text
MCFR.KZ Образование

Тұлғааралық еңбек жанжалдарының алдын алу

  • 5 июня 2018
  • 22
Тұлғааралық еңбек жанжалдарының алдын алу
Тұлғааралық еңбек жанжалдарының алдын алу

Тіпті елеусіз жанжалдың өзі мектептегі ахуалға әсер етеді және сауатты ретке келтіруді талап етеді. Мектептегі жанжалдардың уақытылы алдын алып, шешу керек. Қатысушылар арасындағы келіспеушіліктердің қаншалықты тез және дұрыс шешілуінен баланың саулығы,оның дүниені сезіне білу қабілетінің қалыптасуы байланысты.

Сондай-ақ журналдан оқыныздар:

Пікірталастарды іс жүзінде қолдану

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру

«МЕН+СЕН» ТРЕНИНГІ

Жанжалға қандай жағдайда да басшының қатысы болады (қатысушы, делдал, сарапшы және т. б. ретінде).

Тұлғааралық жанжал барлық ұжымның және жеке ұжымның психологиялық атмосферасын көрсетіп, көбіне залалды нәтижелерге әкеліп соқтырады. Осылайша, мысалы, кейбір адамдар жанжал жағдайларына шыдай алмайды – жанжал олардың рухын түсіріп, бар күш-жігерін алады. Сонымен қатар, тұлғааралық жанжалдар дисфункционалдық зардаптарға да әкеледі.

Қазіргі таңда қоғамдық сана жанжалдың шығу көздері, оны шешу және алдын алу жолдары туралы білімді алу жағына қарай өзгеріп келе жатқанда ұйымдастырылған жанжалдарды басқару барынша орынды, аса маңызды болып көрінеді.

Ұжымның психологиялық атмосферасын диагностикалау мақсатында әр түрлі тренингтер өткізіледі. Әлеуметтік-психологиялық тренинг (ағылшын тілінен аударғанда training – тәрбиелеу, оқыту, дайындау) әлеуметтік психологияға тән түзету құралдарының бірі болып табылады. Ол білік пен дағдыны қалыптастыру, жетілдіру, еңбек және басқа да қызмет тиімділігін арттыру мақсатында әр түрлі жаттығулар бағдарламасын жоспарлы түрде іске асыруды көрсетеді.

Кез-келген тренингке міндетті түрде рөлдік ойын мен топтық пікірталас кіреді. Әлеуметтік-психологиялық тренингке әр түрлі коммуникативтік іскерлік тосқауылдары кіреді (мысалы: бастапқы қарым-қатынаста (байланысқа түскен кезде) немесе байланысты үзу үшін қажет іскерлік, психологиялық уәждеу, белсенді тыңдау, қарым-қатынас жасап отырған серіктесінің жасырын мақсатын анықтау және т. б білік, дағдылары).

Тренингтік топтардың құрамы, онда болып жатқан процестердің ерекшелігі, жұмыс мақсаты мен әдістемесі бастапқы теориялық ұстанымға, жеке теориялық санаттарды бөлудің қағидалары мен критерийлеріне байланысты. Әлеуметтік-психологиялық тренинг тобында күнделікті қарым-қатынас жасаумен үлкен қарқынды ашық кері байланысты іске асыруға мүмкіндік беретін сенімділік климатын орнатуға ерекше көңіл бөлінеді (тренингтік жаттығулардың мысалдары бұдан әрі келтірілген).

Еңбек ұжымында тұлғааралық қарым-қатынасты психологиялық түзетуге бағытталған әлеуметтік-психологиялық тренинг тұлғааралық қарым-қатынастар негізінде көрініс тапқан уәждерді дамытуға негізделеді (қорқыныш пен үрейді ұғыну, эмпатия сезімін дамыту, басқа адам мен өзіңнің құндылығың, коммуникативтік дағдылар).

Аталған тренинг қатысушылардың жеке айқындауларымен терең жұмыс жасауға бағытталғандықтан, ол мықты күшті сезінетін жаттығулардан және кері байланыс қолданылатын жаттығулардан тұруы тиіс. Сабақтардың барысында тұлғаралық қарым-қатынасты ынталандыруды дамытудың келесі негізгі аспектілері пысықталады:

  • айналадағы адамдарға сенімділікті дамыту;
  • тұлғааралық қарым-қатынастар уәждемелерінің әр түрін ұғыну;
  • басқа адам мен өзіңнің құндылығың туралы түсініктерді дамыту;
  • жеке проблемаларды шешу әдістерін меңгеру;
  • тұлғааралық қарым-қатынас уәждерін позитивті дамыту.

Топтық сабақтар барысында талданатын проблемалар тұлғааралық,соның ішінде іскерлік қарым-қатынастар жағдайлары үшін әдеттегідей болып табылады. Алайда, жалпы проблемалар негізінде бір-бірін өзара түсіну және қабылдау сезімдерінің пайда болуымен қатар қатысушылар жеке қиыншылықтарын жеңу үшін өзіндік ресурстарын тапқандары маңызды.

Қандай да бір проблемаға бағытталған жаттығулар пайдаланылатын сабақтарда барлығы бірдей өз өмірлерінен жағымды мысал келтіре алмайды, тек бұл проблема елеусіз деңгейде немесе тіптен маңызды емес деңгейде өзекті болып табылатын адамдар ғана жауап беруі мүмкін. Егер олай болатын болса, қатысушыларға мұндай мысалдарды таңдап алуға тапсырма беріп, келесі сабақта одан оны қайтадан сұраудың маңызы бар.

Сабақтарды өткізе отырып, әрбір қатысушы сұрақтың астына алынбай немесе қолдау таба алмай қалам деген қорқынышсыз өзінің сезімдерімен және жеке тәжірибесімен бөлісу үшін ашықтық және тосындылық атмосферасын жасауға тырысу керек.

Кейбір проблемалар қатысушылар бір ұжымның мүшелері болғандықтан туындауы мүмкін. Бір-бірімен бұрын қарым-қатынас жасаған тәжірибеге байланысты жағымсыз эмоциялар орын алуы ықтимал. Соңғы жағдайда қатысушылардың реакциясын «қазір және енді» сияқты бағыттарға ауыс тыру керек (мысалы: «Дәл қазіргі сәтте мен туралы қандай сезімдесің»). Осы ережелерді сақтаса, топ қатысушыларына өзіне және басқа адамдарға басқаша көзқараспен қарауға, өзге адамның бағалылығын тереңірек түсінуге көмектеседі.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


«Кеден» ойын-тренингі

Ойын өзге адамның мінез-құлқында вербалды емес көріністерді талдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Жүргізуші. Өзге адамның мінез-құлқын бақылап, мұқият талдауды, оның жан дүниесін түсініп қарауға талпыныс жасап көруді ұсынамын. Біздің топ – ұшақ рейсіне келе жатқан жолаушылар. Олардың біреуі контрабандашы. Ол елден ерекше зергерлік бұйымды алып кеткісі келеді (контрабандалық зат ретінде кішкентай зат: кілт, тиын және т. б. пайдаланылады).

  • Кім кеденші болғысы келеді?

Осы рөлді алған адам ортаға шығады. Топ қатысушыларының бірі (қалауы бойынша) өзінде кілтті жасырады (немесе «контрабанданың» басқа затын), одан кейін «кеденшіні» шығарады. Оның қасынан бір бірден «жолаушылар» өтеді, ол олардың ішінен «контрабанданы кім тасымалдайтындығын» анықтауға тырысады. Міндетті жеңілдету үшін оған 2 және 3 мүмкіндік беріледі. «Кеденшінің» рөлін 2-3 қатысушы атқарғанннан кейін жүргізуші «контрабандашыны» анықтай отырып, нені негізге алғандықтарын айтып беруді сұрайды. Жүргізушінің өзі «контрабандашының» және «кеденшінің» рөлдерін орындағаны жөн.

«Әңгіме жүргізе білу» жаттығуы

Жүргізуші әңгіме жүргізе алмау қабілетінің артында өзге адамға деген қызығушылықтың болмауы,озық болу қасиетінің жетіспеушілігі, адамдармен тығыз қарым-қатынаста болу қорқынышы жасырын көрініс табуы мүмкін. Бұл қасиеттерді жеңе білу әңгімені жүргізу және қолдау дағдыларын дамытудан басталады.

Топ жұпқа бөлінеді. Тақырыптар өз еркімен таңдалады, бірақ кейбір мысалдарды жүргізуші ұсынады:

  • Ұжымда сізді не мазалайды?
  • Әріптестремен қарым-қатынаста қандай қиындық бар?
  • Топтық сабақтарға қатыса отырып, өзіңізде нені дамытқыңыз келеді?

Бірінші кезеңде «ашық» сұрақтарды ғана қоюға рұқсат етіледі. Жауаптарды нақты, толық берген жөн. Диалогтың үшінші-бесінші минутынан кейін серіктес тер рөлдермен алмасады.

Жаттығудың екінші кезеңінде қатысушылар өз тәжірибелерін айтып, жеке ақпарат береді.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 6-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты