text
MCFR.KZ Образование

Балаларға музыкалық аспапта ойнауды үйрету

  • 26 апреля 2018
  • 18
Балаларға музыкалық аспапта ойнауды үйрету
Балаларға музыкалық аспапта ойнауды үйрету

Халықтар мен мәдениеттердің алуан түрлілігіне байланысты музыкалық аспаптары жоқ халықты кездестіру қиын.


9-шы мамырға арналған әндер мен минусовкалар:

Менің арғы атам – қатардағы жауынгер • Мой прадедушка был рядовым

Балабақша мерекелік шеруде • На параде – детский сад

Тоғызыншы мамыр • Девятое мая


Мектепке дейінгі білім беруде музыкалық тәрбие теориясы баланы музыкаға тарту арқылы оның адамгершілікті-эстетикалық сезімдерін тәрбиелеуді көздейді.

Музыка қызметінің түрлерінің: тыңдау, ән айту, музыкалық аспапта ойнау, музыкалық-ырғақты қимылдар арасынан музицирлеудің маңыздылығын атап өткіміз келеді.

Музыкаға ерте тарту

Бала ерте кезден бастап текшелердің, ысқырықтардың, сылдырмақтардың және ыдыс-аяқтың, кілттер бумасының көмегімен әлемге қызығушылық танытады.

Бала аспапта ойнау арқылы жасқаншақтықтан арылады, оның музыкалық қабілеттері оянады. Музыкалық аспаптар балалар үшін өзін өзі таныту құралына айналады, олар ойлауды, шығармашылық бастаманы дамытуға ықпал етеді.

Сіздерге ересек жас тобы балаларының арасында джаз оркестрін құру туралы айтып бергім келіп тұр. Оркестрге кәсіби аспаптар жиналды: маракастар, дабылдар, виола, кастаньеталар, ағаш таяқшалар, үшбұрыштар, барабан.

Кішкентай джазмендер Family саябағының үлкен сахнасында өткен «Өнерлі балапан» аудандық фестиваліне қатысты, оларды «Хабар» арнасынан көрсетті.

Музицирлеу тәжірибесі

Менің балаларға музыкалық аспапта ойнауды үйрету тәсілім бірізді әрі ұйымдасқан. Әдістемелік тәсілдердің арасынан мен аспаптар көрсетуді, дыбыстауды, музыкалық дидактикалық ойындарды, қарапайым ырғақты суреттерді шапалақтауды қолданамын. Барлық музыкалық аспапты қамту маңызды.

Ырғақты сезінуін дамыту

Әр әуеннің өзіндік ырғақты суреті бар, оны ойнату ырғақты сезінуді дамытады. Мен қасықтарды, текшелерді, қоңырауларды, сылдырмақтарды қолданамын.

Музыкалық-дидактикалық ойындар

Музыкалық-дидактикалық ойындардың арасынан мен әндетулерді қолданамын, олар балалардың әртүрлі аспаптардағы дыбыстар ерекшелігіне бағдарлануына ықпал етеді.

«Тапсырманы орында» ойыны

Ойын әуеннің ырғақты суретін ойнатуды үйретеді, үйлесімді есту қабілетін дамытуға ықпал етеді. Осы мақсатта мен «Біз нешеуміз» ойынын қолданамын, бұл кезде балалар әндетуші ойыншықтар санын есептейді.

 «Дыбысты қайтала» ойыны

Балалар музицирлеуі сюжеттік-рөлдік ойында да қолданылады. Қоңыраулардың көмегімен балалар тональділігі әртүрлі дыбыстарды ажыратуды үйретемін.

Балалар оркестрі

Балалар ұжымын біріктіру, өз партиясын орындауда жауаптылық сезімін тәрбиелеу мақсатында балалардың ұжымдық музыкалық қызметінің оркестр секілді түрі құрылды.

Аспаптарды меңгеру бірізділігі

Балалар менің оркестрімде аспаптармен келесі реттілікпен танысады және меңгереді:

  • қоңыраулар, үшбұрыштар, дабылдар;
  • металлофондар, виола;
  • маракастар, барабан;
  • ксилофондар, чаймс.

Білім мен машықты меңгеру

Музицирлеуде балалар ең алдымен ырғақты айта білуі тиіс. Мен сабағымды әндетуден және «Жаңғырық» ойынынан бастаймын, ол есту жадысын дамытуды көздейді.

Аспапта ойнауды үйрету кезеңдері мынадай:

  • аспап қалай аталады;
  • ол қалай дыбысталады;
  • оны қалай қолданамыз және сақтаймыз;
  • қалай ойнаймыз;
  • жоғарғы және төменгі дыбыстардың орналасуы;
  • ансамбльде орындау.

Аспаптар тобы бойынша жұмысты былай құрамын:

  • маракастар – сылдырмақтар;
  • қоңыраулар – үшбұрыштар;
  • дабылдар – металлофондар – виолалар;
  • қасықтар – ксилофондар – кастаньеталар;
  • металлофондар – чаймс;
  • Барабан – ағаш таяқшалар.

Бірлескен жұмыс

Балаларға ең алдымен дыбыс шығару тәсілдерін үйрету керек. Осыдан кейін оркестрдің толық құрамдағы жұмысы басталады.

Металлофонда ойнағанда бала балғаны екінші саусағының ортаңғы бөлігінде ұстауы тиіс.

Үшбұрышта ойнау аспаптың ортаңғы бөлігін таяқшамен ұру дәлдігін талап етеді. Егер әртүрлі соққылар техникасы мен амплитудасын қолдансақ, дабылдың дыбыстары әрқалай шығады.

Қоңыраулардың дауысы таза шығуы үшін балаларға білектерін еркін сермеуді үйретіңдер. Балалар ырғақты жеткізу үшін барабан мен кастаньеталарда қолданады.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты