text
MCFR.KZ Образование

Түрлі жас топтарда жұмысты ұйымдастыру

  • 3 июля 2018
  • 60
Түрлі жас топтарда жұмысты ұйымдастыру
Түрлі жас топтарда жұмысты ұйымдастыру

Қазіргі уақытта республикада түрлі жас топтары қарастырылатын әртүрлі мектепке дейінгі ұйымдар қызмет көрсетеді: шағын орталықтар, отбасылық балабақша, «мектеп-балабақша» кешені және т. б.

Сондай-ақ тақырып бойынша оқи аласыздар: 

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста АКТ қолдану

Балабақшадағы заттық-ойын ортасы

Балабақшадағы тілдер үштұғырлығы

Педагогтерден түрлі жас топтарымен жұмыс істей білу ерекшелігі және бағдарламалық талаптарды балалардың жеке ерекшеліктерімен сәйкестендіре білу талап етілетіндіктен, бұл топтарда оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру күрделі болып келеді.

Түрлі жас топтары – бұл баланың әлеуметтік қарым-қатынас мүмкіндіктерінің алуан түрлілігін қамтитын, жасанды түрде бөлінбейтін толыққанды балалар қауымдастығы.

Балабақшадағы түрлі жас топтарында білім беру процесін ұйымдастыру баланың жас және жеке ерекшеліктерін, қарым-қатынас стилін, білім беру мазмұнын таңдауда саралау тәсілін ескере отырып, құрылады.

Түрлі жас топтары мектепке дейінгі ұйымның құрамдас бөлігі, білім беру процесінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын айқындайтын, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның мазмұнына, балалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейтін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын басшылыққа алады.

Мақсаты: педагогтерге мектепке дейінгі ұйымның түрлі жас топтарында білім беру процесін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету.

Міндеттері:

  • педагогтерді түрлі жас топтарында балаларды тәрбиелеу мен оқытудың әдістерімен және құралдарымен қамтамасыз ету;
  • түрлі жас топтарында балалардың дамуы үшін қажетті заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруда көмек көрсету;
  • ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Түрлі жас топтарының қызметін ұйымдастыру

Түрлі жас топтарының әрекетін ұйымдастыру білім беру процесінің және күн тәртібі сәттерінің барысын бақылауды қарастырады.

Түрлі білім беру жағдайларында балаларды бақылау нәтижесі түрлі жастағы балалар қауымдастығында байқалатын жағымды сәттерді анықтауға мүмкіндік береді:

  • түрлі жастағы балалармен қарым-қатынас барысында ересек жастағы балаларда мінез-құлықтың мақсатты құрылымын қалыптастыратын: достық, жанашырлық, бастамашылдық, дербестік пайда болады;
  • сәбилердің ересектермен қарым-қатынасында мәдени-гигиеналық дағдылары жылдам және тиімді қалыптасады, тілі дамиды, мінез-құлық тәжірибесі, қарым-қатынасы байытылады.

Мектепке дейінгі ұйымның түрлі жас топтарында білім беру процесін жоспарлау мен ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар және тәрбиешіден педагогикалық шеберлік мынадай бағыттар бойынша:

  • балалар дамуының мақсатты бағыты ретінде барлық жас топтарының бағдарламалық міндеттерін білуі;
  • бағдарламалық міндеттерді балалардың жас және жеке мүмкіндіктерімен сәйкестендіре білуі;
  • балаларды шағын топтарға тек жастары бойынша ғана емес, басқа да сапалы көрсеткіштері бойынша: жеке мүмкіндіктеріне, жақын даму аймағына, ерекше білім алу қажеттіліктеріне, арнайы қабілеттеріне, бейімділіктеріне қарай бөлуі;
  • педагикалық бақылауды жүзеге асыру қабілеті, әрбір баланы түсініп, оның қиындықтары мен табыстарын көре білуі;
  • білім беру жағдайларының өзгерісіне жылдам әрекет ету, қалыптасқан жағдайға сәйкес білім беру мазмұнының тиімді түрлерін, әдістерін таңдауы талап етіледі.

«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы) мектепке дейінгі білім берудің қол жетімділігін және вариативтілігін қамтамасыз ету үшін, балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқытуда қолайлы жағдайлар жасау үшін мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері құрылады, оларда балалар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі әртүрлі қағидаты бойынша жасақталады. Түрлі жас топтарының болуын қарастыратын мектепке дейінгі ұйым түрлері (бір жастан үш жасқа дейінгі балалар, үш жастан алты жасқа дейін (жеті)): мектепке дейінгі шағын орталық, отбасылық балабақша, шағын жинақталған балабақша, «мектеп-балабақша» кешені.

Түрлі жас тобы мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің бұйрығы негізінде ашылады.

Түрлі жас тобы қажетті материалдық-техникалық жағдайлармен және кадрлармен қамтамасыз етілген (бөлінген қаражат шегінде) жағдайда құрылады және санитарлық-гигиеналық талаптар мен өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес, қажетті ойын және спорттық құрал-жабдықтармен, оқу-көрнекілік құралдарымен және материалдарымен жабдықталған, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бөлмелерде ұйымдастырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдар топтарының толымдылығы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы) және балалардың саны 20-дан артық болмауы тиіс.

Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау...

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды 

Дереккөз: «AСTUALIS: Білім беру» ЭЖ оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты