text
MCFR.KZ Образование

Сөйлеу қабілеттері бұзылған оқушылардың функционалдық сауаттылығы

  • 29 июня 2018
  • 28
Сөйлеу қабілеттері бұзылған оқушылардың функционалдық сауаттылығы
Сөйлеу қабілеттері бұзылған оқушылардың функционалдық сауаттылығы

Оқыту – маңызды коммуникативтік икемділік, оның негізінде басқа да дағдылар жетілдіріледі, мысалы, өзінің және басқалардың ойын жеткізе білу, басқаның сөзін түсіну, оны түсіндіріп беру, қысқаша жеткізу және қорытынды жасау.

Сондай-ақ тақырып бойынша оқи аласыздар: 

Орыс тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту

ДМШ балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған өнімді оқу-тыңдау технологиясы

Оқу ең маңызды ақпараттық технология болып есептеледі, оны меңгермей заманауи уақытта, тез өзгеріп жатқан әлемде табысты өмір сүру және жұмыс істеу мүмкін емес.

Алайда қазіргі уақытта балалардың оқуға деген қызығушылығы күрт төмендеп барады. Оқушылардың төмен оқу техникасы және мәтінмен жұмыс жасау дағдыларының болмауы, себеп-салдар байланыстарды таба білмеулері, мәтіннің басты ойын анықтауды білмеуі, оқыған материал негізінде байланыстырып ойын айта алмайтындығы осының себебі болып отыр.

Сонымен қатар, бірінші сыныптан бастап жақсы оқи алатын баланы да кездестіруге болады. Сонымен, мұғалім бір сыныпта оқуға үйретудің түрлі әдістерін қолдануға дайын болуы тиіс.

Бастауыш және орта мектеп арасындағы оқыту дағдыларын қалыптастырудың бірізділігі жөніндегі мәселе маңызды болып отыр.

Бастауыш мектеп түлектерінің оқу техникасы орта буын мұғалімдерінің, оның ішінде тіл мамандарының ойынан шықпайды.

            

Тарих және табиғаттану мұғалімдері бесінші сынып оқушылары оқыту мәтінін оқып, оны өз сөзімен айтып бере алмайтындығына, тезисті (өзінің немесе мұғалімнің) растай немесе оны жоққа шығара алмайтындығына, параграфтың ақпаратын шығармашылықпен өңдей алмайтындығына, жоспар бойынша оны өз сөзімен жеткізе алмайтындығына, қазір оқыған мәтіннің жоспарын өз бетімен жасай алмайтындығына шағымданады.

Қазіргі тәжірибеде жетістіктермен қатар балаларды оқытуға үйретуде көптеген шешілмеген проблемалар көп. Көп оқитын оқушылар әдетте тез оқиды. Оқу барысында оперативті еске сақтау мен көңіл аудару тұрақтылығы жетіледі. Өз кезегінде ойлау қабілеттілігі осы екі көрсеткішке байланысты. Ішінен оқу кезінде оқу жылдамдығы біршама өсе түседі. Бұл ретте ғалымдар мен тәжірибешілер минутына 120 сөзді қүрайтын жылдамдықтың көптеген оқушыға қолжетімді екендігі туралы ойды қолдап отыр.

Саналы оқуды жақсы меңгерген және оқудың оқу-танымдық мотивтері дамыған оқырманда оқуға деген қызығушылық пайда болады.

Сөйлеу қабілеттері бұзылған оқушылардың бастауыш сыныптарда оқу сапасын арттырудың бірден бір нұсқасы – оқуды оқытудың мақсатты басқаруы. Саналы оқу дағдыларын және мәтінмен өз бетінше жұмыстану қабілетін арнайы жаттығулар жүйесі және техника, саналылық, мәнерлілік сияқты оқудың басты параметрлеріне белсенді түрде әсер ететін әрекеттер әдістері арқылы қалыптастыруға болады.

Логопедтерге мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысы үшін төленетін қосымша ақы туралы оқыңыздар

Оқу дағдыларын дамытудың басты бағыттары

Оқи білу – маңызды ақпараттық технология, ең маңызды коммуникативтік қабілет. Оқуды үйретуді мақсатты басқаруға белгілі бір саланы дамытуға арналған әртүрлі жаттығулар түрлері кіреді:

  • айту анықтылығы;
  • сөйлеу аппаратының қозғалғыштығы;
  • қапталдан көрудің дамуы және тіке қарауды жетілдіру;
  • сөзге және оның бөліктеріне назар аудару;
  • жедел еске сақтау, назардың тұрақтылығы;
  • ішінен және дауыстап оқу икемділігі және жылдамдығы;
  • қабылдау және түсіну, логикалық ойлауды дамыту;
  • сөйлеуді жаттықтыру;
  • буындар мен сөздердің көру және сөз-қозғалыс образдарының арасындағы тығыз байланысты құру.

Айту анықтығын дамытуға бағытталған жаттығулар

Көптеген оқушылар оқу кезінде өз тыныс алуын реттей алмайды. Осы кемшілікті түзету үшін тыныс алу гимнастикасы бар.

  • Мұрынмен дем алу – ауызбен дем шығару. Дем алу – тыныс алуды ұстай тұру – дем шығару.
  • Бөлшектеп дем алу және дем шығару «Гуіл жақындайды және алшақтайды»: дем алу – дем шығару кезінде М-М- М-М-М; Н-Н-Н-Н-Н деп айтамыз.
  • «Иттің ырылдауы»: дем алу-дем шығаруда Р-Р-Р-Р-Р деп айтамыз.
  • «Дөңгелегі тесіліп қалған велосипедтен шығатын ауа»: С-С-С-С-С.
  • «Майшам»: тегіс және жай дем шығару, содан кейін терең дем алу, тоқтап тұру және елестеткен майшамның алауына жаймен үру.
  • «Майшамды өшір»: қарқынды үзіп-үзіп дем шығару, одан кейін секундты тынысты ұстап тұру, кейін қысқа түрткі арқылы 3 рет дем шығару: ФУ! ФУ! ФУ!
  • Құлақтың жанында шыбын ұшты: Ж-Ж-Ж. Мұрынның қасында сона ұшты: С-С-С. Маса ұшты және сыңғырлады, маңдайға отырды, біз оны ұстап алдық: ұша берсін!

Сөйлеу аппаратының қозғалымдылығын дамытуға

арналған жаттығулар

  • Жылдам оқимыз, мұқият қараймыз: ОИЭ АОЕЯ ЕАЁИО ЯОЮ АЮОЕ ЭЁЮЯУ ЫЯЮ УЁЮУ ЮУАОЮ.
  • Осылардың біреуіне екпін қойып дауыстыларды оқимыз: ЕАОЕУЫИЭ, ЕАОЕУЫИЭ, ЕАОЕУЫИЭ және т. б. Басында 1-ші, сосын 2-ші мен 3-ші буынға екпінді қоя отырып, буындарды айтып бұл жаттығуды түрлендіруге болады: ДÁ-ДА-ДА, ДА-ДÁ-ДА, ДА-ДА-ДÁ.
  • Терең дем алып, дем шығарған кезде бір қатардағы (дыбыстармен) дауыссыздарды оқимыз: Б К 3 С Т Р М Н В Л Н X.
  • Буын тізбегін оқимыз: ЛИ СА ЛО БА ЖУ НЯ ЖА СИ НЯ КИ.
  • Үдете отырып, сөздерді оқимыз: ТО-МАР, -ЖАР, -ЖЕЙ, -КЕЙ, -БОЛ, -ҚОЛ.

Қапталдан көруді дамытатын

және тіке қарауды үйрететін жаттығулар

«Қапталдан көру» және «тік бұрыш» терминдерінің мәнін балалар түсіну үшін оларға бір қатардан көздерін алмай, оң жақта, сол жақта, үстінде, астында кездесетін заттарды айтып шығу ұсынылады.

Тарату материалы: Шульте кестесі.

Пайдалану алгоритмі:

– қарындаш немесе саусағыңмен көрсете отырып, 10-нан 25-ке дейін ретімен барлық сандарды неғұрлым тез айтып шық;

– бір-бірінен кейін келетін екі-үш санның орналасу ретін жылдам есте сақтап қалуға тырыс. Есіңде болсын! Көздерің кесте ортасындағы 10 санына қарап тұрса да, оны түгел көріп тұрады.

          МДҰ-ғы психологиялық мониторинг жүйесімен танысыңыз

          «Түзету курсы» пәні бойынша жұмыстық оқу бағдарламасын  жүктеп алыңыз

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 6-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль