text
MCFR.KZ Образование

Мектептегі оқушылардың басқаруы, өзін-өзі басқаруы және бірлесе басқаруы

  • 13 июня 2018
  • 230
Мектептегі оқушылардың басқаруы, өзін-өзі басқаруы және бірлесе басқаруы
Мектептегі оқушылардың басқаруы, өзін-өзі басқаруы және бірлесе басқаруы

Қоғамдағы өзгерістер мектеп ұжымының алдына жаңа міндеттер жүктейді. Олардың бірі – оқу үдерісін демократияландыру.

Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жұмыс қағидаттары

Жобалау-зерттеу қызметі

Мектеп-интернат жағдайындағы ұжымдық шығармашылық іс


Ол үшін педагогикалық ортада білім беру ұйымының ерекшеліктерін (бұдан әрі – БҰ), педагогикалық, оқушылар, ата-аналар ұжымдары мен айналасындағы әлеуметтік ортаны ескере отырып, демократиялық мектептің авторлық үлгісін құруға қабілетті пікірлестер тобын құру қажет. Оқу үдерісінің барлық субъектілерінің ынтымақтастығы оқу үдерісінің дәстүрлі педагогикадан ерекшеленетін түбегейлі жаңа сипатын көрсетеді.  

Мектеп директорынан бастап әр пән мұғалімімен аяқталатын барлық педагогикалық қызметкерлер қатысқан жағдайда модельді басқара аласызӨзін-өзі басқарудың осы мақсатына жету үшін тиісті жағдайлар қажет. Бірінші шарт – мектеп өмірін толықтай демократияландыру. Егер біз оқушыларды жеке қадір-құрмет рухында тәрбиелеуді қаласақ, ол үшін мектеп өзін-өзі реттеуге қабілетті шынайы демократиялық құрылымды ұсынуы қажет. Оның сайланған әкімшілік органдарына оқушылар тікелей қатысады. Олар педагогтармен, ата-аналарымен бірге оқушылар ұжымын, сондай-ақ жалпы мектепті дамыту стратегиялары мен тактикаларын әзірлейді. Мұндай тәсіл мектепті мемлекеттік-қоғамдық институтқа айналдыруға ықпал етеді, ол

  • оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін құруды;
  • мектеп белсенділерін мектептің оқу, тәрбие және шаруашылық міндеттерін шешуге тартуды;
  • мектеп белгілеген мақсаттарды оқушылар ұжымына жеткізуді;
  • оқушылардың өзін-өзі басқаруымен жұмыс барысында мектеп педагогтарына нұсқаулық-әдістемелік көмек көрсетуді;
  • тиісті құжаттарды әзірлеуді өзін-өзі басқару органдарына көмек көрсетуді;
  • мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесіне бақылау жүргізуді;
  • оқушылар активінің оқуын ұйымдастыруға қатысуды;
  • белсенділерді жалпымектептік ұжымды тәрбиелеуге және жұмылдыруға тартуды;
  • оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жұмысына жағдай жасауды және жұмыс режимін қамтамасыз етуді;
  • оқушылардың өзін-өзі басқару органдарына әдістемелік көмек көрсету бойынша мектеп педагогтарының қызметін бақылауды көздейді.

Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  • кеңесші педагогтар арқылы оқушылардың өзін-өзі басқарудың атқарушы органдарының барлық бөлімдерінің қызметіне жалпы жетекшілік етеді, олардың қызметін оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағыттайды;
  • оқу кабинеттерінде оқушылардың өзін өзі басқару органдарына нұсқаулық-әдістемелік көмек көрсетеді;
  • кеңесші оқушылардың, пән кабинеттері лаборанттары мен мұғалім көмекшілерінің консультацияларын, семинарларын, тәжірибе алмасуын ұйымдастырады;
  • оқушылардың өзін-өзі басқару органдары өткізетін танымдық істерге жетекшілік етеді;
  • пәндік әдістемелік бірлестіктерде оқушылардың өзін-өзі басқару мәселелерінің қарастырылуын бақылайды;
  • оқу кабинеттерінде өзін-өзі басқару органдарына педагогикалық ықпал етеді және т. б.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  • оқушылардың өзін-өзі басқару органдарына нұсқаулық-әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсетеді;
  • өзін-өзі басқару органдарына нақты қызметті жоспарлауға, ұйымдастыруға және оны қорытындылауға ықпал етеді;
  • мұғалімдерді, сынып жетекшілерін оқушылардың өзін-өзі басқарудың уәкілетті органдарымен жұмыс әдістемесімен қаруландырады;
  • педагогтар мен мектеп активіне өзін-өзі басқару органдарының жаңа жұмыс тәсілдері мен әдістері туралы хабарлайды;
  • педагогтарды, ата-аналарды өзін-өзі басқару органдарының кеңесшілері ретінде тартады;
  • бастапқы оқушылар ұжымында өзін-өзі басқару қағидатын іске асыру бойынша сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің жұмысын талдайды.

Сынып жетекшісі

  • тәрбиеленушілерге өз командаларында ұйымдастырған іс-әрекетте өзін-өзі талдау, өзін-өзі сынау, өзін-өзі мақұлдау, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі дайындауды үйретеді;
  • бір мезгілде сабақ ұжымына сыныптың әр мүшесінің қажеттілігін, аз бөлігінің қажеттілігін ескеруді үйретеді;
  • сынып мүшелерінің әрқайсысының өз ар-ұжданына сәйкес әрекет ете алатын және ортақ келісімге ұмтылатын ортаны қалыптастырады;
  • сынып жиналыстарының рөлін арттырады, активке әдістемелік көмек көрсетеді;
  • ата-аналар активін, қоғамды жұмысқа тартады;
  • сынып ұжымында дәстүрлерді тасымалдаушы, сақтаушы және жалғастырушы болады, активтер құжаттарын әзірлеуге қатысады: жоспарлар, жаднамалар, ережелер;
  • балаларға өз жұмысын талдауды, нақты шешімдер қабылдауды және оларды іске асыруды үйретеді;
  • актив мүшелерімен жеке жұмыс жүргізеді.

Пән мұғалімі қоғамның пікірін ескере отырып

  • жетекшілік ететін оқу кабинеттері мен танымдық бірлестіктерде оқушылардың өзін-өзі басқару органдарын құрады;
  • оқушылардың қоғамдық пікіріне немесе арнайы конкурстарға сүйене отырып, оқушылар қатарынан мұғалімнің көмекшісін, пән кеңесшілерін, кабинет лаборанттарын тағайындайды;
  • оқу үлгерімі жақсы оқушылар қатарынан үйірмелердің, танымдық бірлестіктердің немесе клубтардың жетекшілерін ұсынады;
  • оқу кабинеті активіне өзінің ғана емес, барлық сынып ұжымының, үйірменің, клубтың жұмысын ұйымдастыруды үйретеді;
  • оқушылармен бірге өзінің пәні бойынша тәрбие жұмысын жоспарлап, ұйымдастырады және талдайды;
  • балалармен ұйымдастыру тәжірибесімен бөліседі және оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытудағы үздік мектеп дәстүрлерін жалғастырады.

Жоғарыда аталған шарттарды сақтаған жағдайда демократиялық мектеп құрылады, оның мақсаты – мектеп ұжымының барлық мүшелерінің өзара түсіністікке, сенімге, ынтымақтастыққа және бірлесе басқаруға негізделген бірлескен, белсенді және тең қызметі арқылы еркіндікке құштар, ізгілікті, шығармашыл, дербес, жауапты, бастамашыл, сауатты және әлеуметтік белсенді ұлтжанды; өз ұстанымы мен көзқарасын еркін жеткізуге, құқықтары мен міндеттерін сақтауға, өзгенің пікірін түсінуге және қабылдауға, өмірде өзін өзі танытуға ұмтылуға қабілетті азаматты дамыту мен тәрбиелеуге жағдай жасау.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Оқушылардың өзін-өзі басқару құрылымы мен нысандары жергілікті жағдайлары мен оқушылардың тілектерін ескере отырып қалыптастырылады, яғни өзін-өзі басқару арнайы құрылған ұйымдық жағдайларда ұйымдастырылады.

Өзін-өзі басқаруды бассыздық және «билік пирамидалары» мен түрлі билік «органдарын» құру ретінде емес, керісінше білім алушылардың өз істерін басқаруға қатысуы, оқушылардың қызметін өз бетімен талдау, өзін-өзі сынау және өзін іс жүзінде таныту құқығы ретінде қарастыру керек. Өзін-өзі басқару бастаманы дамытуда, шешімдер қабылдауда, оқушылардың өзін іс жүзінде танытуында жүзеге асырылады. Бұл, мысалы, кезекшілік ұйымдастыру, материалдық-техникалық база құру, қайырымдылық, ауланы абаттандыру және т. б.

БҰ-да мұғалімдердің өздігінен дамып келе жатқан емес, басшылық етуге және басқаруға бағытталған үрдісі бақыланады. Әкімшілік ету тәсілі демократиямен де, әділеттілікпен де, адамгершілікпен де мүлдем үйлеспейді.

Мұғалімдердің оқушылардың өзіндік көзқарасын ескерместен, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарына консервативтік, стереотиптік көзқарасы ерекше алаңдаушылық туғызады. Бұл оқушылармен жұмыс істеуде өзіндік әрекет пен бастаманың қағидасы мүлдем еленбейтінін көрсетеді. Балалар мен жасөспірімдердің өзіндік әрекеті білім алушылардың қоғамдық пікіріне жиі тікелей қысым көрсететін мұғалімдерге байланысты.

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – БҰ-ғы оқушылар өмірін демократияландыру нысаны. Оның субъектісі (басқарушы) оқушылар ұжымы, объектісі оқушылар қызметі болып табылады.

Жалғасын  № 6-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты