text
MCFR.KZ Образование

Жазғы демалыс және балаларды сауықтыру

  • 21 мая 2018
  • 192
Жазғы демалыс және балаларды сауықтыру

Соңғы уақытта мектеп жасындағы балалардың денсаулық жағдайының нашарлауы ерекше алаңдаушылық туғызуда

Сондай-ақ журналдан оқыныздар:

Бәрі де бала денсаулығының паспорты

Мұғалім оқушыға алғашқы көмекті қалай көрсетеді

Қазіргі балалар бойы, көкірек қуысының айналасы, динамометриясы жағынан 10-15 жыл бұрынғы құрдастарына қарағанда нашар көрсеткіштерге ие.

Жүрек-қан тамырлары және сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары артып келеді, олар көп жағдайда қозғалыс белсенділігінің аздығынан, дәрумендердің, минералдардың, нутриенттердің жетіспеушілігінен болады.

Баланың денсаулығы көп факторларға:

  • қоршаған ортаға;
  • үйлестірілген тағамға;
  • өмір сүру салтына;
  • тұқым қуалаушылыққа;
  • инфекциялық жағдайға;
  • медициналық қызмет көрсетуге байланысты.

Сондай-ақ денсаулықтың нашарлауының ықтимал себептерінің 25 %-ы «мектеп факторы» деп аталатын факторға байланысты. Әр сыныпқа көшкен сайын оқушыларға түсетін күш артып келеді, нәтижесінде бірінші сыныптан бастап он бірінші сыныпқа қарай жүрек пен қан тамырлары, асқазан-ішек жолдары, көру мен есту ауруларына шалдыққан балалар саны екі есе артады. Эндокриндік аурулар, семіздік 8 есе өседі.

Тыныс алу органдарының аурулары бұрынғыша жоғары болып қалуда. Үнемі өсіп отыратын экологиялық жағдайдың жағымсыз әсері, сондай-ақ психоэмоционалдық жағдай, күйзеліс, оқу жүктемелері баланың бейімделу механизмдерінің сарқылуына, тіпті тоқтап қалуына әкеледі. Бұл жағдайда балаларды сауықтырудың кез келген түрін дамыту өте маңызды. Сауықтыру қызметі – балалардың денсаулығын қорғау мен нығайтуға, олардың бейімделу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған іс-шара. Ол:

  • аурудың алдын алуды;
  • ағымдағы медициналық қызмет көрсету мен санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауды;
  • сауықтыру шараларының оңтайлы режимін қамтамасыз ететін тиімді күн тәртібін;
  • физикалық күштің, еңбек пен демалыстың арақатынасын;
  • үйлестірілген тағамды;
  • шынықтыру процедураларын;
  • экологиялық жағымды ортада дене шынықтырумен, спортпен және туризммен айналысуды;
  • саламатты өмір салты дағдылары ұғымын қалыптастыру мен бекітуді қамтиды.

Өкінішке қарай, сауықтыру шаралары аурудың белгілері мен көріністерін толығымен жоя алмайды. Алайда олар ағзаның қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне орнықтылығын арттыруға ықпал етеді, бейімделу мүмкіндіктерін кеңейтеді, сәйкесінше, баланың негізгі ауруының өту барысы мен оны оңалту процесіне оң әсерін тигізеді.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Сауықтыру жұмысы түрлі қызметтердің күшін біріктіреді:

  • медициналық;
  • білім беру;
  • әлеуметтік;
  • психологиялық.

Сауықтыру шарасын өткізуде жаз мезгілі айрықша орын алады. Бұл – жыл бойы балаларды сауықтырудың негізгі кезеңі. Жазғы мектеп каникулдары сауықтыру шаралары жүйесінің неғұрлым көп балаларды қамтуына мүмкіндік береді.

Жазғы сауықтыру лагерьлері

Сауықтыру лагерьлері – балалар демалысының дәстүрлі түрі. Балалардың сауықтыру лагерьлерінің көпшілігі жазғы каникул кезінде жұмыс істейді.

Жалпы және санаториялық типтегі лагерь болып бөлінеді, бүгінгі таңда оқушылардың денсаулығын нығайтудың ең қолжетімді және тиімді тәсілі болып табылады. Ағзаның жағымсыз факторларға қарсы тұруын жаз мезгілінде ғана емес, өскелең ұрпақтың келесі барлық өмір кезеңдерінде де белсенді түрде арттыруға ықпал етеді.

Сауықтыру лагерьлерінде тиімді және сапалы сауықтырудың түрлі нысандары өткізіледі:

  • балаларды жазғы лагерьге қабылдау алдында мұқият іріктеу және дайындау;
  • ауыз қуысына, жұтқыншақ, өт жолдарына уақытылы санация жасау, сондай-ақ ішек-құрт ауруларын емдеу (санаториялық типтегі лагерьлерде);
  • балалардың денсаулығына әсер ететін әлеуметтік, психологиялық, экологиялық, санитариялық-гигиеналық және басқа да факторлардың есебін жүргізу;
  • балаларды сауықтырудың түрлі әдістері пайдаланылады: шынықтыру, дене шынықтыру, музыка терапиясы, аромотерапия, фитопрофилактика және т. б.;
  • денсаулық жағдайы, жасы, тәрбиенің әлеуметтік жағдайларының заманауи кешендік технологиялары енгізіледі;
  • ағзаның физикалық және психикалық дамуы, функционалдық жай-күйі, балалардың соматикалық денсаулығы бағаланады, бұзушылықтар дер кезінде анықталады.

Балалардың денсаулық топтары

Бұл термин білім беру ұйымына (балабақша немесе мектеп) түскен кезде, жазғы спорт лагеріне немесе сауықтыру санаторийіне анықтама ресімдегенде диспансерлеуден өткен балалардың ата-аналарына таныс.

Бұл – балалардың физикалық-психологиялық жағдайын тексеру деректерінің жиынтығы. Денсаулық және тәуекел факторларымен әрі болашаққа болжаумен даму есебінің шартты шәкілі. Бес денсаулық тобы белгіленді, оларды белгілеу үшін рим цифрлары қолданылады. I-ден V-ке дейінгі цифрлар баланың медициналық картасында көрсетіледі, мектептегі медбике ол бойынша диагнозын нақтыламастан бала денсаулығы туралы ақпарат алады.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты