text
MCFR.KZ Образование

Дәстүрлі қазақ музыка мәдениеті сабағы: балаларды күй әлемімен таныстырамыз

  • 8 мая 2018
  • 24
Дәстүрлі қазақ музыка мәдениеті сабағы: балаларды күй әлемімен таныстырамыз
Дәстүрлі қазақ музыка мәдениеті сабағы: балаларды күй әлемімен таныстырамыз

Қазақтың дәстүрлі аспаптық пьесасымен танысуда асығыстық пен үстірт қараудан аулақ болған маңызды, себебі біз халық өнерінің қайнар көзіне тоқталамыз.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Дәстүрлі қазақ музыка мәдениеті сабағы: балаларға айтыс пен тартыс жөнінде айтып береміз

Дәстүрлі қазақ мәдениеті сабағы: балаларға жырау шығармашылығы жөнінде әңгімелейміз


Алдымен күйдің анықтамасын есімізге түсірейік. Күй орындалатын аспап – домбыраү қазақ күйінің ұзақтығы шамамен 2–5 минут. Алайда қазақ аспаптық пьесасының ықшамдылығы алдамшы. Қазақ күйі құндылықтар мен алуан түрлілікке толы, тіпті оның негіздерін мүдірмей меңгеру бірнеше сағатты алады.

Күйдің жанрлық алуан түрлілігі

Халық күйлері ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткен, бұл ретте ол өткен ғасырдың рухы мен мәнін бойына сіңірген.

  • Аңыз күйлер ежелгі синкреттілік қағидаты бойынша құрастырылған, мұнда сюжетті сәйкес музыкалық иллюстрациямен сүйемелдеп отырған. Қобызда, домбырада, сыбызғыда орындауға арналған ежелгі күй үлгілерін тыңдаңыз: «Аққу», «Нар идірген», аңшылар күйлерінің сериясын «Аңшылық зары», «Мергеннің мұңы», «Қорқыт», «Жұмағұл», «Ақсақ құлан», «Жетім бала зары», «Ақсақ қыз».
  • Қобызда орындалатын эпостық күйлер, эпосты аспаптық сүйемелдеу ретінде. Зерттеуші Айгүл Мұхамбетованың пікірі мынадай: «Бақсылық рәсімдерден тыс қобызда орындауға арналған дербес пьесалар аспапты діни тұрғыдан ұзақ қолданудан туындаған маңызды эмоционалды қатарды өзгертпейді».
  • Маңызды оқиғаларды жеткізетін тарихи күйлер, мұнда көркем бейнелер нақты оқиғалармен матасқан.
  • Әдет-ғұрып күйлері, мұнда аспаптық күйлер әнді күйлердің баламасы болады: «Тойбастар», «Естірту», «Жоқтау», «Қоштасу», «Толғау».
  • Сайысу күйлері – тартыс, күйшілер суырыпсалмалық өнеріне, күйді бір ойнағаннан нақты қайталау шеберлігіне, бәсекелесіне қарағанда көбірек күй орындау машығына сайысады.
  • Лирикалық күйлер, олар әдет-ғұрыптық емес лириканың үлкен бөліміне, адамдардың сезімтал әрі эмоционалды әлеміне арналған. Әндік-поэзиялық жанрлары да, мысалы, «Толғау», сондай-ақ аспаптық жанрлары да орындалады, мысаылы «Қосбасар», «Ақжелең», «Терісқақпай».

Ал енді атақты күйшілерге тоқталып өтейік. Әрине, ХVІІІ ғасырдың аяғында өмір сүрген тарихи тұлға әрі композитор Қорқыт туралы аңызды да еске түсіреміз. Қазақтар оны тектен-текке «күй атасы» деп атамайды.

Қорқыт туралы аңыздың қазақша нұсқасы

Мұнда Мұхтар Әуезовтің дәйексөзін мысалға алуға болады, мұнда қазақтың атақты жазушысы көрін іздеген Қорқыттың оқиғасын әсерлі сипаттаған. Атақты күйшінің қалай азаппен ой толғап, шығарғаны, әлемге өз сезімін жеткізу үшін ағаштан өзінің алғашқы қобызын ойғаны сипатталған. Сондай-ақ оның ішектерінің әуені мен дыбыстары жүздеген адамның жанып баурап алғаны туралы, ол қажымас ұлы тұлғаның әлі күнге дейін халық жадысында.

Қорқыт туралы аңыздың қазақша нұсқасы әртүрлі халықтың және әр дәуірдегі аңыздардан құралған, мұнда Қорқыттың құдайға қарсы шығуы мен бүкіл ғұмырын адамзатқа қызмет етуге арнаған Прометей туралы аңыздың арасына көпір салды.

Күймен танысу енді басталады!

Осындай ауқымды тақырыпқа арналған сабақты қорытындылай келе бірден қорытындылап, тұжырымға келу қиынға соғады. Одан да оқушыларға күй туралы толғануға уақыт берген жөн. Олар жекелеген беттері көптеген ғасырлар бойы құрастырылған дәстүрлі музыка мәдениетінің осы жарқын парақшасын жабуға асықпасын.

Сондай-ақ бұл кітаптың әлі жабылмағанын, мұнда домбыра шығармашылығындағы жаңа авторлардың есімдері пайда болатынын балалардың есіне сала кетіңіз. Мүмкін, осы сынып партасында болашақ кәсіптік аспаптық музыка саласының шебері отырған шығар…

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться