text
MCFR.KZ Образование

Көруі бұзылған баланы музыкалық тәрбиелеу

  • 11 мая 2018
  • 14
Көруі бұзылған баланы музыкалық тәрбиелеу
Көруі бұзылған баланы музыкалық тәрбиелеу

Бала қандай көру патологиясынан зардап шексе де, ол музыка мен би қимылдарынан педагогикаға тән нағыз таным қуанышын сезінеді.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Ойын технологиялары музыка сабағында

Мектеп жасына дейінгі балалардың ән айту машықтарын жетілдіру

Сабақтың нәтижелілігін арттыру жолдары


Бүгін мен көруі бұзылған балалар тәрбиеленіп жатқан балалар ұйымының педагогикалық жұмысы жөнінде айтып беремін. Негізінде біз қимылдық, тілдік, психикалық саласында ауытқулары бар балалармен жұмыс істейміз, алайда жалпы тұлғаның толық дамымауы да байқалады.

Көруі әлсіз балалармен жұмыс барысындағы музыканың рөлі

Біз алдымызға екі үлкен міндет қойдық: естумен және дауыспен жұмысты және баланың тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты қайталама ауытқуларды түзету бойынша қосымша жұмысты. Қосымша міндет қимыл саласындағы қайталама ауытқуларға, баланың бағдарлану тәсілдерін жақсартуға байланысты.

Ән айту және музыка тыңдау

Егер біз, дені сау адамдар бөтен дыбыстарға аса мән бермесек, көзі көрмейтін және көруі әлсіз балалар оларды тану бағдарлары ретінде қолданады, яғни олар үшін дыбыстар үлкен сигналдық рөл атқарады.

Түзету жұмысында біз ән айтуды үнтанымды жаттықтыру тәсілі ретінде қолданамыз. Балалар сол музыкалық-дидактикалық ойындардың аясында музыкалық қабілетті дамыту арқылы кейде әлсіз көру құбылысының орнын толтырады.

Дирижирлеудің көмегімен есту, көру және жоғары дыбысты бейнелерді үйлестіру процесі жүреді. Біз қабылдаудың барлық түрінің жақсарғанын байқаймыз; есту, тактильдік, кинестетикалық, тіпті көру.

Енді музыка тыңдау жөнінде. Осы құралдың көмегімен баланың аталмыш полисенсорлық байланысы қалыптасады, мұнда ол бір мезгілде естиді, көреді және түйсінеді.

Музыканы тыңдау арқылы ойлауы мен тілі танылады, белсенді және енжар сөздікті меңгеру жүреді. Тыңдау түсті қабылдауға да әсер етеді, мысалы, мажорлы және минорлы дыбыстар түсті ажыратудың түрлі боямасымен қабылданады.

Қимыл белсенділігі және музыкалық аспапта ойнау

Енді музыка қызметінің музыкалық-ырғақты қимылдар секілді аса маңызды түрін біздің қалай қолданатынымыз жөнінде. Полисенсорлық негізде балалардың қимылдарын өзіндік бақылауды қалыптастыра отырып, біз бір мезгілде көру, есту, бұлшық ет, тактильдік және өзге сезімталдықтарға әсер етеміз.

Музыкалық-ырғақты қимылдар

Бала қимыл туралы көрген түсініктерін меңгере бастайды. Қимыл белсенділігі мен кеңістікке бағдарлануы жақсарады, көру-моторлы үйлесімі жеңілдейді, макро- және микробағдарлану деңгейінде өзгерістер айқын.

Балалар бүйірлік көруін, аталмыш қалдық және перифериялық көруін сеніммен қолдана бастайды. Іс-әрекет баяулап, тәрбиеленушілер оңға-солға, шеңбер бойынша жылжиды, би сызығын сақтайды, «жыланша» жүреді.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау

Бұл кезеңдегі біздің мақсатымыз – балалардың көру-моторлы үйлесімін қалыптастыру, бұл олардың қолының ұсақ моторикасын жеңілдетеді. Әсіресе ойынды оркестрмен тәжірибеден өткізген пайдалы.

Ауыр көру патологиясы бар балалармен жұмыс істеген бәрінен қиын. Көру арқылы қабылдауды дамыту үшін түзету жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Ол үшін біз көру қызметтерін белсендіру мен күрделендіруге арналған арнайы ойындар мен жаттығуларды қолданамыз.

Көрнекілік құралдар

Оқу жабдығы жарқын түстермен боялуы, шеті айқын сызылуы тиіс, көлемді болуы керек, суреттер үлкен болып салынуы тиіс. Балаларға оларды жақыннан қарауға уақыт беруге тырысыңыз.

Біздің сабақта көз қозғалтқыш бұлшық еттерін жаттықтыруға көңіл бөлінеді, бұл ретте үнемі сәйкес әуен таңдалады. Осы қағида бойынша біз көбелектің немесе құстың ұшуын, «Күн–түн», «Күн–бұлт», «Түрлі келбет» стиліндегі боямалы қимылдарды бейнелейтін жаттығулардың мінезін қалыптастырамыз.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты,а вы получите:
  • доступ к 10 000+ полезным статьям
  • 9 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль