text
MCFR.KZ Образование

Бейнеқұттықтаулар сценарийін қалай дұрыс жазуға болады?

  • 10 апреля 2018
  • 0
Бейнеқұттықтаулар сценарийін қалай дұрыс жазуға болады?
Бейнеқұттықтаулар сценарийін қалай дұрыс жазуға болады?

Жиырма жыл бұрын қарапайым адамға күрделі бейне және дыбыс роликтерін жасау сияқты ерекше мүмкіндіктерді көз алдына елестету қиын болған шығар. Қазір бұл қалыпты жағдай.

Сондай-ақ журналдан оқыныздар:

Музыка бізді біріктірді

Бос уақытты ұйымдастыру

Қауіпсіз жаз

Барлығымыз еніп кеткен медиаәлемнің үлкен қарқынмен дамып келе жатқандығы соншалық, кешегі алған біліміміз бүгінгі таңда  өзектілігін жоғалтып, ал техникалық құралдар  ақпараттың аса күрделі түрлерін ойлап табуға мүмкіндік береді.  Қарапайым адамдар  өте жетілдірілген мәтіндік, графикалық және дыбыстық түрде арнауларын жасақтап,жолдайтын  біртұтас дамыған орта (әлеуметтік желілер, сайттар, блоктар) пайда болды.

Өз-өзіне режиссер – алғашқы қадамдар

Егер сіз  жеке ақпаратты  немесе қазіргі тілмен айтқанда  контент жасағыңыз келсе, сізге  қорытынды шығармашылық мақсатыңызды  нақты көріп, логикалық тұрғыда негіздеу, қарапайым тілмен айтқанда нақты өзіңіз неге қол жеткізгіңіз келетіндігін білу керек.

Контенттің   кең таралған бейнеролик сияқты  форматын жасау туралы әңгімелесеміз.  Бұл демалыстың қалай  өткендігі туралы бейнеесеп, «жол жазбалары» форматындағы ақпарат, бейнекүнделік, достарға арналған бейнеқұттықтау ретінде түсіндірілетін дүние. 

Барлығы сценарийден басталады

Сценарий –  бұл жасаушы ретінде  болашақ шығармашылық өнімнің бөлшектерін жазып көрстететін сіздің негізгі шығармашылық жоспарыңыз. Сценарийдің белгілі бір форматы бар, ол туралы кейін әңгіме қозғаймыз және ол бір жағынан, сіздң фантазияңызды барынша іске қосуды, екінші жағынан  сценарийлік өнердің заңдарына  қатаң бағынуды  талап етеді.  

Жанрлар мен форматтар

Ең алдымен бейнероликтің жанрымен  және форматын анықтап алыңыз. Бұл  достарыңызбен немесе жақын адамдарыңызбен сұхбат, сәйкесінше  сізге бейнетүсірілімнің қамын ойлау  керек болады; өткен шара, экскурсия туралы бейнебиография немесе бейнесюжет, бұл  дайын материал туралы алдын ала ойлану керек дегенді білдіреді.

Кез-келген жанрды пайдаланыңыз, бірақ техникалық мүмкіндіктердің шегінен шығып кетпеңіз. Мүмкін сіз  мультфильм кейіпкерінің атынан құттықтау немесе үлкен кинофильм, ертегі, журналистік  очерк, өлең дайындағыңыз келетін шығар. Ең бастысы-  бағытыңыздан таймай  таңдалған форматта жұмыс жасау.  

Сценарийлік жоспар

Сценарий сіздің бейнеролигіңіздің  оқииғаларын хронологиялық жүйелілікпен мазмұндайды. Роликті кезеңдерге бөліп, олардың мақсаттары мен міндеттерін жазыңыз. Сіз   суреттер, фотосуреттер, бейнеүзінділер, аудиожазбалар болса да, роликтің бегілі бір жерінде қандай материалдардың көрсетілетіндігін есепке алғаныңыз жөн. 

Авторлық құқық

Бейнероликке жеке материалдарды  қоллданған орындырақ. Қазіргі заманда смартфонның өзімен көркем  фильмді түсіруге болады! Егер ғаламтордан қандай да бір материалды жинайтын  болсаңыз, авторлық құқық туралы ұмытпаңыз. Өзге материалды қолдана аласыз ба, жоқ па міндетті түрде  анықтап алыңыз.

Бейнетүсрілім

Бейнесюжеттерде және бейнеқұттықтауларда  қатысушыларды көбіне  өз дауысымен түсіруге тура келеді. Бұл жерде тапқырлық танытып  қажет емес. Құттықтау үшін  сұхбаттың кейіпкерін немесе нысанды қалай, қай жерде түсіретіндігіңіз туралы сценарийге алдын ала жазып қойыңыз.

Мысалы, сұхбатқа арналған  сұрақтар  алдын ала дайындалуы тиіс,себебі монтаждау кезінде  не нәрсені  өзгерту қиын болады. Артықшылық қағидасын сақтаңыз, яғни жинақталған материал сценарийде жазылған көлемнен артық болуы керек. Осылайша сіз өзіңізді мол таңдаумен қамтамасыз етесіз.

Әңгіменің бірінші бөлігінде  біз жоспарлаудың  және жазудың жалпы қағидалары  туралы сөз қозғадық. Екінші бөлімде  сіз  бейнеөндіріспен танысу туралы білімді  оңайлататын  бөлшектерге көңіл аударасыз.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты,а вы получите:
  • доступ к 10 000+ полезным статьям
  • 9 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль