text
MCFR.KZ Образование

Бейнеқұттықтауды қалай дұрыс түсіру керек?

  • 10 апреля 2018
  • 5
Бейнеқұттықтауды қалай дұрыс түсіру керек?

Мектеп қоңырауларына әлемнің әр түкпірінде тұрып жатқан бұрынғы мектеп түлектерінің атынан бейнеқұттықтау дайындауға болады. Ол оқушыларға өздерін шығармашылық тұрғыдан көрсетіп, камераның алдында еркін ұстауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ журналдан оқыныздар:

Сабақтан тыс әрекетті ұйымдастыру

Бос уақытты ұйымдастыру

Қоштасар кез келді

Сіздің үстеліңізде достарыңызға арналған бейнеқұттықтаудың нақты ойластырылған сценарийі жатыр. Әдеттегі қателіктерге жол бермес үшін бейнекамерамен  жұмыс жасаудың тәсілдері туралы білетін уақыт келді.

Қандай да бір камераны қолданғаныңызбен, дұрысы штативті  пайдалану орынды екендігінен бастайық.

Камера және штатив

Штатив камераны соғып алудан, дірілдеуден сақтап қалу үшін қажет.  Мысалы, егер сіз концертті түсіріп, демалыс кезінде материал  жинасаңыз, сұхбат үшін материал жинасаңыз штативтің пайдалылығын түсінесіз.

Егер штатив қолыңызда болмаса, бейнені түсірген уақытта қозғалмай тұруға тырысыңыз.

Кадрмен жұмыс жасау

Түсірілім  кезінде  операторда екі еркіндік деңгейі бар: камераны  тігінен және көлденеңінен қозғалту. Бірінші жағдайда  сізге  камерадағы нысандарды бақылау керек. Камераны көлденең өсімен қозғалту керек болғанда,оны бірқалыпты жасаңыз, әсіресе  панораманы  түсірген кезде.

Кәсіпқойлар камераны  панораманың басында және соңында 8 секунд қосулы  күйінде ұстап тұруға кеңес береді. Егер  панораманы қайтадан қайталағыңыз келсе, оны «кері бағытпен» түсірмеңіз. Одан да түсірілімді қайта бастаңыз.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Ауқымдау ережелері

Барлық «келу», «кету» әрекеттерін  нақты міндеттерді шешу орындау керек. Объективпен ұқыпсыз жұмыс жасау  суреттің  бөлініп, дірілдеуіне әкеліп соқтырады.

Кадрлардың ұзақтылығы мен саны

Бір кадрды бес минуттан кем емес уақыт түсіруді қағида ретінде есте сақтап қалыңыз. Аса қысқаша көріністер әдетте көрерменді жалықтырады.

Кәсіпқойлар монтаждау кезінде  материалды жеткілікті болатындай етіп түсіреді.  Ол үшін сізге жалпы  өлшемді түсіріп, үзіліс жасау; орташа өлшемді түсіріп, қайтадан үзіліс жасау; кейін ірі өлшемді түсіру керек. Бөлшектер туралы ұмытпаңыз: ірі  өлшемдегі нысан, көз, қол, интерьер заттары.

Жарықпен жұмыс жасау

Ашық түсті жарық көзіне қарсы түсіруге болмайды,мысалы, терезе немесе  күннің фонында. Ашық көріністен қараңғы көрініске бірден көшу де қателікке әкеліп соқтырады,себебі камераның автоматикасы экспозиция режимін  өзгертуге  үлгермейді.  

Кез-келген ғимаратта  түсірлім жасау  жарыққа мән беруді талап теді. Жарықтың  бірнеше көзі жөнінде алдын ала ойластырып қойған жөн. Жарықтандыру сипаты- шашыраңқы, шағылысқан немесе қарапайым тіке түспейтін жарық.

Жарықтың жасанды көздері ақ түстің балансын  келтіруді  талап етеді. Бұл мәселені  түстер өңін бұзбас үшін автоматикаға  сеніп тапсырмай, балансты  қолмен ретке келтірген ыңғайлы. Камераға қосымша берілген  нұқсаулықты оқыңыз- онда ақ түсті қағаздың көмегімен балансты қалай ретке келтіруге болатындығы көрсетілген. 

Ракурсты құру

Сіз ұсақ бөлшектерді немесе  нысандарды түсіріп жатырсыз деп  есептейік. Штативтің биіктігін дұрыс  қалпына келтіріп немесе  объективке қарай жақын  еңкеюге ерінбеңіз.

Дисплейді бақылау

Ұмытшақтық- біздің басты жауымыз! Кей кезде операторлар  қарапайым қателіктерге жол береді: камераны дер кезінде қосуды,  қосалқы аккумуляторларды және жады картасын бірге алып жүруді ұмытып кетеді. Бұл жағдайда жасайтын бір қорытынды бар – жұмыстың барлық кезеңдеріне үнемі тексеру жасау керек.

Фототүсіру ережелері

Егер  сіздің бейнероликте  суреттер  пайдаланылатын болса,  сәтті түсірілген кадрлардың жеткілікті  болуын қамтамасыз етіңіз.

Бейнетүсірілімдегі сияқты  суретке түсіру  процесі  жарықтандыруға ерекше көңіл аударуды  талап етеді.  Контрлық жарыққа  қызықпаңыз, қолмен түсіруді жақсылап зерттеп, меңгеріп алыңыз,себебі «авто» режимі әрдайым қанағаттанарлық нәтижені бере қоймайды.

Әдетте материал  кәсіпқойлар айтқандай,  алын ала өңдеу немесе «айқындау» кезеңінен өтеді. Нақты осы процеске арналған белгілі бір  бағдарламалар да бар,кейбіреуін  тіпті тегін де пайдлануға болады. Осы кезеңде сурет кадрленіп, ашықтығы, контрас және қанықтылығы бойынша тегістеледі.

Бұл бағдарламаларды зерттеу сізге қиындық тудырмайды, ең бастысы – бұл ұсақ болса да, маңызды операцияларды меңгеру үшін уақыт пен ниет болу керек.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты