text
MCFR.KZ Образование

Классикалық екі алғыштар – бұл жолы болмаған әлде талантты балалар ма?

  • 3 мая 2018
  • 9

Білім беру саласында оқушының дәстүрлі зиятына басымдылық қойылады, ата-анаға өз баласының жасырын таланттарын өзіне іздеуге және дамытуға тура келеді.

Сондай-ақ журналдан оқыныздар:

Сабақтағы психологиялық жайлылық

«Сабақ оқуға отырайық» атты ата-аналар жиналысы

Бастауыш мектепте сыни ойлауды дамыту

«Сіздің балаңыздың деңгейі нашар, оның қабілеттері жоқ» деген  мұндай қатал сөздер мектеп дәлізінде мұғалім мен жабырқаңқы көңіл-күймен тұрған анасы арасындағы әңгімеде  жиі сөз етіледі. Шындығына келгенде, ол өз баласына математика формулаларын үйретем деп қанша түндерін  ұйқысыз өткізді!  Роберта Кийосаки кітабынан алған мына үзінді есімізге түседі: «Мектеп жүйесі кейбір балаларды үйрету  үшін пайдалы, алайда, өкінішке орай барлық балаларды оқытуға пайдаға аспайды. Сондықтан ата-ана үшін баланың табиғи таланттарын анықтаудың, оны дамытуда ынталандырудың және біржақты басым тұжырымнан оларды қорғаудың  өмірлік маңызы зор».

Баланың талантын танудағы ата-ананың таланты

IQ  теориясы  біздің балаларымызды 14 %   ақылды және  86 %  үміт  етуге келмейтіндер етіп бөлу құқығы берілген монополист болып табылмайды. Америкалық ғалым  Говард Гарднер  зиятты дамытудың жеті түрінің бар екендігін көрсетеді! Табиғат  осылайша ерекше талант сыйлай отырып, әр  жеке тұлғаның  тіршілік ету қабілеттілігін қамтамасыз етеді, оны анықтай білуді ғана емес, дәстүрлі  бағалау жүйесіне қарап отырмай, тиісті деңгейде дамытуды да  үйренген маңызды. 

Лириктерге қарсы физиктердің соғысы

Қоғамның қандай таланттарды бағалайтындығы туралы  ойланып көріңізші! Мысалы, барлығы мойындаған таланттың  табиғи қабілеті қандай да бір ақпаратты  ұсынып, айтып беруге негізделеді. Мұғалімдер шамамен былайша пайымдайды: «Ақылды балалар әрдайым ақпаратты тез меңгеріп, оны айтып бере алады, ал қалғандары-жалқау». 

Ал егер оқушы  абстрактілік ұғымдар мен математиканы жеңіл меңгеріп, сандық талантқа ие болса, бірақ өзінің жасаған қорытындысын қағазға әдемі және тез түсіре алмаса? Өкінішке орай, ол  төрттен жоғары баға ала алмайды.

Леонардо да Винчи ұрпақтарымен не істеу керек?

Егер сіз өз  балаңызда кеңістікті талант  негіздерін байқаған болсаңыз не істер едіңіз? Мұндай талант  көптеген шығармашылық адамдарына- суретшілер мен дизайнерлерге тән. Кейбір  екі алғыштардың  өз дәптерлерінің жиектерінде  нақты, әрі әдемі сурет сала алатындығымен мұғалімдерді таң қалдырғандығын байқадыңыз ба? Бұл қабілетке  сеніп, өз балаңыздың «көпшілікке мәлім емес» талант түрін  дамытқан дұрыс.  

Табиғи  талантқа ие тұлғалармен не істеу керек?

Өз денесін басқара білу- мұның  да талант екендігіне сенбейтін шығарсыз! Ол спортта және хореографияда ғана емес, механикада, құрылыста, және нақты қол еңбегінде сұранысқа ие. Әдетте, мұндай адамдар нашар оқиды, бірақ бір рет көріп, дәмін татса, тез түсініп, есте сақтайды.  

Зият эмоционалды болады

Таланттың  тағы бір түрі бар-  дара талант, оларды тағы да «эмоционалды» деп атайды. Бұл біздің өзімізге өзіміз айтатын нәрсені бақылауға  жауап беретін зияттың ең маңызды аспектілерінің бірі. Жан-жағыңызға қарасаңыз, сіз  талантты  адамдардың қателік жасауға қорқып  өмір сүретіндігіне көзіңіз жетеді! Бұл дарынды дамыту үшін  балаға өз қателіктерінен сабақ алып, жолы болмаған жағдайлардан өзіне пайдалысын сіңіре білуді үйрету керек.

Келісуші және ұйымдастырушы талант

Бұл да бағалы дарын – тұлғааралық талант. Оны  кез-келген адаммен тіл  табыса алатын  балалардан жеңіл  байқауға болады. Бұл қабілетті  дамытып, дер кезінде қолдау көрсетсе  болашақта  сіз  алдыңызда әйгілі әнші,актер, шешен, табысты сатушыны көре аласыз.

Қоршаған әлеммен, табиғатпен және жануарлармен  сөйлесу қабілеті  мұндай таланттың тармағы  болып табылады. Әдетте мұндай таланты бар балалардың күнделіктері нашар бағалармен толып тұрса да,  табиғатынан ашық  және мейірімді болып келеді. Нәтижесінде дәл осылардан  үздік  гидтер, тележүргізушілер,  орманшылар, зоологтар, жаттықтырушылар, ветеринарлар шығады. 

Сондықтан, қымбатты ата-аналар, өз балаларыңызға  сенім білдіріңіз! Өз балаңыздың бойынан  толыққанды және бақытты  өмір сүруге  ықпал ететін қабілеттерді табуға тырысыңыздар!

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты,а вы получите:
  • доступ к 10 000+ полезным статьям
  • 9 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль