text
MCFR.KZ Образование

Инклюзивті топтардың студенттерін колледждің білім беру процесіне біріктіру

  • 17 мая 2018
  • 47
Инклюзивті топтардың студенттерін колледждің білім беру процесіне біріктіру
Инклюзивті топтардың студенттерін колледждің білім беру процесіне біріктіру

Колледжде жалпы білім беретін мектептердің студенттерімен бірге ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектептердің, әртүрлі сырқаттары бойынша құлағы нашар еститін балалар мен мүгедектерге арналған интернаттың түлектері де білім алады.

Сондай-ақ журналдан оқыныздар:

Ата-аналардың «кәдімгі» балаларды инклюзивті білім беруге даярлауы

«Түзету курсы» пәні бойынша жұмыстық оқу бағдарламасы

Аталған студенттер оқып қана қоймайды, колледждің қоғамдық өміріне белсене қатысады.

Инклюзивті білім беруді енгізу барлық студенттердің өз ұжымының өміріне белсене қатысуына мүмкіндік береді. Ол денсаулығындағы проблемаларға қарамастан, ұжымдағы тең құқықтылықты көздейді, қарым-қатынас пен әлеуметке бейімделуге қажетті қабілеттерін дамытуға бағытталған. Колледж «саясатына» сәйкес: әр студент қарым-қатынасқа және өзін тыңдата білуге құқылы, құрдастарының қолдауы мен достығына зәру. Колледжде оқи жүріп, студент денсаулығындағы проблемасына байланысты өзін ерекше сезінбейді.

Инклюзивті топтар үшін «Түзету курсы» бағдарламасы әзірленіп, енгізілді.

Мақсаты: психикалық дамуы тежелген оқушылардың толыққанды тұлғасын дамыту үшін психологиялық базис қалыптастыру.

Бағдарлама екі бөлімнен тұрады:

  • «Танымдық процестер».
  • «Қарым-қатынас және адамгершілік-еріктік қасиеттері».

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


«Түзету курсын» оқып-үйрену нәтижесінде студент негізгі танымдық процестер, оның ерекшеліктері, дамыту мен түзетудің түрлері мен тәсілдері; адам өміріндегі қарым-қатынастың рөлі, тиімді коммуникацияның тәсілдері, «қарым-қатынас жасау кедергілері», «жанжалды» шешу тәсілдері, эмоционалдық күштен арылу, қарым-қатынас пен адамгершілік-еріктік қасиеттерін түзету мен дамыту ерекшеліктері туралы ұғымдарды білетін болады. Курс колледжде оқуды меңгеруге ғана көмектесіп қоймайды, студенттердің танымдық процестерін жақсартады.

Оқу семинарларында колледж педагогтарымен жұмыс жүргізіледі. Педагогтар өз кезегінде іс-шараларда, толеранттықты дамыту жөніндегі сынып сағаттарында жыл сайын студенттерге түзету терминологиясының мәселелері бойынша білім береді. Осылайша, студенттер адамның жанды жеріне тимей-ақ қалай дұрыс сөйлеуге болатындығымен танысады. Әдетте топтармен әңгімелесу кезінде бұл мүгедектігі бар адаммен қалай сөйлесу керек, қалай сөйлесуге болады деген ұсыным түрінде беріледі.

Қалай сөйлеу керек, қалай сөйлеуге болады

Қалай айтуға болмайды

Мүгедек, мүгедектігі бар адам, мүгедектікке ұшыраған адам,
мүмкіндігі шектеулі адам, ерекше қажеттілігі бар адам.

Ауру, мешел, жарымжан, деформацияланған, жарымес, кемтар

Мүгедек арбасын пайдаланатын, арбамен қозғалатын адам

Мүгедектер арбасына таңылған адам

Туабітті мүгедек, бала кезінен мүгедек

Туабітті кемістігі бар,сорлы

БЦС-ы бар (балалардың церебралдық сал ауруы)

БЦС-тан азап шегеді

Дамуы тежелген бала, баяу оқып-үйренетін бала

«Тежелген», ақылы кем, артта қалған, ақыл-ойы толыққанды емес

Даун синдромы бар адам

«Даун», «моңғолоид», даунята

Қояншығы бар адам. Эпилепсиялық талмаларға ұшыраған адам

Қояншыққа шалдыққан адам, ұстамалы

Жаны ауыратын адам. Психиатрлық проблемалары бар адам.
Жан күйзелісіне немесе эмоционалдық бұзушылыққа ұшыраған адам

Есалаң, псих

Соқыр, зағип, көрмейтін, нашар көретін адам, көру мүгедектігі бар

Соқыр көртышқан сияқты (ешқашан), мүлдем соқыр

Есту бұзушылығы бар адам. Саңырау адам, естімейтін, нашар еститін адам, есту қалдығы бар адам (бала)

Томар сияқты керең, құлағы тосаңдау, саңырау әрі мылқау, мылқау

Аталған терминологияны біле отырып, педагогтар мен студенттер бір-бірімен бұл ретте қолайсыздық сезінбей, сұхбаттасын ренжітпей араласады. Осылайша, жақынға деген толеранттық қатынасқа тәрбиеленеді.

Білім беру қызметінің барлық саласындағы бірігу инклюзивті топтардың студенттерінің әлеуметке жақсы бейімделуіне көмектеседі. «Ерекше студент» әлемін оқу процесін жан-жақты түрлендіре отырып, бүкіл педагогтардың тек бірлескен күштері арқылы ғана жарқын бояулармен толықтыруға болады.

Дереккөз: № 5-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты