text
MCFR.KZ Образование

ШЖМ-те оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері мен оны шешу жолдары

  • 14 мая 2018
  • 25
шағын жинақты мектеп
шағын жинақты мектеп

Бүкіл білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеруі жағдайында ауылдық мектептерге үлкен көңіл бөлінеді, олардың көп бөлігін шағын жинақты мектептер құрайды.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

«ШЖМ-гі білім беру ортасы» бағдарламасы

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру

ШЖМ-ке ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу


Қазіргі кезде Павлодар облысындағы барлық мектептердің 76 %-ы шағын жинақты мектептер (бұдан әрі – ШЖМ) болып табылады. ШЖМ –жалпымемлекеттік білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Бұл –ауылшаруашылығы өндірісі үшін кадрларды толықтырудың басты қоры. Оның жай-күйі мен жұмыс деңгейі ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың мәдени-білім деңгейіне, демографиялық мәселелердің шешіміне ауқымды әсер етеді. Ауылды сақтап қалу үшін ауылдық жердегі білім адамдардың әлеуметтік үміттеріне, ауыл қоғамдастығының, әр отбасының және нақты адамның әлеуметтік-құнды тапсырысына сай болуы тиіс.

Мектеп ауылдық әлеуметтік ортаның маңызды бөлігі болып табылады және одан оқшауланып дами алмайды. ШЖМ-тің келешегі ең алдымен ауыл шаруашылығының өндірісіне және ауылдың әлеуметтік-мәдени саласына байланысты.

Шағын жинақты терминін түсіндірудегі педагогикалық тәсілдердегі ең танымал және жалпыға танылған қағидаттарға сәйкес, біз төменде көрсетілген ерекшеліктердің бірі немесе бірнешеуі үйлесім тапқан мектепті осындай мектеп деп түсінеміз:

  • параллель сыныптардың болмауы;
  • бір немесе бірнеше сыныптық болмауы;
  • бастауыш сыныптың бір немесе екі жинақ сыныпқа бірігуі;
  • мектеп ықшамауданы шекарасының бытыраңқылығы;
  • білім беру кеңістігінің баламасыздығы (ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымында өзге білім беру ұйымдарының болмауы ауыл мектебінің оқушыларын қосымша білім алу мүмкіндігінен айырады);
  • мектептің заманауи жабдықпен жеткілікті жарақтандырылмауы;
  • мұғалімдер құрамының аз болуы;
  • ауыл мұғалімі қызметінің көпфункционалдылығы, оқытудың көппәнділігі мен көпбейінділігі (көптеген мұғалімдер өз мамандығынан тыс пәндерді оқытады);
  • ауыл мектебі тіршілігінің ерекше әлеуметтік шарттары мектептің көптеген әлеуметтік педагогикалық қызметтерді атқару қажеттілігін негіздеді;
  • табиғи ортамен үйлесімділігі (ауыл мектебі табиғатпен тікелей байланыста осы факторды білім беру үдерісінде қолданудың ауқымды мүмкіндіктеріне ие болады);
  • ата-аналар ұжымы санының аздығы;
  • ата-аналардың төмен білім цензі;
  • «педагогилық жалғыздық» – жол желілерінің жеткілікті деңгейде дамымауы мен көлік қиындықтары жағдайында мұғалімдер басқа мектептердегі өз мамандықтары бойынша сабақтарға сирек қатысады, яғни, әріптестерінің тәжірибесімен танысу мүмкіндігі жоқ;
  • еңбекке баулудың зор маңызы (халықтың ауыл шаруашылығы еңбегімен айналысуы ауыл балаларының ауыл шаруашылығы сабақтарына, машықтары мен дағдыларына мұқтаждығын айқындады, ал мектептегі еңбекке баулу және еңбек дайындығы жүйесі оқушыны осы қажеттіліктермен қаруландырды);
  • халық дәстүрімен тығыз байланыс (ауыл мектебіндегі тәрбие халық дәстүрін ескере отырып құрылады).

Ауылдық ШЖМ-тің жұмыс жағдайы айрықша. Жалпы білім беру функцияларының орындалуы үлкен мектептің тәжірибесінде қалыптасқан дидактикалық таптаурындардан алшақтауға байланысты. Үлкен мектепте өзін жақсы жағынан көрсеткен көптеген әдістер мен педагогикалық қарым-қатынас тәсілдері бала саны аз сынып жағдайында маңыздылығын жоғалтады, тиісті білім беру және тәрбие нәтижесін қамтамасыз ете алмайды, ал кейде оқушы тұлғасының дамуын тежейді.

Көптеген ауыл мектептерінің маңызды ерекшелігі – оқушылар санының, сондай-ақ жағымды және жағымсыз жақтары бар педагогикалық ұжым санының аз болуы.

Жалғасын  № 5-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль