text
MCFR.KZ Образование

Музыка сабағындағы зерттеу қызметінің құндылығы неде?

  • 5 мая 2018
  • 7
Музыка сабағындағы зерттеу қызметінің құндылығы неде?
Музыка сабағындағы зерттеу қызметінің құндылығы неде?

Өнімді оқыту өткеннің еншісінде қалған дәстүрлі білім берумен салыстырғанда білім алушыларды жеке тәжірибені белсенді қолдануға сүйене отырып, жасампаз әрі практикалық қызметке бағыттайды.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Ойын технологиялары музыка сабағында

Мектеп жасына дейінгі балалардың ән айту машықтарын жетілдіру

Сабақтың нәтижелілігін арттыру жолдары


Музыка сабағында жаңа тапсырмаларды меңгеруге жобалау қызметі секілді заманауи технология ықпал етеді деп ойлаймын.

Жобалық әдісте оқыту мен тапсырмаларды орындау біртіндеп күрделендірілетін практикалық тапсырмаларға негізделеді. Дәл жобалық қызметте оқушылар алған білімді іс жүзінде қолдану жолдарын меңгереді.

Әлемдік педагогикада жобалық әдіс ХІХ ғ. соңынан америкалық педагог, психолог әрі философ Джон Дьюидің зерттеулерінен белгілі.

Жобалау қағидаттары

Жобалаудың екі әдіснамалық қағидаты бар: онтологиялық (идеяны қабылдау) және ұйымдық-қызметті (идеяны енгізу). Жобалық қызметтің ерекшелігі ойлау имитациясы кезеңі болып табылады.

Бізге бұл тәсіл қатысушылардың өзара әрекеттестігімен танымал: мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы, мұғалім – мұғалім.

Джон Дьюидің тұжырымдамасына сәйкес мектеп балаларды шынайы практикалық қызметке дайындайды, бұл ретте олардың тума қабілеттерін айқындайды, сондықтан әрбір білім алушы өзінің әлеуетіне сай қызмет түрін таңдауға құқылы.

Джон Дьюидің ойлау теориясы

Джон Дьюи белсенді оқытуды қолдаған, мұнда оқушылардың оқу қызметі жоба тақырыптарының айналасында құрылады, ал жұмыс әлеуметтік ортамен және сыртқы ортамен өзара әрекеттестікті талап етеді.

Оның ойлау теориясына мына кезеңдер енгізілген: қиындықтарға тап болу, бақылау, ақпарат жинау, болжау, мәселені айқындау, жоспарлау және жоспарды тексеру.

Бұл рефлексивтік актіде кез келген жобаның құрылымы көрініс тапқан. Жобаға қатысушылардың ортақ іске қосқан үлесі белгілі қызмет түріне деген жеке сұраныстар мен қабілеттіліктердің негізінде құрылады.

Отбасылық педагогика идеясын жеке атап өткім келеді, мұнда көркемдік жобалар қатысушылардың белгілі рөлдерін ескере отырып құрылады. Мысалы, мен оқушылармен бірге таңдайтын жобалар тақырыбы этнографиялық сипатымен ерекшеленеді.

Жобаларды жоспарлау

Менің музыка кабинетім жылдар өте келе оқушыларға пайдасы жоқ жобалар қоймасына айналды. Оқушылар да жиналған ақпаратқа қызығушылық танытпады. Сол кезде мен К. Фопел ұсынған ойынды қолдандым: тоқсандық тақырыптар мен жылдық тақырыптар бойынша топтастырылған жобалар картасын бейнелеу.

Жобалар кестесі

Әрбір оқушы кестеден өзіне қызықты тақырыпты таңдап, презентацияның идеясын ұсына алады.

Музыка сабағындағы зерттеу қызметінің құндылығы неде?

Кейбір тақырыптардың қарапайымдылығына қарамастан жобаның презентациясы жұмыс істеуді, қосымша ақпарат іздестіруді және тіпті жаңалығын эстетикалық тұрғыдан жеткізу машығын талап етті.

Сөйтіп жобалар ерекше қызығушылық тудырды. Құлшынысына қарай оқушылар презентация жасау үшін ұсынылған нысандарды қолданды. Кейде бір тақырыпқа бірнеше оқушы үміткер болды. Баяндамашыларға дайындыққа және рефлексияға 5–6 минут қалды.

Білім алушылардың жұмыс портфолиосы

Ең сәтті презентацияларды мен портфолио түрінде безендірдім, оны әркім сыныптастарының жетістіктерімен танысып, тіпті пікір қалдыруы үшін осылай істедім.

Мен үшін 6 «А» сынып оқушысы Анель К. жұмысы күтпеген жағдай болды, оның негізділігі соншалықты, маған тек міндеттерін тұжырымдап, қолданған әдістерін сипаттау қалды.

Ақыры менде бағдарлама тақырыбы бойынша зерттеу жобаларын іске қосуға арналған материал пайда болды! Бұл менің педагогикалық қызметімде басымдыққа ие болады деп ойлаймын.

Балаларды шығармашылыққа баулу арқылы мен енді жаңа оқу жылында алғашқы сабағымды қай тақырыптан бастайтынымды білемін.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты,а вы получите:
  • доступ к 10 000+ полезным статьям
  • 9 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль