text
MCFR.KZ Образование

Карантин кезінде балабақша жұмысын қалай ұйымдастырамыз

  • 30 мая 2018
  • 213
Карантин кезінде балабақша жұмысын қалай ұйымдастырамыз

Мектеп жасына дейінгі балалардағы инфекциялық аурулардың жоғары деңгейі олардың иммундық жүйесінің жетілмеуіне және қоршаған ортадағы вирустардың – инфекцияны қоздырғыштардың көптігіне байланысты.

Сондай-ақ осы тақырып бойынша оқи аласыздар:

МДҰ және сәбилер үйлерінде өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптар

Балабақша қызметкерлеріне профилактикалық екпелер жүргізу

Мектеп жасына дейінгі балалар көбіне ауа-тамшылату жолымен жұғатын (жөтелде, түшкіргенде) ауру жұқтырады, ал тікелей байланыста жұғатын ауруларды (ортақ ойыншықтар, қол орамалдар, асүй заттары және т. б.) сиреу жұқтырады.

Карантин (итал. quarantena, quaranta giorni сөзінен – қырық күн) – эпидемиялық ошақтан инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу және ошағын жою үшін жүргізілетін іс-шаралар жүйесі.

Осы аурулардың эпидемиялық процесі маусымдық өзгерістермен, аурудың таралуы мен туындайтын қарқыны әртүрлі эпидемиялармен ерекшеленеді, ол балалардың шамамен 20 % қамтиды.

Егер балабақшада инфекциялық ауру анықталса (тұмау), онда ауырған бала келетін топқа карантин жарияланады.

Карантин мерзімдері аурудың инкубуциялық кезеңінің барынша ұзақтығы туралы мәліметтердің негізінде белгіленеді. Демек, тұмау мен скарлатинде карантин 7 күнге, желшешекте, қызамық пен паротитте 21 күнге, менингоккок инфекциясында 10 күнге, ал вирустық менингитте 20 күнге созылады.

Балабақшада карантинді сақтауға жауаптылық меңгерушіге жүктеледі.

Карантин кезінде әзірленетін және қолданылатын құжаттама

МДҰ-да санитариялық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз ету, инфекциялық аурудың туындауы мен таралуының алдын алу мақсатында ауру тіркелген күні меңгеруші «Балабақшада инфекциялық аурудың (тұмаудың) таралуына жол бермеу шаралары туралы» бұйрық шығарады (1-қосымша).

Медбике бұйрық шығарумен бірге мыналарды әзірлейді

  • ылғалды тазалау кестесін;
  • үй-жайды желдету кестесін;
  • карантиндегі нұсқау беру журналын;
  • тұмаумен ауру көбейген кезеңде эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарын;
  • инфекциялық аурудың (тұмаудың) алдын алу бойынша жаднамамы (бұдан әрі – Жаднама);
  • байланысқан балаларды медициналық бақылау парағын;
  • байланысқан балаларды тексеру журналын;
  • профилактикалық іс-шаралар жургізу;
  • байланысқан балаларды тапсыру журналын.

Барлық құжаттарды МДҰ меңгерушісі бекітеді.

Сонымен бірге медбике карантин кезінде мына құжаттаманы жүргізуге міндетті:

  • бактерицидтік қондырғыны тіркеу журналы;
  • инфекциялық ауруды тіркеу журналы.

Медбике инфекциялық аурудың алдын алу бойынша жаднаманы ақпараттық стендке іледі. Осы құжатқа сәйкес топ тәрбиешілері тәрбиеленушілердің ата-аналарымен бірге консультациялар, жиналыстар мен әңгімелесулер өткізеді.

Жоспардан тыс әкімшілік кеңес өткізу

МДҰ меңгерушісі бұйрық шығарғаннан кейін жоспардан тыс әкімшілік кеңесті (бұдан әрі – Кеңес) ұйымдастырады, мұнда меңгерушінің ШЖ жөніндегі орынбасары, әдіскер, медициналық персонал, сондай-ақ карантиндік топ тәрбиешілері мен тәрбиешінің көмекшілері қатысады.

Кеңес отырысында меңгеруші бұйрықты қызметкерлердің назарына жеткізеді, ал медбике профилактикалық іс-шараларды сақтау туралы нұсқаулық жүргізеді және мыналарды хабарлайды

  • карантин жариялау мерзімдерін;
  • топта дезинфекциялық режим өткізу, карантин орнатылған топты желдетулер кестелерін;
  • су ішу режимінің ерекшеліктерін;
  • қорытынды дезинфекция жүргізу мерзімдерін;
  • науқас тәрбиеленушілермен байланысқа түспеген балаларды алшақтату ерекшеліктерін.

Нұсқаулық жүргізген соң барлық қатысқан қызметкерлер карантин жағдайынжа журналға қол қояды.

Бұйрыққа сәйкес эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау ды меңгерушінің ШЖ жөніндегі орынбасары мен медбике жүзеге асырады.

Меңгерушінің ШЖ жөніндегі орынбасары мен аға медбике дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылау мақсатында күнделікті тексерулер өткізуге ерекше көңіл бөлуі тиіс.

Бақылау нәтижелері әкімшілік кеңестерде хабарланады.

МДҰ медпунктіне жүгінген балалардың денсаулық жағдайына мониторинг

Карантин кезеңінде басшы МДҰ-ның медициналық пунктіне инфекциялық ауру белгілерімен жүгінген балалардың денсаулық жағдайына мониторинг ұйымдастырады.

Мониторинг мына толтырылған құжаттардың деректері бойынша жүзеге асырылады: инфекциялық ауруды есепке алу журналының; байланысқан балаларды бақылау парағының; байланысқан балаларды тексеру журналының, мұнда бірінші және қорытынды тексеру нәтижелері жазылады; байланысқан балаларды тапсыру журналының, мұнда медициналық персонал алда шаралар қолдану үшін ақпаратты емдеу ұйымына беру мақсатында әрбір сырқаттану жағдайын тіркейді.

Тұмаумен ауру өршіген кезде эпидемияға ұқарсы іс-шаралар жоспары

1. Профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру:

  • үй-жайдың санитариялық күйін қатаң сақтау;
  • жуу құралдарын қолдану арқылы үй-жайға күнделікті ылғалды тазалау жүргізу;
  • толық тазалау жұмыстарын уақытылы жүргізу;
  • болатын ортаның жайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін бүкіл үй-жайды міндетті желдету;
  • балаларды күніне кем дегенде 2 рет серуендеуге шығару;
  • балалардың таза ауада болу уақытын қысқартуға жол бермеу;
  • серуендеу кезінде балалардың жоғары белсенділігін қамтамасыз ету.

Инфекциялық аурудың алдын алу бойынша

ата-аналарға арналған жаднама

1. Тұмау белгілері: дене қызуы (жоғары температура), жөтел, тамақ ауруы, суық тию, дененің сырқаруы, бас ауруы, қалтырау және шаршаңқылық байқалатын адамдармен жақын байланысқа түспеңіз.

2. Қолыңызды үнемі жылы ағын сумен сабындап жуыңыз. Арнайы гельдер немесе спирттік негіздегі ылғалды салфеткаларды қолданыңыз.

3. Жабық үй-жайда жаппай іс-шараға барудан аулақ болыңыз.

4. Түшкіру және жөтелу кезінде мұрныңыз бен аузыңызды қол орамалымен жабыңыз.

5. Егер кеш болмаса, екпе салдырыңыз (қорғаныс пайда болғанын ескере отырып 2 аптадан кейін).

6. Егер сіздің дене қызуыңыз көтерілсе, сондай-ақ мұрынның бітелуі, суық тию, тамақ ауруы, сулы диарея (іш өту), қан араласқан қақырық пайда болса

  • үйде қалыңыз және адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз;
  • күндізгі уақытта өзіңіздің аймақтық емханадан дәрігерді үйіңізге шақырыңыз, кешкі және түнгі уақытта жедел жәрдем шақырыңыз;
  • отбасыңыз бен достарыңызға сырқатыңыз туралы хабарлаңыз;
  • төсектен тұрмаңыз және күніне кем дегенде 3 литр сұйықтық ішіңіз;
  • дәке немесе бір реттік бетперде киіп жүріңіз, оны әрбір 2 сағат сайын ауыстырыңыз.

7. Профилактика мақсатында

  • таза ауада көп серуендеңіз;
  • көпшілік іс-шаралардан алшақ болыңыз;
  • дұрыс тамақтаныңыз, дәрумендерді, әсіресе С дәрумендерін (жемістер, көгөністер, шырын) жеткілікті деңгейде тұтыныңыз;
  • тамаққа сарымсақ пен пиязды қолданыңыз.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль