text
MCFR.KZ Образование

Балалар бөлмесіне қоюға болмайтын бөлме өсімдіктері (ата-аналарға кеңес)

  • 25 июня 2018
  • 21
Балалар бөлмесіне қоюға болмайтын бөлме өсімдіктері (ата-аналарға кеңес)

Кез келген бөлме өсімдігі, тіпті оның құрамында улы заттар болмаса да, кішкентай бала үшін қауіпті. Көптеген өсімдіктердің жақын орналасуы аллергияға бейім адам үшін қауіпті болуы мүмкін.

Сондай-ақ тақырып бойынша оқи аласыздар: 

Болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған жазғы кеңестер

Мдұ-да және сәбилер үйлерінде балалардың тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Жазғы демалыс және балаларды сауықтыру

Балалар гүлді, жапырақты, бұтақты аузына салып, бұл булығумен аяқталған жағдайлар белгілі.

Кез келген құмырада өсетін гүл баланың қолы жетпейтін жерде тұруы тиіс, ал кей өсімдіктерге бала бөлмесінде мүлдем орын жоқ. Еденге қойылатын құмырадағы үлкен өсімдік баланың үстіне құлап, оны жарақаттауы мүмкін. Жапырақтарына қолын және аузын кесіп алады.

Құмырадағы гүлге жақындауға, оны ұстауға болмайтынын ересектер түсіндіруі тиіс. Ал үй флорасының өкілдерін жоғарыға қойған тіпті жақсы. Ауаны тазартсын және жоғарғы сөрелерде көз қуантсын.

Балалар жарақатының алдын - алу бойынша шаралар туралы оқыңыздар

Диффенбахия

Көптеген адамдар бұл өсімдікті әдемі дақтары бар жапырақтары мен күтім талғамайтындығы үшін жақсы көреді. Алайда, диффенбахияның сұлулығы алдамшы, оның шырыны – улы. Ол теріге тигенде дерматит тудырады, шырышты қабықтарға тигенде күйдіріп, жансыздандырып, сілекей ағу мен ісінуге әкеледі. Бұл булығуға әкелуі мүмкін. Тіпті ересектердің өзіне диффенбахиямен қолғап киіп жұмыс істеу, ал жұмыстан кейін қолын жақсылап сабындап жуу ұсынылады.

Филодендрон

Бұл өсімдіктің 900 түрі бар. Олар кез келген интерьерге жараса кетеді, алайда, балалар бөлмесіне қоюға тыйым салу керек. Филодендронның теріге және шырышты қабықтарға тиюі диффенбахия секілді қауіп төндіреді. «Еденге қойылатын» диффенбахиямен салыстырғанда филодендрон ілулі құмыраларда әдемі көрінеді. Оның орны осында: кішкентай балалар мен үй жануарлары жетпейтін биік жер.

                                                            

Алоэ

Алоэ – әдемі бөлме өсімдігі ғана емес, сонымен бірге халық медицинасында қолданылатын өсімдік. Кесілген жапырақтарын сыздауықтар мен жараларға басады, тері ауруларында қолданады. Алайда «үй дәрігері» әрдайым пайдалы емес: кейде улануға әкеледі. Алоэ шырынының құрамында алоин деп аталатын зат бар. Ол асқазанға түссе іш жүргізгіш ретінде әсер етіп, диареяға әкеледі. Кішкентай балаға сусыздану қаупі төнеді. Жиі іш өту кезінде организм суы мен электролиттерін жоғалтады, бұл өмірге қауіпті болуы мүмкін. Ауыр диареяға әкелуі үшін алоэнің шырынын көп мөлшерде ішу керек. Оның дәмі жағымсыздау, бірақ бұл балалар мен үй жануарларын тоқтата бермейді.

Қосымша ақылы білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарт жүктеп алыңыз

«Балабақшадағы ӨТШТ-технологиялары» семинарының сценарийі жүктеп алыңыз

Каладиум

Каладиумның ашық түсті жапырақтарының екінші атауы бар – «періште қанаттары», оның мінезі періштеге мүлдем ұқсамайды. Каладиумның жапырақтарында қауіпті шырын бар, ол организмге түскенде күйдіріп, ісіндіріп, домбығуға және осының салдарынан булығуға әкеледі. Оны диффенбахия мен филодендрон секілді жоғарғы сөреге, кішкентай баладан алыстау жерге қойған жөн.

   

Сансевьера

Өсімдіктің шырынында сапониндер бар, оны көп мөлшерде жұтқан жағдайда ауыз ауруына, көп сілекей бөлінуіне, жүрек айнуы мен құсуға әкеледі. Қағида бойынша, сансевьера немесе «ененің тілі» тек ас қорыту жолына түскенде ғана уытты, алайда, кейде теріде реакция тудыруы мүмкін. Уыттылық деңгейі жоғары болмаса да, өсімдік тұрған құмыраны жоғарыға қарай қойған дұрыс.

Ағылшын шырмауығы

Ілулі құмыралар мен себеттердегі ағылшын шырмауығы: бұл жайыла өсетін өсімдік төбеден салбырап түсіп тұрады. Алайда, ол кішкентай балалардың қолы жететіндей жерге түспеуі тиіс. Шырмауық жапырақтарының, жемістері мен шырынының құрамында атауы айтылуы қиын көптеген уытты заттар бар. Жұтқанда олар ауызды және тамақты күйдіреді, сіңір тартылып, бөртпе, безгек тудырады. Кейбір сезімтал адамдарда тері реакциялары туындайды. Бала көп жапырақ жеген сайын симптомдары да ауыр болады.

Тағамдық улану  туралы оқыңыздар

Олеандр

Жіңішке сабағы мен жапырақтарының арқасында олеандр нәзік әрі әлсіз болып көрінеді, бірақ бұл бетпердің астында нағыз қанішер жасырулы. Өсімдіктің шырыны аритмия мен жүрек тоқтауын тудыруға қабілетті. Ересек адам олеандрдың бір жапырағын ғана жеп қойғаннан кейін қайтыс болған жағдайлар белгілі.

Олеандрдың шырынын жұту симптомдары: қатты ішек түйілулері, жүрек айну, құсу, диарея, жүрек ырғағының және жүйке жүйесі жұмысының бұзылуы. Бала оргагизмі уға ерекше сезімтал, сондықтан балалар бар үйде олеандрға мүлдем орын жоқ.

Потос

Потос ауаны жақсы тазартады дейді. Сондай-ақ бұл шырмалып өсетін өсімдік сабағынан тез көбейеді, сондықтан оны көптеген пәтерден бірнеше данадан көруге болады. Сонымен бірге потостың уытты және баланың қолына түспеуі тиіс екенін ұмытпау керек.

СанЕжН бойынша МДҰ және сәбилер үйлерінде микроклиматты қалай құруға болады (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету, ауаны баптау)

Дереккөз: «AСTUALIS: Білім беру» ЭЖ.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль