қысқамерзімдік жоспар құрастыруда ұстаздар бағалау өлшемшарттары мен тапсырмалардың дескрипторларын таңдауда қиналды, алайда, бәрі бірдей белсенді болмады. Демек, олар сыни бағалау ұғымын жеткілікті деңгейде меңгерген жоқ. Бұл жағымсыз ой ашық сабақтар өткізуге, ұстаздар дәстүрлі сабақ өткізгенде кедергі болды.

Даму командасы төрт коучингті жоспарлады, оқу барысында екі қосымша коучингке деген сұраныс пайда болды: «Дарынды және талантты білім алушылар», «Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеру». Бағдарламаны толық қабылдау үшін барлық модульді қарастыру керек.

Ашық сабақтар ұстаздардың белсенді оқыту нысандарын, сараланған тәсілді пайдалана отырып, білімдерін іс-тәжірибеде қалай қолданғанын көрсетті, жоспарлау барысында шақыру және ұғыну кезеңдерін ойластырды.

Жалғасын  № 7-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль