text
MCFR.KZ Образование

Білім алушылардың бойында қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру

  • 14 мая 2018
  • 49
Білім алушылардың бойында қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру
Білім алушылардың бойында қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру

Қауіпсіздік аясындағы мектептің қызметі оқу қызметі кезінде оқушыларды қорғауға бағытталған .

Сондай-ақ журналдан оқыныздар:

Мектепте лаңкестік пен экстремизмнің алдын алу

Оқушылардың экскурсиядағы қауіпсіздігі

Тұрғындарды, мүлікті және қоршаған ортаны қорғау

Қауіпсіздік аясындағы мектептің қызметі – оқу және еңбек қызметі кезіндегі күтпеген жерден туындайтын ықтимал жайттардан (өрттен, апаттан) оқушылар мен қызметкерлердің өмірін сақтау мен денсаулығын қорғауға бағытталған заманауи технологияларды қолдана отырып, оқушыларды сабақ қызметі кезінде қорғау.

Бастауыш сынып оқушыларының бойында қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастырудағы негізгі міндет – кез келген балаға қауіпті жағдайлардың негізгі түрлерінің ерекшеліктері туралы білім беру және соған байланысты дұрыс (қауіпсіз) мінез-құлықты ұйымдастыра білу.

Қауіпсіз мінез-құлық дегенде қиын да қысылтаяң жағдай туындағанда субъектінің өз қорғанышын сақтау мен әрі қарай дамытуға деген қабілеттілікке дайындығы мен икемі түсініледі. Қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру процесінде бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктері ескерілуге тиіс.

Бұл салыстырмалы түрде тыныш әрі бірқалыпты қалыптасу жасы және сонымен қатар аталған кезең қызу эмоционалдық дамуымен, қабылдаудың жаңашылдығымен сипатталады. Бастауыш сынып оқушыларында көрнекі-бейнелі түсінік пен көре отырып бақылау басым, ол оқиғалар мен заттарды, олардың сипаттамасы мен анықтамасын есте сақтауға мүмкіндік береді.

Балаларды қауіпсіз өмір тіршілігіне дайындаудағы мұғалімнің міндеті

Мектепке қабылданғанда бала алғаш рет оның мектептегі, үйдегі әрекетін әрқашан анықтап отыратын бірқатар ережелер мен мектептегі тікелей міндеттермен кезігеді. Бірінші сынып оқушысы өз әрекетін бағалай білуді меңгеруге енді ғана аяқ басады. Соның әсерінен қауіпсіз мінез-құлыққа оқытудың алғашқы кезеңінде оқушыдан оның жасаған барлық іс-әрекетін егжей-тегжейлі түсіндіруді өтіну керек, мұнда оның іс-әрекеттің мәнін ұғыну мақсаты көзделеді.

Мұғалім ата-аналармен бірге балаларды оның қалыпты өмір сүруіне, еңбегі мен демалысына қауіпті түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін үйретеді. Мұндай жұмыс жағдай туындағанда емес, тұрақты түрде жүргізілуге тиіс.

Осы тәсіл арқылы өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін білім мен қабілетті қалыптастыруға болады. Ата-аналармен (заңды өкілдермен) бастауыш сынып оқушыларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға қатысты бірыңғай тәсілдеме қалыптастыру бойынша өткізілетін ағартушылық жұмыс; ата-аналарды (заңды өкілдерін) мектептен үйге қарай қайтатын балалар үшін қауіпсіз бағыт әзірлеу бойынша бірлескен жұмысқа тарту, сауықтыру шараларын, спорттық жарыстарды, рөлдік ойындарды, алғашқы көмек көрсету бойынша жаттығу сабақтарын өткізуге тарту, т. б. маңызды.

Мектепте қауіпсіз және денсаулық сақтаушы инфрақұрылым құру

Бірінші сынып оқушыларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың маңызды шарты білім беру ұйымында қауіпсіз әрі денсаулық сақтаушы инфрақұрылым құру деп санаймыз. Барлық мектептегі үй-жайлар санитариялық және гигиеналық нормаларға,өрт қауіпсіздігі нормаларына, білім алушылардың денсаулығы мен еңбегін қорғау талаптарына (сыныпта, асханада, спорт залында, стадионда, т. б.) с әйкес келуге тиіс. Медициналық-психологиялық қызмет міндетті түрде жұмыс істеуі керек.

Сабақта және сабақтан тыс қызметте дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру білім алушылардың бойында күш-жігер қасиеттерін, ептілікті, тез ден қоюды қалыптастыруға және тұтас алғанда, психологиялық, физикалық және әлеуметтік денсаулықты сақтау және нығайту үшін маңызды ағзаның бейімделу функциясын арттыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің қарым-қатынас стилін, әдістері мен тәсілдерін пайдалануы, оқу ынтымақтастығының технологиялары, топтық жұмыс балаларды өз күшіне сену сезімін қалыптастыруға, табыс жағдайын жасауға, алаңдаушылық сезімнен, агрессиядан арылуға ықпал етеді.

Жағымды эмоционалдық-психологиялық ахуал қорғаныштық сезімді дамытуға, қолайлылыққа әсер етеді, мұның өзі түрі жағдайларда, оның ішінде қауіпті жағдайларда балалардың дұрыс мінез-құлқын айқындайды. Балабақша ұжымында тәртіпті қалыптастыру бойынша мақсатты түрдегі жүйелі жұмыс, оқу күнінің нақты тәртібін қадағалау балаларда қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға қажетті жауапкершіліктің, тәртіптіліктің, ұқыптылықтың және басқа да қасиеттердің орнығуына көмектеседі.

Оқу қызметінің компоненттерін қалыптастыру: жоспарлауға, болжауға және қызмет сатыларын бақылауға үйрету оқушыларды оқу уақытын, содан соң бос уақытын дұрыс пайдалануға үйретуге мүмкіндік береді, қозғалыс бағыттарын алдын ала ойластыру, түрлі әрекеттерді тез орындау қауіпсіз мінез-құлықтың жақсы негізі болып табылады.

Мектепке қабылдану кезеңінде бастауыш сынып оқушыларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру жұмыстың және балалардың өмір тіршілігін білім беру ұйымы жағдайларында ұйымдастырудың тұтас жүйесін көрсетеді, ол бірнеше жұмыс бағыттарын қамтиды:

  • білім алушыларды қауіпсіз мінез-құлық ережелері бойынша оқу-ағартуды ұйымдастыру;
  • практикалық-бағдарлық курстарды оқып-үйрену процесінде қауіпсіз мінез-құлық дағдылары мен машықтарын қалыптастыру;
  • сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру;
  • қауіпсіз білім беру ортасын құру;
  • дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру;
  • педагог-психологпен және ата-аналармен ынтымақтастық жасау;
  • мұғалімнің қауіпсіз мінез-құлыққа оқытудың қайраткерлік сипатын, әр баланың психоэмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ететін жұмыстың әдістері мен тәсілдерін пайдалануы.

Жолдағы жағдайды қадағалау, бағдарлауды үйрену, бағалау және қауіпті көре білу маңызды. Бастауыш мектеп жасында бала:

  • қоғамдық көлік аялдамаларында автобус, трамвай, троллейбустың кеткенін күтуді, содан соң ғана жолдан өтуді;
  • үлкендерсіз жолға шығуға болмайтынын;
  • жол тек машиналарға арналғанын, жаяу жүргіншілер үшін тротуар бар екенін;
  • жолды тек жаяу жүргіншілер жолы арқылы кесіп өтуге болатынын, бағдаршамының жасыл белгісінде өтуге болатынын;
  • өтетін жолдан басқа жерде жолға жүгіріп шығуға болмайтынын және жақын келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп шығуға болмайтынын;
  • көліктегі апат жағдайындағы әрекетті;
  • бейтаныс адамдардан сақтануды;
  • өрт туындаған жағдайда өзін қалай ұстау керектігін, т. б. меңгеруге тиіс.

Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі

мінез-құлық қағидалары бойынша нұсқаулық

Бейтаныс – ата-анаң, әжең, атаң жоқ кезде саған келіп, сөйлесуге тырысатын кез келген адам (кейде сені атыңды атайды).

Кішкентай балалар қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын білуге тиіс және үлкендерсіз қалаға шықпау керек.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


I. Бейтаныс адаммен қарым-қатынас кезінде:

  • Көшеде ешқашан бейтаныс адаммен сөйлеспе.
  • Ешқашан бейтаныс адаммен бір жаққа баруға келіспе, оның машинасына отырма. Ол қанша көндіруге тырысса да, қанша нәрсе ұсынса да келіспе.
  • Бейтаныс адам саған бірнәрсе сатып алуға немесе сыйлауға уәде берсе, оған ешқашан сенбе. Саған ештеңе керек емесін айт.
  • Егер бейтаныс адам айтқанынан қайтпаса, қолыңнан ұстап алса немесе алып кетуге тырысса, сытылып шық та қаш, дауысыңды шығарып айқайла, көмекке шақыр, тепкіле, тырнап ал, тісте.
  • Осындай кез келген оқиға туралы міндетті түрде ата-анаңа, мұғалімге және танитын үлкен адамдарға айт.
  • Бөтен адам – тіпті ол сені немесе сенің ата-анаңды танитынын айтса да сен оны білмейтін адам.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 5-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться