text
MCFR.KZ Образование

Бастауыш сыныптардағы жаңа білім беру мазмұны туралы

  • 20 июня 2018
  • 44
Бастауыш сыныптардағы жаңа білім беру мазмұны туралы

Дәстүрлі оқытудың мазмұны рөлдерді қатаң бөлумен сипатталады: мұғалім – сарапшы, оқушы – білімді пассивті қабылдаушы. . Нәтижесінде, атқарушылық қызметке қабілетті жеке тұлға-адам қалыптасады.

Сондай-ақ тақырып бойынша оқи аласыздар: 

1-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілін оқыту

Бастауыш мектепте олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу

Мұндай оқыту түрі проблемаларды, мазмұнды ашық талқылауға септігін тигізбейді,себебі оқушылар оқыту процесіне толықтай тартылмайды, алдарына мақсат қоймай, оқу процесіне бақылау жасамайды. Оларда таңдау жоқ, қателік жасауға, одан сабақ алуға да мүмкіндіктері аз. Мұғалімге мұндай тәуелділік танымдық ойлау дағдыларының дамуын бұзады.

Жаңа пәндерді фрагменттік енгізу және ескі білім беру мазмұнына салу оқу процесінің күрделенуіне әкеліп соқтырады. Оның нәтижесінде білім беру мазмұнын түбегейлі өзгерту қажеттілігі туындады. Жеделдетілген жаһандану қызметкерлерге қойылатын талаптарға әсер етеді және осыған байланысты мамандық алу үшін қажетті білім мен дағдыға да ықпал етеді. Сәйкесінше, табысты өзара байланыс үшін жаңа заманғы әлемде мектеп оқушыларына ескі дағдыдан айырмашылығы бар жаңа дағдылар талап етіледі.

Оқу процесін дұрыс құру

Бүкіл әлем бойынша орта білім беру жүйесі балаларды оқытудың аса тиімді әдістерін тұрақты түрде іздеумен айналысып келеді. Іздеу білім беру бағдарламасымен және оны іске асыру процесінде оқыту әдістемесімен тығыз байланысты.

Инновациялық оқыту шектес дамыту аймағына сүйенеді, меңгеруге бағытталған теориялық ойлау қабілеті мен тану әдістерін дамытады. Оқушы оқу қызметінің субъектісі ретінде әрекет етеді.

Бірінші орынға оқу міндеттері шығады, оны шеше отырып оқушылар ақыл-ой қызметінің жалпы әдістерін меңгереді. Нәтижесінде дербес шығармашылық қызметке қабілетті жеке тұлға қалыптасады.

Жаңа заманғы түлекке қажет қабілеттер:

  • терең және іргелі білім;
  • тәрбиелілік;
  • зияткерлік және шығармашылық күш;
  • оқу икемділігі;
  • өзін-өзі дамыту қабілеті.

Жаңартылған білім беру бағдарламасын және критериалды бағалау жүйесін іске асыру қойылған мақсаттарға жетудегі іс-шаралардың бірі болып табылады. Оқушы пәндік білім беру бағдарламасының әр саласына негізделе отырып, алдағы уақытта бұл білімді басқа жағдайларда қорытындылап, қолдана алады деп болжамданады. Сондықтан олар кез-келген жағдайда өз білімін бейімдеуге үйрену және болашақта оларға кездесуі мүмкін қандай да күрделі міндеттерді шешу мүмкіндігі болуы керек.

Дарынды балаларды диагностикалау әдістері  туралы оқыңыздар

Орта білім берудің жаңа үлгісі

Орта білім берудің жаңа үлгісіне оқу материалы мазмұнын біріктірудің 3 деңгейі кіргізілген:

  • ішкі пәндік;
  • пәнаралық;
  • транспәндік.

Оқу бағдарламаларының тәжірибелік бағыттылығы оқыту әдістері, дағдыларды дамыту, өмірлік мысалдар, жобалық қызмет және тәжірибелік жұмыстар, мұғалімнің қызмет еркіндігіне бағытталған. Орта білім берудің жаңа үлгісінің негізіне жүйелік-қызметтік әдіс кіргізілген.

Баланың бастамашылдық қабілеттері оқу-танымдық қызметке оның өзі кірістірілгенде ғана қалыптасады. Адамды оқыту мен психикалық дамуының арасында әрдайым оның қызметі тұрады. Бастауыш мектеп оқушысы  оқыту оқу жағдайларының негізінде құрылуы керек, білім беру міндеті «Өзім жасаймын! Мен нені білмеймін? Не істей алмаймын? Өзім амалын табамын!» сияқты бала әрекеттеріне ұрындырмайтын жағдайларды ұйымдастырудан құралуы керек.

Әр оқушының, оның жеке қабілеттерінің дамуына бағытталған аталған әдіс оқушыны шамадан тыс оқытпай, білімді бекітуге және материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып мұғалімінің моделі - сыныпқа жауаппен емес (дайын білім, білік,дағды) сұрақпен кіру. Оқушы- ның ұстанымы – әлемді тану (ол үшін арнайы ұйымдастырылған жағдайларда).

Білім беру бағдарламасын жаңарту шеңберінде сабақтарда жиі қолданылатын қызмет түрлері:

  • ойындық;
  • зерттеу;
  • жобалық;
  • рефлексті;
  • бағалау;
  • шығармашылық;
  • тәжірибелік.

Қажет қызмет түрлері:

  • топтық;
  • жұптық;
  • жеке;
  • фронталды.

Мұғалімдерге әр түрлі педагогикалық технологияларды көптеп қолдану керек, мысалы, проблемалық, жобалық, дамыта оқыту технологиялары.

Көптеген дамыған елдерде мұғалімдер мен оқушыларға қойылатын күтілетін нәтижелер нақты белгіленеді – білім беру бағдарламаларына тиісті жолдама құжат жасақталады.

Бастауыш мектеп жұмысының жоспары

Мектепалды даярлықтың үлгілік оқу бағдарламасын

Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын

жүктеп алыңыз

Бұл әдіс Қазақстанның барлық мектептеріне арналып күтілетін нәтижелерді анықтау үшін қолданылды. Оқушылардың білуі және меңгеруі қажеттілігін анықтау нақтылығы еліміз бойынша тұрақты жоғары күтілетін нәтижелерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұғалімдерге білім беру бағдарламасын тиімді іске асыру процесін жеңілдетуге көмектеседі.

Оқу бағдарламасы Джером Брунердің спиральды бағдарламасына негізделеді. Ол егер күрделі материал дұрыс ұйымдастырылып, жеткізілсе кішкентай балаларға да ол түсінікті болады деп болжамдаған. Брунер адам танымы үш кезеңнен өтеді деп сендірген: белсенді (тәжірибе негізінде оқыту), таңбалық (бейнелер және суреттер арқылы оқыту), символикалық (сөздер мен сандар арқылы оқыту), олар спиральды оқыту бағдарламасының ақпараттық негізі болып табылады.

Спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:

  • оқушылардың барлық оқу процесінің шегінде сұрақты, тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап қарауы;
  • сұрақтың немесе тақырыптың күрделілігі әрбір қайталамалы қараумен арта түседі;
  • жаңа оқытудың ескі оқытуымен байланысы бар және ескі ақпараттың контексінде орналастырылады.

Спиральді бағдарламаның артықшылықтары:

  • ақпарат оқушы пәндік сұрақты әр қайталап қарағанда күшейтіліп, бекітіледі;
  • жеңілдетілген шешімдерден күрделендірілген шешімдерге қарай логикалық даму қамтамасыз етіледі;
  • бұрынғы білімді келесі оқыту мақсаттарына қолдануға болады.

Бастауыш сыныптарда критерийлік бағалау

Жаңартылған бағдарламада оқушылардың өздері үшін бағалау процесін объективті және құрылымды ету үшін критерийлік бағалау пайдаланылады. Мұндай бағалау кезінде оқушының үлгерімділігін бағалау алдын ала анықталған бағалау критерийлерінің жиынтығына сәйкес бағаланады. Ол нормативтік бағалаудан ерекшеленеді, себебі онда оқушының үлгерімділігі бағаланатын топқа қатысты анықталады.

Бағалау әдістері

Формативті бағалау күнделікті сабақ беру және оқыту процесінің ажырамас бөлігі болып табылады, үздіксіз жүргізіледі, оқытуды өлшеу үшін және сабақты жоспарлау үшін көмек ретінде қолданылады. Мұндай бағалау түрі оқушылар мен мұғалімдер арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, балл мен баға қоймай оқу процесін уақытылы үйлестіруге мүмкіндік береді.

Суммативті бағалау мұғалімдер мен оқушыларға оқу бағдарламаларының бөлімдері/ өтпелі тақырыптарын және балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңін аяқтаған кезде оқушылардың үлгерімділігі туралы ақпаратты ұсыну үшін жүргізіледі.

Формативті және суммативті бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Алайда...

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 6-2018  «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар. 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль