text
MCFR.KZ Образование

Студенттердің сабақтан тыс қызметін ұйымдастыру

  • 25 мая 2018
  • 30
Студенттердің сабақтан тыс қызметін ұйымдастыру

Колледжде студенттердің сабақтан тыс қызметін сауатты ұйымдастыру олардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Сондай-ақ журналдан оқыныздар:

Колледждегі курстық жұмыс

Студент курстық жұмысты қалай дайындайды

Мақсаты – білім алушының кәсіби түрде қалыптасуы мен тұлғалық дамуы үшін бос уақыт аясында студенттердің шығармашылық қызметіне арналған қолайлы ахуалға сәйкес мақсатты түрде жағдай жасау.

Міндеттері:

  • әр студенттің шығармашылық даралығын, қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
  • жасампаз еңбек дағдыларын қалыптастыру, жасөспірімдерді бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету (қабілеттерін ашуға бағытталған әртүрлі іс-әрекет түрлерімен танысу);
  • әлеуметтік ортаны ізгілендіру, әлеуметтік белсенділік таныту (сабақтан тыс іс-шаралар өткізу, оның негізінде адамдарға деген құрмет, оларға қамқорлық, студенттердің өзін-өзі жетілдіруге қатысты мүмкіндіктерінің мол екеніне сендіру жатады);
  • мәдени тұрғыда өзін-өзі дамытуға деген тілегін қалыптастыру, топтың ұжымдық өміріне қатысу, өзін-өзі таныту мен мінез-құлық пен әрекетке ынталандыруды қамтамасыз ету (сабақтан тыс бос уақыттағы шараларды өздігінен ұйымдастыру және өткізу);
  • патриотизмге тәрбиелеу, студенттердің орнықты рухани-адемгершілік, азаматтық сана-сезімін дамыту (жұмыс отаны мен туған өлкесінің тарихы мен мәдениетін, туған тілін құрметтеуге бағдарланған);
  • саламатты өмір салтына деген қажеттілігін дамыту (жұмыс өз денсаулығын сақтау үшін студенттердің орнықты білімі мен қабілетін қалыптастыруға бағдарланған).

Сабақтан тыс, оқудан тыс қызмет – оқудан айырмашылығы бар нысанда жүзеге асырылатын білім беру қызметі. Жеке білім беру бағдарламасын игерудің жоспарланған нәтижелеріне жетуге бағытталған.

Өзінің мағыналық ерекшеліктеріне қарай сабақ қызметінен айырмашылығы міндетті болып табылмайды, білім алушылардың бос уақытын мақсатты түрде ұйымдастыру нысаны болып табылады.

Колледжде сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру мына қағидаттарға негізделуге тиіс:

  • жеке қызығушылығы мен бейімділігі негізінде еркін таңдау;
  • колледждің тәрбие жүйесінің құндылығына бағдарлану;
  • сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың оң тәжірибесіне сүйену;
  • білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келу.

Колледж студенттерінің сабақтан тыс қызметінің бағыттары

Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру

Тұлғаны дамыту бағыттары

Шешілетін міндеттер

Рухани-адамгершілік

Базалық жалпыадамзаттық құндылықтарға, отбасылық құндылықтарға тарту

Жалпы-зияткерлік

Жасөспірімдердің санасын ғылыми ұғымдармен және заңдармен байыту, дүниетанымын, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ету

Жалпы мәдени

Жастық және ішкі психологиялық бейімділігін ескере отырып, студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту. Эстетикалық талғамын дамыту

Спорттық-сауықтыру

Физикалық күші мен денсаулығын дамытуға бағытталған сауықтыру және танымдық қызметін ұйымдастыру, гигиеналық дағдылар мен саламатты өмір салтын қалыптастыру

Әлеуметтік

Студенттік ұжым қызметі шеңберінде студент тұлғасының оң әлеуетін дамыту

Кәсіби

Кәсіби біліктілігін дамыту

Ғылыми

Студенттердің шығармашылық мүмкіндігін дамыту

Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру

Сабақтан тыс қызметтің білім беру бағдарламаларын колледж педагогтары әзірлейді және директор бекітеді. Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары әзірлеген авторлық бағдарламалар пайдаланылуы мүмкін.

Сабақтан тыс қызметтегі білім беру бағдарламаларының типтері

  • Кешенді бағдарламалар. Сабақтан тыс қызметтің сан алуан түрлеріндегі бірінші деңгейдегі тәрбие нәтижелерінен үшінші деңгейдегі нәтижелерге жүйелі түрде көшуді көздейді.
  • Тақырыптық білім беру бағдарламалары. Белгілі бір проблемалық өрістегі тәрбие нәтижелерін алуға бағытталған және бұл ретте сабақтан тыс қызметтің сан алуан түрлерінің мүмкіндіктері пайдаланылады.
  • Белгілі бір деңгейдегі нәтижелерге жетуге бағдарланған білім беру бағдарламалары.
  • Сабақтан тыс қызметтің нақты түрлері бойынша білім беру бағдарламалары: танымдық, спорттық-сауықтыру, т. б.
  • Білім алушыларға арналған жеке білім беру бағдарламалары.

Сабақтан тыс қызметтің білім беру бағдарламаларының құрылымы

  • Негізгі бет.
  • Түсіндірме жазба.
  • Оқу-тақырыптық жоспарлау (оқу жылдары бойынша).
  • Оқылатын курстың мазмұны.
  • Қосымша білім беру бағдарламасын әдістемелік қамтамасыз ету.
  • Жоспарланған нәтижелер.

Сабақтан тыс қызметтің сабақтарын арнайы дайындықтан өткен колледж оқытушылары, қосымша білім беру ұйымының педагогтары өткізе алады.

Дереккөз: № 5-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль