text
MCFR.KZ Образование

Оқушылардағы бронх демікпесі

  • 12 июня 2018
  • 16
Оқушылардағы бронх демікпесі

Балалардың бронх демікпесі жаңа заманғы педиатрияның өте өзекті проблемаларының бірі болып табылады. Бұл көбіне кіші жастағы балалардан бастау алатын көп таралған созылмалы аллергиялық аурудың түрі.

Сондай-ақ тақырып бойынша оқи аласыздар: 

Әрбір ата-ана өз баласын максималды түрде әр түрлі инфекциялар мен аурулардан қорғап қалғысы келеді, сондықтан әсіресе ата-ана баласына қойылған мұндай диагнозды ауыр қабылдап, ұзақ уақыт бойы онымен келіспейді.

Ата-ананың салған бар күш-жігеріне қарамастан балалар үнемі бронх демікпесімен ауырады. Бүған көптеген факторлар әсер етеді: аллергенмен, үйдегі шаңмен, жануарлармен байланыс жасау және тұқымқуалаушылық та рөл ойнауы мүмкін.

Балалар демікпесінің алғашқы белгілерін анықтаған өте маңызды, себебі одан аурудың болжамы мен баланың болашақ өмірінің сапасы байланысты.

Демікпе түрлері

Бронх демікпесінің түрлері пайда болу деңгейіне, ауру адамның жағдайы мен басқа да факторларға байланысты анықталады.

Аурудың негізгі түрлері:

  • Аллергиялық – ауру әр түрлі аллергендердің негативті әсер етуінен пайда болады.
  • Инфекциялық – демікпе аяқталған инфекциялық аурудан кейін дамиды.
  • Инфекциялық-аллергиялық – микроорганизмдерге аллергия.
  • Аспириндік – стероидты емес қабынуға қарсы дәрі-дәрмектерді,сонымен қатар ацетилсалицил қышқылын қабылдағаннан кейін дамиды.
  • Дене күші (әрекеті) демікпесі – аурудың белгілері жоғары қозғалыс белсенділігі кезінде пайда болады.
  • Кәсіби – жұмыс жасау процесі кезінде улағыш заттардың жағымсыз ықпал етуі нәтижесінде орын алады.
  • Түнгі – аурудың белгілері тек қараңғы уақытта пайда болады.
  • Рефлюкс-ықпалдандырылған – өкпеге немесе өңешке асқазан ішіндегі тамақ түскен кезде қозуды тудырады.

Демікпенің басталуы

Демікпенің басталуы – бұл бронх демікпесінің пайда болу қаупі тыныс алу жолдары органдарындағы шырышты қабықтың немесе қабыну процестерінің тамырқозғалтқыштық бұзылуларының салдарынан атопиялық немесе инфекциялық аллергияның болуымен сипатталады.

Демікпенің басталуы диагностикалау әрі қарайғы ауруға бейім аурулар контингентінде демікпенің басталуын анықтауға мүмкіндік береді. Демікпенің басталуы түсінігімен әдетте аллергия белгілері бар мұрын, бронх және өкпе шырышының жіті және созылмалы қабыну ауруларын біріктіреді.

Демікпенің басталу жағдайын сипаттайтын 4 белгілер тобын бөліп көрсетеді:

  • Жасырын немесе айқын бронх бітелісі, жөтел, демікпе,алыстан естілетін қырыл белгілері бар бронх пен өкпенің (бронхит, пневмония) жіті, қайталамалы немесе созылмалы аурулар.
  • Аллергияның өкпеден тыс пайда болуы (есекжем, Квинке ісігі, бас сақинасы).
  • Қан және қақырық эозинофилиясы.
  • Әр түрлі аллергиялық ауруларды тұқымқуалаушылық бейімділігі.

Демікпенің басталу диагнозы 1-ші топтың және 2–4 топтың бір немесе бірнеше белгілері сәйкес келген кезде қойылады. Олар көп болған сайын бронх демікпесі дамуының ықтималдылығы көп.

Демікпе бастамасының тобына ең алдымен жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпеде аллергиялық аурулары бар балаларды жатқызған жөн. Бұл жыл сайын және маусым сайын (поллиноз) қайталанатын аллергиялық ринит және синусит, сәйесінше аллергиялық бронхиттер.

Мұрындағы және мұрын қуысындағы аллергиялық процестер бронх-өкпелік аппараттарға әсер етіп, желдеткіш көрсеткіштерін төмендетеді. Көптеген жағдайларда атопиялық бронх демікпесіне бронхитпен бірге (ринобронхит) жыл бойы қайталанатын және поллинозды аллергиялық ринит себепші болады.

Оқушылардың өмірін және денсаулығын сақтау іс-шараларының жоспары

Орта білім беру ұйымдарында 10 және одан да көп күнтізбелік күн себепсіз сабақты қалдырған оқушыларды оқумен қамту бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер

Демікпе белгілері

Балалардың бронх демікпесін диагностикалау ересектердің ауруын анықтағанға қарағанда күрделілеу: тыныс алуда бірқалыпты тыныс алу қолайсыздығы болған жағдайда кішкентай бала өзінің не сезініп тұрғандығын айтып бере алмайды.

Балаларда ересектердің демікпесіне қарағанда саңылауы тарлау және бұлшық ет аппараты аса қатты дамымаған. Осының салдарынан демікпенің белгілері көптеген балаларда тыныс біту емес, бронхтың шырышты қабығының ісуі және қою қақырықтың мол шығуымен көрініс табады. Ата-аналар ғана емес, дәрігерлердің өздері де бұл белгілерді ЖРВИ немесе бронхит деп ойлайды. Алайда ауру жас кезінен басталуы мүмкін, оны бірден диагностикаламайды.

Ауру біртіндеп ауыр емделетін атопиялық дерматиттен басталуы мүмкін. Бронх демікпесі үш жасқа дейінгі балаларда дамиды, әсіресе ұл балаларда.

Келесі білінулер балада бронх демікпесінің дамып келе жатырғандығын болжамдап, ата-аналарды алаңдатуы керек:

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 6-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль