text
MCFR.KZ Образование

Жасөспірімдердің өтпелі жас қиындықтары мен артықшылықтары

  • 2 мая 2018
  • 25

Егер сіз кешегі сүйкімді тілалғыш балаңыз өзімшіл максималистке айналып кетсе таң қалмаңыз, онда сіз оның өмірінің ең маңызды кезеңінің кейбір сәттерін өткізіп алғансыз.

Сондай-ақ журналдан оқыныздар:

Ата -аналардың балалармен қақтығысы

Баланың эмоциялық денсаулығы 

Қай ата-анаға болса да бұл «кемедегі тәртіпсіздік» ұнамайды: берген тәрбиесі зая кетіп, өз баласының өзіне қарсы шығуы оңай нәрсе емес! Бірақ, егер бұл мәселеге  дұрыстап қараса, адам өмірінде өтпелі жастың болуы табиғи құбылыс  екендігі  сөзсіз.

Қауіпсіздік  аймағынан  шығу

Бұл адамның өмірдегі кез-келген жасаған қадамының  байырқаған өмірден шығуды талап етіп, ал алда игерілмеген аймақтар қорқыныш ұялататындығын түсінетін маңызды есею белгілерінің бірі шығар. Бұрынғы алған білік-дағдымыз ескіріп, жаңа білімнің жете жетіспейтін  өмірлік дағдарысы осылайша өзінен хабар береді.

Баланың өмірінде сіз  ұқсас циклдік процестерді  көресіз. Егер үш жасында томпиған  бала бар нәрсені өзі жасауға талпынса, жеті жасқа келген  балдырғанға  артынан жинап жүруге үйрену керектігін айтып жүруге тура келеді. Бірақ балдырған 11-14 жасында, «ата-анам ештеңе түсінбейді, мен бәрін өзім білемін» деген пікірімен ата-анасын аса таң қалдырады. 

Балада болып жатқан дағдарыс белгілерін біз анық көре отырып, оған адекватты түрде қараймыз,  бізге ересек өміріміздің қиыншылықтарына бет-бет қарауға  не кедергі жасайды?

Шындықтың бетіне қараңыз

Өз балаңыздың-жасөспірімнің өмірін бақылай отырып, даму барысында кезекті өмірлік айналымда тіреліп қалғаныңызды ойланатын кез келген жоқ па? Жеке экзистенционалдық проблемаларды шешуге сізге не көмектесе алады?

Жеке тұлғаның қалыптасуындағы кезеңділік

Ең әуелі бастаған әңгімеміз, біздің балаларымыз туралы әңгімелейікші. Баланың есею процесін 6 кезеңге бөлуге болады:

1. Кешегі сәби өзін жеке тұлға ретінде сезінген уақытта  өзін-өзі сәйкестендірудің қиын жолына тап болады.

2. Жасөспірім ересек өмірдің  алғашқы бостандық лебінің дәмін татып көреді, өз армандары мен мақсаттарын  ата-анасының  берген кеңестерінің ықпалынсыз  қабылдайды.

3. Құндылықтарды қайта бағалайтын  кез келеді. Көкжиекте  жаңа мұраттар пайда болады, ата-ананың беделі  ықпал етпейді.

4. Өтпелі жасқа артып қоюға болатын алғашқы  өмірлік қателіктердің  кезеңі.

5. Өзің жасай алатын мүмкіндіктерден ата-аналық ресурстардың басым түсетін өтпелі кезеңнің орын алуы.

6. Отбасылық өмірмен қош айтысып, сыртқы бағытқа қарай бет алатын қиын кезеңге аяқ басатын кез. Ата-анаға оған кедергі жасамай, сенім білдіру керек.

Жауапкершілік және инфантильдік

Жауапкершілік көп жағдайда  адам жанының қалағанындай күйге ұшыратпайды, өзіңді ересектердің қолына тапсырғанша, ата-ананың басымдықтарымен келіскен жеңілірек. Егер олар жасөспірімдік  келіспеушілікті басып тастаған болса, бұл жағдай  инфантильдікке, өмірлік мақсаттарға қол жеткізе алмй,  өз өміріңе дұрыс билік жасай алмауға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Осылайша, күйлі өмірге үйреніп қалса да, емшек сүтімен келген құндылықтардың өз күшін жойып, жаңа өріс әлі пайда болмаған, бірақ ата-анаға әбден тәуелді болып өмір сүріп қалған жастар қалыптасады.

Өзінің өтпелі кезеңін сындырудың басқа да әдістері бар, мысалы, үздік болу синдромы- «бес» деген бағаны алу үшін баланың  автоматқа айналуы.  Бұл өмірді бала өзгелердің амбициясымен өмір сүріп жатса дербес және толыққанды  деп атауға бола ма?

Кешегі сәбиге ересек өмірге қадам басуға көмек бере отырып, ата-ананың өтпелі кезеңнің  басты «модераторы» болып табылатындғына сенім білдірген жөн. 

Жасөспірімге өз күшіне сенуге мүмкіндік беріңіз. Ақыл айтқыш емес, осы жолда оған жанашыр дос болуға тырысыңыз. 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты,а вы получите:
  • доступ к 10 000+ полезным статьям
  • 9 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль