text
MCFR.KZ Образование

Қазақ даласының сиқырлы дыбыстары

  • 6 июня 2018
  • 10
Қазақ даласының  сиқырлы дыбыстары
Қазақ даласының сиқырлы дыбыстары

Музыка – баланың рухани даму көзі, балалар тәрбиесінің жарқын әрі күшті құралдарының бірі. Қазіргі кезде балаларды адамгершілікті тәрбиелеу, олардың рухани әлемін байыту мәселесі аса өзекті.

Мектеп жасына дейінгі балаларды халық әндері, ойындары, билері, аспаптық күйлер, қазақ халық және авторлық музыкалық шығармалары және т. б. арқылы Қазақстанның музыка мәдениетімен таныстыру баланың рухани бейнесін, оның адамгершілікті-отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұлы неміс композиторы Роберт Шуман былай деген: «Сөз біткен жерде музыка басталады». Өнердің қоршаған ортаны қабылдауға, балалардың ғажайыпты сезінуін дамытуға, олардың белгілі көңіл күйін қалыптастыруға, туған қалаға және осында тұратын тұрғындарға деген құрметін тәрбиелеуге септігін тигізгені өте маңызды. Балаға туған қаласының тарихымен, дәстүрлерімен, көрікті жерлерімен, ескерткіштермен, атақты адамдарымен танымал екендігін көрсету керек. Музыка сабағында балалар біздің қарағандылық сазгерлердің керемет әнде- рін қуана жаттайды әрі орындайды: Л. Мельникованың, М. Сутюшевтің, М. Әлиевтің, З. Ниетпаеваның, А. Ежковтың, И. Филатованың Қарағанды, Астана, туған жер, халық мерекелері, дәстүрлері және т. б. туралы.

Қазақ музыка фольклорында басты орындардың бірін халық аспаптық музыкасы – күй алады. Қазақ даналығы былай дейді: «Құдай әр қазақтың жүрегіне дүниеге келген сәтінен бастап күйдің бір бөлшегін салған». Домбыра – халық даналығы, ол ең нәзік сезімдерді қозғап, алаңдаушылықтарды жеткізіп, қайғырған сәтте жұбатуы тиіс. Күй ұрпақтан ұрпаққа жетті, мұнда халық өмірінің тәжірибесі жалпыланып, адамның философиялық көзқарасы көрініс тапқан, адамгершілікті ұстанымдары бекітілген. Домбыра – бұл көшпенді халықтың өзіндік тарихы. Музыка тыңдау репертуарына Құрманғазы («Адай», «Серпер», «Сарыарқа», «Алатау», «Балбырауын»), Тәттімбет («Сарыжайлау», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Қосбасар»), Дина Нұрпейісова («Тойбастар», «Әсем-Қоныр»), Дәулеткерей («Қосалқа», «Бұлбұл», «Жігер», «Жұмабике») және т. б. секілді атақты сазгерлердің аспаптық шығармалары кіреді.

Балаларды қазақ халқының музыка мәдениетімен таныстыру бойынша сабақтар циклі әзірленді әрі өткізілді: «Домбыра нені жырлайды?», «Қазақ даласының сиқырлы дыбыстары», «Алтын күз» (қазақ сазгерлерінің шығармаларындағы күз тақырыбы), «Қазақ музыкасы күні», «Қазақ музыкасының табиғаты», «Қасиетті қобыз», «Көктемгі жайлауда», «Батырлар», «Қазақ ертегісіндегі музыка» және т. б.

Балалар халық музыкасы арқылы қазақ халқының дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен және тұрмыс-тіршілігімен, халық музыка шығармашылығының үлгілерімен танысады. Қазақ халық шығармалары әуезді, бейнелі, мәнерлі, сондықтан балалар оларды қызыға тыңдайды әрі орындайды: «Бесік жыры», «Еркем-ай», «Илигай», «Әй-әй, бөпем», «Гүлдерайым», «Қамажай», «Қыздар-ай», «Қарлығаш», «Кара жорға», «Қызыл құмда ауылым», «Жайдарман», «Наурыз тойы», «Келіншек» және т. б.

Отанын мақтан тұту, құрметтеу, сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге қазақтың классик сазгерлерінің әндері ықпал етеді: Шәмші Қалдаяковтың ҚР «Әнұраны», Сұлтан Қалиевтың «Елтаңбасы елімнің», «Қазақстан жалауы» (ҚР рәміздерімен танысуға аса мән беріледі), С. Мұхамеджановтың «Қазақстан», Ө. Бай- ділдаевтың «Менің Отаным», К. Дүйсекеевтің «Туған жер», Л. Хамиди, И. Нүсіпбаевтың, Р. Байқоңыровтың, Ж. Қалжановтың, Б. Ғизатовтың, М. Әубәкіровтың, Д. Ботбаевтың, К. Қуатбаевтың және т. б. шығармалары.

Қазақ билері халық шығармашылығының жарқын үлгілерінің бірі болып саналады. Олар жекелей, сондай-ақ топпен орындалуымен ерекшеленеді. Қазақ билері нәзіктік, шынайылық, жалын, табиғатқа деген сүйіспеншілік, достық, жолдастық сезімі, ұжымшылдық, табандылық, ерік пен батылдық секілді қасиеттерін дамытады, сондай-ақ балалардың сымбатты мүсінін, жүрісін, денесін басқару машығын қалыптастыруға ықпал етеді. Халық билерін үйренгенде балалар көркемдік мұраның кейбір элементтерімен, ойын қи- мылдары мен костюмдерімен жақын танысады.

Музыкалық аспаптармен танысуды ормандағы, саябақтағы қызықты серуенге айналдыруға, яғни табиғат құбылыстарымен байланыстыруға болады (қоңырау – жауын, дабыл – нөсер, найзағай, сыбызғы – бұлақтың сыбдыры, қобыз – боран, ұлпа қарлар айналады.) Балалар музыкалық оркестрінің құрамына кіретін аспаптарға қосымша қазақ халық аспаптарын енгізуге болады: асатаяқ, дабыл, тұяқ, қоңырау және т. б. Осы аспаптардың балалар үшін қолжетімді әрі қызықты, балалар оркестрінің репертуарына мінезі жарқын әрі ырғағы айқын халық әндері кіреді: «Еркем-ай», «Сәулем-ай», «Илигай», «Бозторғай», «Қуаныш» және т. б.

Отансүйгіштік тәрбиеде мерекелердің алатын орны ерекше. Мерекеде балалар әндерді қызыға шырқап, өлең оқиды, билейді, қазақ халық ойындарын ойнайды: «Бәйге», «Қазақша күрес», «Ақ сандық, көк сандық», «Қыз қуу», «Көңілді домбырашы», «Асықты қуып жет», «Тиын жина», «Тақия тастамақ», «Бойжеткендер, жігіттер мен домбырашылар» және т. б. Отансүйгіштік сезімін тәрбиелеуде халық ауыз шығармашылығымен танысу маңызды орын алады: халық ертегілерін сахналау, олар сәйкес музыкалық безендірумен сүйемелденеді, мақал-мәтел, жаңылтпаш жаттау, қазақ халқының салт-дәстүрімен және әдет-ғұрыптарымен танысу: «Бесікке салу» (баланы алғаш бесікке бөлеу), «Бесік жыры» («Әлди-әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат, бөпем» бесік жыры), «Тұсаукесер» (бала алғаш қадам жасағанда тұсау кесу), «Тілашар» (бала алғаш мектепке барғанда мереке ұйымдастырған, бала қариялардың батасын алған), «Айтыс» (ақындар мен шешендердің ауызша суырыпсалмалықта сайысуы), «Шашу» (шашу – үлкен оқиға, мереке, үйлену тойы, құдалық кезінде салтанатты кеш себепкерлеріне кәмпит, тиын шашу).

+

Мектеп жасына дейінгі балалардың отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеуде Наурыз мерекесінің дәстүрлерімен танысу ерекше орын алады, ол мазмұны мен музыкалық безендірілуі бойынша алуан түрлі.

Жалғасын  № 6-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль