text
MCFR.KZ Образование

Дәстүрлі қазақ музыка мәдениеті сабағы: балаларға айтыс пен тартыс жөнінде айтып береміз

  • 4 мая 2018
  • 4
Дәстүрлі қазақ музыка мәдениеті сабағы: балаларға айтыс пен тартыс жөнінде айтып береміз
Дәстүрлі қазақ музыка мәдениеті сабағы: балаларға айтыс пен тартыс жөнінде айтып береміз

Халық ортасында ақын немесе күйші атағын алудың қаншалықты қиын болғанын, ақындық және музыкалық сайыстың жоғары талаптары жөнінде балаларға айтып беріңіз.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Сабақтың нәтижелілігін арттыру жолдары

Музыкалық-дарынды балалармен жұмыс


Кәсіби қазақ музыканттарына арналған сабақтар сериясын жалғастырамыз. Сыныппен бірге мына жағдайды елестетіп көрейік: ауылға атақты әншілердің, күйшілердің келуіне орай қонақтар жиналады. Әртістердің өнер көрсетуі – бұл ерекше мереке, мұнда қашық ауыл тұрғындарының өзі келгісі келеді. қатысушылар қонақжай қожайындарға өз әндерін сыйға тартып, оларға күй арнайды. Егер сәті түссе, онда кейбір тойлар мен астарда ұлы ақындардың, жыршылардың, күйшілердің өнерінен ләззат алуға болады…

Егер сіз сайыс кезеңдеріне арналған сабақты бастасаңыз, аудиторияны қызықтыра аласыз: айтыс пен тартысқа – ерлердің де, әйелдердің де музыкант болуы мүмкін екендігімен. Ауызекі қазақ музыкалық-поэзиялық шығармашылығының негізі қаланған дала демократиясының ерекшеліктері осындай еді.

Жай конкурс және ән орындау емес

Музыканттар сайыс кезеңдерін үнемі асыға күткен, оған мұқият дайындалған. Айтыстағы және тартыстағы жеңіс оларға атақ, танымалдық әкелген, ақын, күйші секілді жоғары атаққа ие болған.

Олар қолына домбыра алып тамаша поэзиялық суырыпсалмалығын көрсетуге дайындалған, көрермендердің қуанышы үшін шешендігімен, өткір сөзімен көрінуге тырысқан.

Біржан мен Сараның айтысы

Біржан мен Сараның айтысы әлі күнге дейін танымал ақындық сайыс болып табылады. Айтыстың мәтінін 1872 ж. халық ауыз шығармашылығы туындыларын зерттеуші Жүсіпбек Шайхисламұлы Сараның өз аузынан жазып алған болатын. Сол сайыста Сара Біржанға жол берген. Ал осы сайыстың қызығы жеңісте ме еді?

Біржан мен Сара оқиғасының атақты композитор Мұқан Төлебаевтың операсының негізін құрайтынын оқушылардың есіне түсіре кетіңіз.

Тартыс – домбырашылар сайысы

Айтыс секілді тартыс жанры әлі күнге дейін қазақ өнерінде бар әрі даму үстінде, ол көрермендерді жаңа есімдермен және әуендермен қуантуда.

Тартыстың анықтамасымен бірге балаларға оның үш түрі туралы айтып беріңіз, тіпті қағидалардың айырмашылықтарын оңай байқауға болатын видеожазбаларды көрсетіңіз, олар: орындаушылық өнерін, композиторлық дарынын, күйді бір орындаған есте сақтау қабілетін көрсету.

Әрине, қатысушылары орындаушылық шеберлігін көрсеткен тартыс ең қызықты әрі кең таралған түрі болды. Аспаптық музыка жинақ сандықшасында атақты мықты музыканттардың тартыстары бар, мысалы, Дәулеткерей мен Құрманғазының, Қазанғап пен Үсен төренің және тағы басқалары.

Ахмет Жұбанов өз кітабында тартысқа қызықты сипаттама беріп өткен. Осы үзіндіні бірге оқып шығайық: «Олар көп күй орындады. Тәкаппар қыз өз қабілетін білді. Ол «кез келгеннің өзімен сайысқа түсе алмайтынын білді». Сондықтан ол сол заманның атақты күйшісі атанған Тәттімбет кіргенде еш сасбады. Ол сымбатты жас жігітті қонақжайлылықпен қарсы алып, құрметтің белгісі ретінде оған өзі шай құйып берді, оның биязылығы Тәттімбетті елжіретті. Шайдан кейін ол қыздан оның домбырасын сыпайы ғана сұрады, алайда қыз алдымен өзі күй шертіп, осыдан кейін ғана аспапты Тәттімбетке ұстатты. Осы арқылы ол алдында Арғын руының атақты домбырашысы отырса да, қонаққа өз тәсілдерін көрсетуден қорықпайтынын меңзеді. Аңыз бойынша ол өзінің Арғыннан кем түспейтін Найман руының намысын қорғауға дайындалған дейді. Бәсекелестер көптеген ғажайып күйлер шертеді, оның санын жанында отырған тыңдаушылар санаған. Тәттімбет 40 күй ойнаса, бойжеткен 39-шы күйінде тоқтаған. Осылайша, ол жеңіліске ұшырайды».

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты,а вы получите:
  • доступ к 10 000+ полезным статьям
  • 9 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль