text
MCFR.KZ Образование

Еңбек дауларының алдын алу

  • 24 мая 2018
  • 175
Еңбек дауларының алдын алу
Еңбек дауларының алдын алу

Еңбек дауларының алдын алу мақсаты – жұмыскерлердің қызметі мен әрекеттестігі үшін горизонталь және вертикаль бойынша қарама-қайшылықтардың туындау немесе деструктивтік даму ықтималдылығы азаятын жағдай жасау.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Басшының мектепті басқару мәдениетін дамыту моделі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 42 қаулысы


Жанжалдың алдын алу қызметін қарым-қатынас мүшелерінің өзі, ұйым басшылары, психологтар жүзеге асыра алады. Мұндай қызмет мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • жанжалдар санын азайту және оларды жанжалды емес тәсілдермен шешу үшін объективтік жағдай жасау;
  • ұйым қызметінің ұйымдық-басқарушылық шарттарын оңтайландыру;
  • жанжалдың әлеуметтік-психологиялық себептерін айқындау және жою;
  • жанжалдың тұлғалық себептерін бұғаттау.

Жалпыдан нақтыға көшкенде ұйымда жұмыскерлерге жайлы жағдай жасау, материалдық игіліктерді ашық әрі әділ бөлу, жанжалалды жағдайларды шешудің нормативтік рәсімдерін әзірлеу қажеттілігі және т. б. жөнінде сөз болады.

Аталған объективтік-субъективтік шарттар ұйымдық-басқарушылық факторлармен толықтырылуы мүмкін, оның ішінде функционалды-ұйымдастырушылық, тұлғалық-функционалдық, жағдаяттық-басқарушылық факторлар бар.

Функционалды-ұйымдастырушылық факторлар ұйымның құрылымдық элементтері мен жұмыскерлер арасындағы функционалды арақатынасты оңтайландыруға байланысты. Бұл жұмыскерлердің арасындағы жанжалдардың алдын алуға көмектеседі, себебі функционалдық қарама-қайшылықтар, қағида бойынша, тұлғааралық келіспеушіліктер тудырады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Жанжалдардың алдын алудың тұлғалық-функционалдық шарттары жұмыскердің осы лауазымға қойылатын жоғары талаптарға сәйкестік деңгейіне байланысты. Кәсіптік, адамгершілікті және өзге қасиеттері бойынша толықтай сай келмейтін жұмыскерді лауазымға тағайындау жанжал тудырудың алғышарттарын қалыптастырады. Қызметкерлерді мұқият әрі ұқыпты іріктеу жанжал туындаудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Жағдаяттық-басқарушылық шарттар оңтайлы басқарушылық шешім қабылдауға және жұмыскерлер қызметінің нәтижелерін ойластырылған бағалауға байланысты. Біліксіз шешімдердің нәтижесінде басшы мен оларды орындайтын әрі оның ойластырылмалғанын түсінетін қызметкерлер арасында жанжал тудыратынын естен шығармау керек. Қызмет нәтижелерін негізсіз жағымсыз бағалау бағалаушы мен бағаланатындар арасында жанжалалды жағдайдың туындауына ықпал етеді.

Еңбек дауларының алдын алу практикасында оңтайлы басқарушылық шешімдер секілді шартқа баса назар аударылады. Ұжымды басқарудың аса маңызды сипаттамасы басшылық қабылдайтын шешімдердің негізділігі болып табылады. Негізсіз шешімдер мен басшының нақты шешімді орындайтын бағыныштыларының мүдделерін ескермеуі көп жағдайда еңбек дауларына әкеледі. Егер шешім қабылдауда мына мәселелер шешімін тапса, ол барынша негізді әрі жанжалға бейілсіз болады:

  • басқару объектісінің жай-күйі барынша терең, жан-жақты әрі объективті түрде бағаланады;
  • оның динамикасының тенденциялары айқындалады, ағымдағы жай-күйінің себептері ашылады, өзгерістерге вариативтік болжам жасалады;
  • шешімдерді орындауға қажетті ресурстар анықталады.

Жалғасын  № 5-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты