text
MCFR.KZ Образование

Білім беру үдерісінің сапасын бақылау

  • 10 мая 2018
  • 122
Білім беру үдерісінің сапасын бақылау
Білім беру үдерісінің сапасын бақылау

Қоғамның сапалы білімге және білім беру қызметтеріне деген сұранысының артуына байланысты заманауи мектепті басқаруда мектепішілік сапа қызметінің болуы өзекті бола түспек.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Жаңартылған білім берудің аясында педагогтың кәсіптік біліктілігі мен нәтижелілігін бағалау мониторингі

Мектептегі баға мен бағалаудың психологиялық проблемалары

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасарының кәсіби қызметі


Мектепішілік сапа қызметінің (бұдан әрі – МІСҚ) жұмысы оқудың барлық сатысында білім беру процесінің сапасы туралы нақты объективті ақпаратты қамтамасыз етуді және басқарушылық ақпараттық ағымдарды реттеуді көздейді.

Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған МІСҚ басқарушылық, ашықтық және ынтымақтастық қағидаттарының негізінде әрекет етеді.

Басқарушылық қағидаты білім сапасын қамтамасыз ету үшін МІСҚ барлық компоненттерін: мақсаттарын, мазмұнын, нысандарын, нәтижесін жобалауды білдіреді.

Ашықтық қағидаты мектеп қоғамдастығының мектебіміздің білім беру стратегиясын мектеп сайты, Күнделік, ата-аналар қоғамдастығымен кездесулер арқылы іске асыру барысы туралы хабардарлығымен қамтамасыз етіледі.

Ынтымақтастық қағидаты оқушылар мен ата-аналар қоғамын білім беру қызметін бағалауға тарту арқылы іске асырылады.

МІСҚ жұмысының мазмұнына мына факторлар ықпал етеді:

  • білім саласындағы мемлекеттік саясат өзгерістері (білім мазмұнын жаңарту, білікті тәсіл, ҰБТ-ның жаңа форматы);
  • мұғалімдердің тез өзгеретін кәсіптік ақпараттық сұраныстары;
  • мектеп-лицейдің білім беру жүйесінің ерекшеліктері.

МІСҚ қызметінің нәтижелілігін ұсынудың ұйымдастырушылық нысандары:

  • педагогикалық кеңес: мектеп-лицейдің 2016–2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының мақсатты индикаторларын іске асыру нәтижелілігін бағалау;
  • директордың қатысуымен өтетін жиналыс: білім жағдайын ағымдық бақылау, мектептің білім беру жүйесін дамыту бойынша өзара әрекеттестік мақсаттарын келісу;
  • оқушылар конференциясы: оқушылардың мектептік өзіндік басқармасын ынталандыру.

МІСҚ және оқушылардың сапа қызметі (бұдан әрі – ОСҚ) туралы ережелер педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілді.

Мектепішілік сапа қызметі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.1. Мектепішілік сапа қызметі «Білім беру ортасындағы сапаны басқару» эксперименттік бағдарламасын іске асыру барысында педагогикалық кеңестің шешімі бойынша құрылды.

1.2. Сапа қызметі жұмыс барысында 2020 жылға дейін ҚР білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, мектеп-лицейдің Жарғысын және даму бағдарламасын, осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Сапа қызметі жұмысын білім беру ұйымының барлық құрылымдық бірліктерімен және білім беру процесінің субъектілерімен өзара әрекеттестікте жүзеге асырады.

2. Мектепішілік сапа қызметінің мақсаттары мен міндеттері

2.1. Білім беру процесінің нәтижелілігін бақылау арқылы педагогикалық ұжымның нәтижелі қызметін қамтамасыз ету.

2.2. Білім сапасын басқарудың ғылыми негіздерін әзірлеу.

2.3. Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтарын, білімге деген мүмкіндіктерін, денсаулық жағдайын ескере отырып, ОТП бұдан әрі жетілдіру.

2.4. Білім беру стандарттарын іске асыру, білім сапасын бағалау әдістері мен құралдарын әзірлеу.

2.5. Оқушылардың білімге деген әлеуетін айқындау және олардың дамуын қамтамасыз ету.

2.6. Білім беру процесінің жай-күйін диагностикалау мен бақылаудың бірыңғай жүйесін құру, оның мониторингін жүзеге асыру.

2.7. Оқушылардың білім, оқу машықтары және практикалық қызмет тәсілдерінің сапасын өлшегіштерді әзірлеудің негізінде білім сапасын диагностикалау әдістемелерін құру.

2.8. Білім салалары мен  пәндер бойынша оқушылардың білім сапасын талдау.

2.9. Даму қарқынына сәйкес оқу материалын меңгерудегі жеке жетістіктері мен сәтсіздіктерін бақылауға мүмкіндік беретін пәндер бойынша оқушылардың жетістіктерін есепке алу нысандарын әзірлеу.

Жалғасын  № 5-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль