text
MCFR.KZ Образование

Директор орынбасарының жазғы мектебі

  • 22 июня 2018
  • 37
Директор орынбасарының жазғы мектебі
Директор орынбасарының жазғы мектебі

Әкімші басқару теориясы мен практикасын жақсы меңгерген сайын оның жұмыс істеуі жеңіл, ал еңбегі нәтижелі болатыны бәріне мәлім.

«Білім беру ұйымының анықтамалығы» журналының электрондық нұсқасынан оқыңыздар:

Сондай-ақ журналдан оқыңыздар:

Заманауи мектеп бүгінде дамудың динамикалық кезеңдерінің бірін басынан өткеруде, ол білім беру мазмұнын жаңартуға байланысты. Жаңартылған бағдарламаны іске асыру сәттілігі көптеген құрамдастарға байланысты, олар нәтижесінде білім сапасын қамтамасыз етеді. Сапалы білім беру процесін қамтамасыз етудің аса маңызды факторы сапаны жоспарлау стратегиясын әзірлеу болып табылады, ол сапаны болжау мен жобалауды, сапаны бақылау мен жақсартуды, сапаны басқаруды талап етеді. Осы басқару тетігін іске қосу мектеп басшылығынан стратегиялық менеджмент деңгейіндегі белгілі кәсіптік білімді талап етеді.

Бүгінде басқарушы менеджерден басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жобалау машығы талап етіледі. Оны талдамалы-бағалаушылық сүйемелдеу осы құрылым нәтижелілігінің міндетті шарты болып табылады. Бұл ретте сапаны кез келген бағалаудың тек сапаны арттыру және мұғалімдерді кәсіптік жетілдіру бойынша іс-шаралар осының негізінде өткізілгенде ғана мағыналы болатынын естен шығармау керек.

Білім беру ұйымының педагогикалық ұжымының күш-жігері білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған. Даму бағдарламалары, негізгі білім беру бағдарламалары, білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық технологиялары және білім сапасын басқарудың жаңа тәсілдері олардың ізденістерінің нәтижесіне жатады. Сонымен бірге қарама-қайшылық туындайды: көптеген жағдайда мұндай күш салу күткен нәтижеге алып келмейді және білім сапасы көтерілмейді. Нәтижесіз басшылықтың себептерінің бірі – басқарушылық біліктіліктің жеткіліксіз деңгейі.

Білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдерге біліктілігін қалай арттыруға болады

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының, қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің әдістемелік қызметтерінің басты міндеттерінің бірі – мектеп басшылары мен  олардың орынбасарларының басқарушылық шеберлік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін ақпараттық-білім беру ортасын құру.

Павлодар қ. білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мектеп директоры орынбасарының кәсіптік дамуын әдістемелік сүйемелдеу тәжірибесін жинады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Директор орынбасарының жазғы мектебі апталық тренингтік сабақтарды білдіреді, оның мақсаты – өзара ынтымақтастықтың негізінде директор орынбасарларының өнімді тұлғалық және кәсіптік дамуына жағдай жасау. Сабақ өткізуге «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ» оқытушылары мен мамандары, жоғары оқу орнының оқытушылары тартылады. Сабақтар интерактивті режимде іскерлік ойындар, коучинг, семинар-практикум, практикалық кейс және т. б. түрінде өткізіледі. Сабақтар тақырыбы басқарудың өзекті мәселелерін көтереді:

  • Мектептік менеджмент: тиімді басқару және сапалы білім беру. Басқарушылық шешімдермен жұмыс бойынша практикум.
  • Көшбасшылық және пікірлестер командасын құру.
  • Жобаларды іске асырудың негізінде мектептің дамуын жоспарлау.
  • Нәтижелілік өлшемшарттары және білім беру жүйесіне мониторинг жүргізу.
  • Сападан шартқа – нәтиженің сапасына қарай.

Жұмыстың ұйымдастырылуы келесі технологиялық тізбек бойынша құрылады:

1-ші қадам. Қатысушыларды сабақ тақырыбын қамти отырып, ынтымақтастыққа бастайтын психологиялық практикум.

2-ші қадам. Презентациялық слайдтарда берілген сауалнама барысында алған ақпаратты талдау.

3-ші қадам. Мәселені көтеру арқылы шағын дәріс нысанындағы теоретикалық блок.

4-ші қадам. Шығармашылық қызметке және өзара әрекеттестік қағидаларын қабылдауға «жетелейтін» жаттығулар өткізу.

5-ші қадам. Іскерлік ойын, оның барысында жобалау бойынша ұжымдық жұмыс жүреді.

6-шы қадам. Ұсынылған мәселе бойынша қауіптерді айқындауға мүмкіндік беретін жағдаяттық ойын.

7-ші қадам. Қорытындылау. Оң тәжірибені бекіту. Рефлексия.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың мектепішілік жүйесі

Жазғы мектеп мүшелерінің ойынша, басқарудың өзекті мәселелері бойынша диалог мектептің дамуына жаңаша қарауға мүмкіндік беретіндігі сабақтардың нәтижелілігін құрайды:

  • Мектептің білім беру ортасының мәселелі өрістері қандай?
  • Осы мәселелердің туындау себептері қандай?
  • Бұл мәселелердің шешімі қандай?
  • Біз қандай нәтижені қалаймыз және қол жеткізе аламыз?
  • Оқу сапасын арттыру. Қандай тәсілдер нақты жұмыс істейді?
  • Мұғалім мен оқушының функционалдық сауаттылық құрамдастары.

Сауалдарды талқылаудың тиімді нысаны коучинг-сессия болып табылады. Мысалы, «Басымдықтарын белгілеу және шара қолдану» коучинг-сессиясының барысында басымдықтарды белгілеу басшылардың ресурстарды жоспарлау мен бөлуді нәтижелі түрде жүзеге асыруына мүмкіндік береді. «Ромб 9» тапсырмасы ықтимал басымдықтар тізімін азайту және түсіністік, келісім, ортақ жауаптылық пен іс-қимылды бірлесе жоспарлау негізін қалыптастыру үшін бірлесе дұмыс істеуге ықпал етеді. «Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі» коучинг-сессиясының барысында бала мүддесі үшін мектеп пен отбасының бірлескен жұмыстарының оңтайлы нысандарын іздеу, отбасы мен мектептің жұмыс жүйесін құру, педагогикалық идеялармен алмасу жүзеге асады.

Коучинг-сессияның практикалық мәні – бұл нәтижеге бағытталған білім беру моделін жобалау тәсілдерін меңгеру.

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Новый формат Национального квалификационного тестирования для педагогических работниковНовый формат Национального квалификационного тестирования для педагогических работниковНовый формат Национального квалификационного тестирования для педагогических работниковНовый формат Национального квалификационного тестирования для педагогических работниковНовый формат Национального квалификационного тестирования для педагогических работников

«Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» электрондық журналында әндердің минусовкаларын жариялауды бастадық

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты