text
MCFR.KZ Образование

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында ұстаздардың еңбекақысын көтеру

  • 5 июля 2018
  • 95
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында ұстаздардың еңбекақысын көтеру
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында ұстаздардың еңбекақысын көтеру

Ш. Т. Каринова, ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры РК


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Жаңартылған білім берудің аясында педагогтың кәсіптік біліктілігі мен нәтижелілігін бағалау мониторингі

Бастауыш сыныптардағы жаңа білім беру мазмұны туралы


Сіздің ойыңызша жаңартылған бағдарламаның ескі бағдарламадан негізгі айырмашылығы неде және оның мақсаттары қандай?

Бүгінде республикамызда Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептері (бұдан әрі – НЗМ) халықаралық стандарттар деңгейінде жұмыс істеуде. Олардың тәжірибесі сәтті әрі үздік білім беру тәжірибелері еліміздегі балалардың бәріне қолжетімді болу тұрғысынан маңызды.

Еліміздің білім беру ұйымдарының НЗМ тәжірибесі бойынша білім беру мазмұнын жаңартуға көшуі 2016/2017 оқу жылы басталды, ол жүйелі әрі кезеңмен өткізіледі және бүкіл білім беру жүйесіне қатысты: білім беру стандарттарына, оқу бағдарламаларына, оқулықтарға, педагог кадрларды даярлау мен қайта даярлауға, аттестаттау мен бақылауға, сондай-ақ оқу және тәрбие процесіне қатысты.

Жаңарту жағдайындағы мектеп оқу процесінің білім алушылардың белсенді қызметімен сипатталуымен ерекшеленеді, ол бос құман секілді болады, ал оны ұстаз толтыруы тиіс. Аталған жағдайда мұғалім білім алушылардың танымдық қызметін ұйымдастырушының рөлін атқарады. Оқу мақсаттары оқушы мен мұғалімге ортақ болады.

Білім беру мазмұнын жаңартудың аясында сыни бағалау жүйесіне көшу қарастырылған. 2017/20178 оқу жылы 1, 5, 7 сынып оқушылары бағалаудың жаңа жүйесіне көшті.

Қазіргі мектепте бағалаудың бес балдық жүйесі бағаның әділдігін қадағалауға мүмкіндік бермейді, өкінішке орай, баға мұғалімнің абсолюттік билік құралына айналды.

Сыни бағалау технологиясмын қолдану білім алушының жетістіктерін нақты белгіленген, алдын ала белгіленген өлшемшарттармен салыстырудан тұрады, ол қандай да бір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, қандай да бір проактикалық дағдының қалыптасуын айқындауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте әр білім алушының жалпы даярлық деңгейін, сондай-ақ оның алдыңғы жетістіктерімен салыстырмалы түрде жетістіктер динамикасын анықтау мүмкіндігі бар.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру курстары қалай ұйымдастырылады?

ҚР білім және ғылым министрінің бұйрықтарымен білім беру мазмұнын жаңартудың аясында педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың қысқамерзімдік курстарының 67 білім беру бағдарламасы әзірленді және бекітілді, олар 2016 жылдан бері өткізілуде.

2016 ж. 98 785 мұғалім түрлі курстармен қамтылды, оның ішінде білім мазмұнын жаңарту аясындағы курстармен 74 149 ұстаз қамтылды (жоспарлы санының 100 %):

  • 58 888 бастауыш сынып, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, өнер, технология, музыка және дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері;
  •  15 261 мектеп директорлары, олардың орынбасарлары, аудандық және қалалық білім бөлімдері әдіскерлері, сыни бағалауды енгізу бойынша мектеп үйлестірушілері.

2017 ж. 118 250 мұғалім түрлі курспен қамтылды, оның ішінде білім мазмұнын жаңартудың аясында – 78 318 мұғалім (жоспарлы санының 100 %):

  • 67 066 бастауыш сынып, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, география және жаратылыстану, тарих және құқық негіздері, физика, биология, химия, математика, информатика, өнер, музыка және дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері;
  •  11 252 мектеп директорларының орынбасарлары, аудандық және қалалық білім бөлімдері әдіскерлері.

2 жылдың ішінде барлығы 152 467 мұғалім, әдіскер, басшы немесе педагог қызметкерлердің жалпы санының 50,1 % оқытылды (304 098).

2018 ж. 77 823 тыңдаушыны (25,5 %) оқыту жоспарланып отыр, оның ішіндегі бастауыш сынып мұғалімдері – 16 983:

  • «Өрлеу» БАҰО АҚ – 52 644 мұғалім, оның ішіндегі бастауыш сынып мұғалімдері – 14 983;
  • «НЗМ» ДБҰ – 25 179 мұғалім, оның ішіндегі бастауыш сынып мұғалімі – 2 000.

Курспен қамту көрсеткіштері

  • 3 жылдың ішінде (2016/2018) – 75 % қамтылды;
  • 4 жылдың ішінде (2016/2019) – 100 %.

Қосымша қаржы болу қажеттілігі жоқ.

Мұғалім еңбекақысының көтерілуі неге байланысты?

Елбасының Халыққа жолдауын іске асыру мақсатында қосымша ақылардың жаңа түрлерін бекіту туралы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 07.02.2018 ж. № 42 қаулысы қабылданды:

  • педагогикалық-шеберлік санаты үшін қосымша ақы – «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы», «педагог-модератор» біліктілігіне ие білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұлттық біліктілік тестінен өткен бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін мұғалімдерге лауазымдық айлықақыдан 50 %, 40 %, 35 %, 30 % мөлшерінде сәйкесінше. Бұл қосымша ақы 2018 жылғы 1 қыргүйектен бастап жүргізіледі.

Жалғасын  № 7-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты