text
MCFR.KZ Образование

Қазақ музыкалық аспаптары мұражайына саяхат

  • 18 июня 2018
  • 5
Қазақ музыкалық аспаптары мұражайына саяхат
Қазақ музыкалық аспаптары мұражайына саяхат

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған кіріктірілген сабақ сценарийі.

Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Мақсаты:

  • балалардың қазақ халқының мәдениеті мен қазақ халық аспаптары туралы білімін қалыптастыру;
  • балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • қазақ халқының музыкалық мұрасына қызығушылықты тәрбиелеу, адамгершілікті-рухани құндылықтарды қалыптастыру;
  • қазақ музыкалық аспаптарында ойнаудың бастапқы дағдыларын қолдану.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Музыка.

Әдістері мен тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.

Демонстрациялық-үлестірме материал: аспаптар экспозициясы, «Музыкалық аспаптар мұражайы» маңдайша жазуы, қобдиша, картоннан ойылған ноталар, хат.

Сөздік жұмыс: ішекті, үрмелі, ұрмалы аспаптар.

Көптілді компонент:дабыл – барабан – drum, сыбызғы – дудка – fife, сақпан – трещотка, мұражай – музей – museum, үрлемелі аспап – духовой инструмент – wind-instrument, ішекті аспап – струнный инструмент – string-тinstrument, соқпалы музыкалық аспап – percussion-instrument.

Музыка жетекшісі (бұдан әрі – МЖ). Бүгін балабақшамызға почташы ерекше шақыру қағазын алып келді, қазір мен сендерге оқып берейін.

Қазақ музыкалық аспаптары мұражайына саяхат

Шақыруды қабыл аламыз ба?

Тәрбиеші мұражайдағы тәртіп ережелерін балалардың есіне салады.

МЖ. Ал біздің музыкалық аспаптар мұражайына баруымызға марш көмектеседі.

Балалар марштайды.

МЖ. Міне, мұражайға да келдік… Ал оның қорғаушысы – музыкашы гном қайда?

Тәрбиеші (хатты байқайды). Мына жерде сәлемдеме жатыр.

МЖ оқиды.

Қазақ музыкалық аспаптары мұражайына саяхат

МЖ. Ендеше музыкалық қобдишаның ішін ашып көрейік? Балалар, ішінде бірнәрсе жатыр…

Ноталарды аударып, гномның бізге не хабарлағысы келгенін оқиық (оқиды).

До нотасы. «Мұражай» сөзі бізге латын тілінен келді. Мuzeum – «шабыт ордасы» дегенді білдіреді. Ежелгі заманда әйел құдайларды муза деп атаған, олар өнер мен ғылымға қолдау көрсеткен. Осыған сәйкес, мұражай – адамзаттың ғажайып жетістіктері жиналған әрі сақталатын орын, оны мұра- жай экспонаттары деп те атайды.

Ре нотасы. Музыкалық аспаптар мұражайында мекендеушілер немесе экспонаттар көп. Сендер оның қайсысын таныдыңдар?

Экранда балаларға таныс музыкалық аспаптар көрсетіледі. Балалар оларды атайды.

Ми нотасы. Менің мұражайымда тәртіп қатал. Барлық аспаптар топтасып, жұптасып өмір сүреді.

Үрмелі музыкалық аспаптар. Мұнда дыбыс ауаның тербелісінен туындайды. Осы тербелістер пайда болуы үшін музыкашы дем шығарғанда ауаны музыкалық аспаптың саңылауына бағыттайды.

Осы аспаптарды тауып, атаңдар.

Экранда музыкалық аспаптар көрсетіледі, балалар үрмелі аспаптарды табады.

Олардың біреуінің дауысын тыңдап, осы музыкалық аспапта ойнағанды бейнелеңіз.

Жазбада шаңқобыздың, сазсырнайдың дыбысы ойнайды.

МЖ. Ішекті музыкалық аспаптар.

Мұнда ішекке ысқымен, саусақпен, медиатормен әсер ету арқылы дыбыс шығаруға болады. Мұндай аспаптарды тауып, олардың атауын еске түсіріңдер.

Экранда музыкалық аспаптар көрсетіледі; балалар ішекті аспаптарды табады.

Құрманғазының күйі ойнайды, қандай аспап ойнап тұр.

МЖ. Ұрмалы музыкалық аспаптар.

Аспапты қолмен, саусақпен, металл немесе ағаш таяқшамен, арнайы тоқпақпен ұрғанда дыбыс шығады.

Осы аспаптарды тауып, оларды атаңдар.

Экранда музыкалық аспаптар көрсетіледі; балалар ұрмалы аспаптарды табады.

+

А. Еңсепов «Детство» аспаптық композициясы ойнайды, гном кіреді.

Жалғасын  № 6-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты