text
MCFR.KZ Образование

Дарынды балаларды диагностикалау әдістері

  • 23 мая 2018
  • 35
Дарынды балалар
Дарынды балалар

Дарындылық туа біткен болуы мүмкін және баланың жеке басына педагогикалық әсер ету арқылы қалыптастырылуы мүмкін. Тиімді әсер ету үшін мұғалім дарынды балалармен жұмыс істеудегі өз іс-әрекетін дұрыс жобалауы керек. Бастапқы кезең – мұндай балаларды анықтау кезеңі.

«Білім беру ұйымының анықтамалығы» журналының электрондық нұсқасынан оқыңыздар:

Дарынды балаларды диагностикалау әдістеріСондай-ақ журналдан оқыңыздар:

«Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» электрондық журналында әндердің минусовкаларын жариялауды бастадық

≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈

Дарындылық – кез келген қабілетті дамытудың жоғары деңгейі.

Дарындылық – кез келген іс-әрекетті орындау, бұл әрекетті жылдам атқару және оған шығармашылық элементтерді енгізу мүмкіндігі. Дарындылық музыка, кескіндеме, математика, техникалық өнер, әдебиет, мүсіндеу және т. б. сияқты әртүрлі іс-шараларда өзін таныта алады.

Дарынды балалар бір немесе бірнеше салада жоғары нәтиже көрсетеді: зияткерлік, әлеуметтік, эмоциялық, шығармашылық ойлау және т. б.

Дарындылықты дамыту үшін әртүрлі балалар топтары мен ұжымдарында, қоғамдық ұйымдарда, отбасыларда, негізгі және қосымша білім беру жүйесінде таланттарды қолдау үшін белгілі жағдайлар жасау қажет.

Дарынды балалармен жұмыстың негізін педагогика мен психологияның келесі әдіснамалық тәсілдері құрайды.

  • Жүйелік тәсілдеме аясында дарынды балалармен жұмыс білім беру мақсаттарының, педагогикалық үдеріс субъектілерінің, білім мазмұнын, педагогикалық үдерістің әдістері мен нысандарын және материалдық базасының жиынтығында қарастырылады.
  • Тұлғалық тәсілдеме білім беру мен оқыту үдерісінде тұлғаның өзін өзі дамыту қабілеттіліктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту үдерісіне сүйенуді ұсынады, бұл үшін тиісті жағдайларды жасау керек.
  • Қызметтік тәсілдемеде балаларға мақсатты таңдауды және жоспарлауды, оны ұйымдастыруды және реттеуді, бақылауды, қызмет нәтижелерін талдауды және бағалауды үйрету керек.
  • Диалогтық тәсілдеме жеке тұлғаны оған тән қарым-қатынастар жүйесі ретінде, әлеуметтік топтың өзара қарым-қатынасы мен әрекеттестігін тасымалдаушы ретінде қарастырады және дарынды балалармен қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі.
  • Мәдениеттанушылық тәсілдеме аясында дарынды бала ол игерген мәдениеттің негізінде дамып, оған жаңалық енгізеді, яғни мәдениеттің жаңа элементтерін жасайды. Мәдениетті меңгеру баланың дамуы және оның шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуы ретінде қарастырылады.

Осы әдістемелік тәсілдерді енгізу дарынды балалармен жұмыс істеудегі проблемаларды шешудің негізгі жолдарын табуға, қызметті жоспарлауға және болжауға мүмкіндік береді.

Осылайша, білім беру жүйесі, педагогикалық ғылым білімнің философиялық негіздерін, оның дамуының стратегиялық бағыттарын, жалпы мақсаттарын, оларды жетілдірудің әдістері мен оған жету құралдарын қамтиды.

Бүгінгі таңда дарындылықты зерттеудің кем дегенде төрт тәсілі бар.

Танымдық бағыттағы зерттеулер тек зияткерлік тестілеуге сүйене отырып, зияткерлік дамудың күрделі құрылымы мен жас ерекшелігі динамикасын, зердені қарастырудың шектілігін көрсетеді.

Тұлғалық тәсілдеменің өкілдері жеке тұлғаның ерекшеліктерін күрделі шығармашылық қызметте қабілеттерін және жоғары зияткерлік-шығармашылық қабілеттерін дамытудың негізгі шарты ретінде талдайды.

Білім беру тәсілі дарынды балалардың қабілеттерін және тұлғасын дамытуда мектепке және мектептен тыс білімге баса назар аударады.

Дарынды балаларды диагностикалау әдістеріДарынды балаларды анықтау тек интеллектуалды деңгейі жоғары жалпы көпшіліктен бөліну ғана емес, сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісінде зияткерлік және жеке өсуге қабілетті балаларды анықтау үшін олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Дарындылықты айқындау әдістерін бірқатар бағыттар бойынша бөлуге болады.

Толығырақ «Білім беру ұйымының әдіскері» журналының электрондық нұсқасынан оқи аласыздар.

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль