text
MCFR.KZ Образование

Дәстүрлі қазақ мәдениеті сабағы: балаларға жырау шығармашылығы жөнінде әңгімелейміз

  • 30 апреля 2018
  • 8
Дәстүрлі қазақ мәдениеті сабағы:
Дәстүрлі қазақ мәдениеті сабағы:

Ежелгі дала жырауларының орны ерекше: олардың көбісі музыканттар мен ақындық қасиеттерін маңызды мемлекеттік қызметпен қатар алып жүрген.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Жігіт сұлтаны

Сиқырлы домбыра дыбыстары

Күн сәулелі • Солнечный


Көшпенді халық жырауларының музыкалық-поэзиялық шығармашылығына арналған сабақтар циклін аяқтай келе, біз қазақ халық шығармашылығының көне кезеңіне тоқталдық. Біртіндеп қазақ хандығын құрған көшпенді тайпалар мен рулардың даму процесі зерттеушілерге таныс жырауды – ежелгі дәуірдегі ақынды  тарихи аренаға шығарды. «Жыр» сөзі эпос, өлең, аңыз деп, ал «жырау» сөзі өлең шығарушы деген мағынаны білдіреді.

Ежелгі поэзия

Балалармен өткендегі мынадай дерекпен бөлісіңіздер: жыраулар көбіне шығармашылық қасиеттерін белсенді өмірлік ұстаныммен қатар алып жүрген. Ол кездері жыраулар ірі әскербасылар, абыздар болған. Олар халықтың мүддесін қорғайтын ақсақалдар құрамына кірген.

Жырау поэзиясы қайраткер өмір сүрген дәуірдің оқиғаларына қаныққан. Біз әлі күнге дейін Бұқар жырау, Асан қайғы, Қазтуған жырау, Сыпыра жырау, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау және т. б. секілді атақты жыраулардың өлеңдері арқылы халықтың сол кездегі тыныс-тіршілігімен танысамыз.

Енді сыныптың назарын жыраудың шығармвшылық қызметінің жанрларына аударайық.

Жырау түрлері

Жырау толғаулар айтып, философиялық және лирикалық тақырыптарға ойтолғайды. Философиялық толғауда ақындар әдеп, мемлекет істері, қоғам мен қоршаған орта феномені туралы ой толғайды.

Толғау философиясы орындау мәнері мен ерекшеліктеріне қарай келесі жанрларда көрініс тапқан:

  • әміршілерге арналған арнау-өлеңдер;
  • әміршілерге арналған өсиет өлеңдер;
  • батыл сарбаздарды мадақтайтын батырлық әндер;
  • жорық әндері, ұран-әндер;
  • жоқтау –  қайтыс болғандарды жоқтау әндері.

Жырау XVIII ғасырда шығармашылық шыңына жету арқылы жыршылар жол береді.

Эпостық оқиғаларды орындаушылар

Жыршылар эпосты шығарушылар емес, алайда олар аспапта ойнайтын, әртістік, әншілік және әңгімелеуші қабілеттері үйлесім тапқан жан-жақты шығармашылық тұлғалар болды. Жыршының есте сақтау қабілеті өте жақсы болған. Мысалы, «Қобыланды батыр» шығармасы 10 000 жолдан тұрады!

Жыршы халық шығармашылығы жинақ сандықшасына жүзден астам эпостық шығармаларды енгізді. Бұл ретте жыршы эпосты домбыраның, сырнайдың немесе қылқобыздың сүйемелдеуімен өзі орындаған.

Балаларға жыршының қазіргі шығармашылығынан бірнеше жарқын мысал келтіріңдер, бұл олардың эпостың синкреттік орындалуының ерекше мінезін сезінуі үшін қажет. Ұстаздар институты туралы ақпаратты қосқан артық болмас. Жыршының білімі мен оқулары оның оқушыларына берілген, жыршы әке өз ұлынан болашақ ақынды тәрбиелеп шығарғандай.

Эпос көшпенділер тарихының негізі ретінде

Біз ұлы дала өнері ордасында ең ежелгі әрі іргелі негізі болып табылатын эпос тақырыбына тоқталдық. Балалар қазақ эпосының үздік үлгілерімен таныс болар, алайда эпостардың жанрлық белгілері бойынша батырлық және әлеуметтік-тұрмыстық, басқаша айтқанда, лирикалық болып бөлінетінін балалардың есіне сала кеткен жөн.

  • Батырлар жыры – батырлар эпосы, қазақ хандығы құрылғанға дейін пайда болған. Оның ішіндегі ең танымалдары – «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» және т. б.
  • Тұрмыс-салт жырлары – әлеуметтік-тұрмыстық немесе лирикалық эпос. Мұндағы танымал шығармалар – «Қыз Жібек», «Қозы көрпеш – Баян сұлу», «Мақпал қыз», «Айман-Шолпан» және т. б.

Балалармен бірге эпостарды орындаудың әртүрлі құралдары тақырыбына пікірталас өткізген маңызды. «Қыз Жібек», «Алпамыс» эпостарының қандай музыкалық-мәнерлілік құралдарының көмегімен орындалғанын кім айтып береді? Әрине, желдірме жыр. Ал «Қозы көрпеш – Баян сұлу» – музыкалық-иллюстративтік. Ал «Қамбар батыр» – аяқталған музыкалық.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться