text
MCFR.KZ Образование

Біліктілікті арттыру курсының аясында кері байланыс

  • 26 апреля 2018
  • 43
Кері байланыс
Кері байланыс

Кері байланыс – бұл оқушының белгіленген оқыту стандартына сәйкес орындау деңгейін салыстыру үдерісі. Кері байланыс дұрыс орындалғандарды бекітуге мүмкіндік береді және қателерді түзету бойынша іс-әрекет жоспарын құрастыруға көмектеседі.

Сондай-ақ журналдан оқыныздар:

«Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» электрондық журналында әндердің минусовкаларын жариялауды бастадық

ҚР-ғы білім беру мазмұнын жаңартудың басты мақсаты белгіленді: білім беру бағдарламасын жаңарту мен өлшемшарттық бағалау жүйесін енгізудің аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру.

Біліктілікті арттыру курстарында топтық тренинг сабақтарды ұйымдастыруда мықты позицияға ие болды, себебі ол кәсіби ынтымақтастық пен өзара оқытудың белсенді режимін қалыптастырады. Топтағы тренингтер тиісінше ұйымдастырылған және жүргізілген жағдайда бірқатар басымдықтарға ие болады, ал оларды белгіленген нәтижелерге қол жеткізу үшін пайдалануға болады. Тренингте тренер ретіндегі менің басты міндетім – топтық жұмысты ұйымдастыру және топтың және оның жеке мүшелерінің қозғалысын басқару. Топтарға арналған тапсырмаларды әзірлеген кезде топтағы алған білімдерім қатысушылардың бұрынғы тәжірибесі мен топта жұмыс істеп жүрген жеке тәжірибелерден және қойылған мақсаттарға жету үшін топтық жұмысты рефлексиялаудан тұрады. Қатысушыларға топ мүшелерінің жеке тәжірибелері мен дағдыларын ұсынылған теориялық конструкциялармен салыстыруға және болашақта оларды меңгеруге мүмкіндік беремін. Менің ойымша, осылайша білім тренингке қатысушылардың жеке және топтық тәжірибесімен тығыз байланысты. Сондай-ақ, топтық жұмыс барысында педагогтардың теориялық білімдерін қалыптастыратын Бағдарламаның білім беру тұғырнамасының ақпаратымен үнемі жұмыс жүргізіледі. Алайда, мен кері байланысты қамтамасыз етпесем, онда тренингтер болмайды, тек жаттығулар мен ойындар жиынтығы болады.

Кері байланысты орнатудың себебін анықтау керек және бәрін мұқият талдап, қандай бағалау әдістерін қолданатынымды, қандай стилді таңдайтынымды шешіп, сондай-ақ қолайлы атмосфераны қалай құруға болатынын анықтау қажет. Егер кері байланыс жеткіліксіз болса, онда оқушының жаңа материалды меңгеру жылдамдығы төмендейді, ал тренингке қажетті уақыт ұлғайтылады. Егер кері байланыс шамадан тыс болса, тренер мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына әкелуі мүмкін.

«Кері байланыс» және «дебрифинг» терминдері білім беру және оқыту аймағында кеңінен қолданылады. Кері байланыс дұрыс және бұрыс шешімдер болған кезде, объективті стандарт бар жерде ғана қолданылуы мүмкін, ал оқушы оған қол жеткізді ме әлде жоқ па.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Математика» пәні бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында кері байланысты ұйымдастыру бойынша бірнеше мысалдарды қарастырайық.

Жұптасқан жұмыс. Оқу жоспарының «Тілдік тапсырмалар туралы» бөлімін қарастырып, мына сұрақтарға жауап беру:

  • Тілдік мақсаттар қандай? Біз оларды неліктен қолданамыз? «Кесінділер мен бұрыштар» бөлімінде «Математика» пәні бойынша тілдік мақсаттарды тұжырымдау. Топ әзірлеген тілдік мақсаттарды 4 күндегі, 2 сабақтағы 2 үлестірме материалдың тілдік мақсаттарының үлгілерімен салыстыру.
  • Қандай толықтырулар енгізу керек?
  • Тілдік мақсаттар қойғанда нені ескеру қажет?

Жұптасқан жұмыс. Оқу бағдарламасының «Геометрия» бөлімі бойынша сабақ жоспарын дайындау. Негізгі және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасына сәйкес топтарға кіші бөлімдер бойынша тапсырма беріледі:

  • геометриялық пішіндер туралы түсінік;
  • геометриялық пішіндердің өзара орналасуы;
  • метрикалық арақатынастар;
  • векторлар мен түрленулер.

Сабақ жоспарларын «Сабақ жоспарының мықты жақтары», «Сабақ жоспарының әлсіз жақтары» Т-кестесі бойынша өзара бағалау.

Кері байланыстың қорытындылары бойынша сабақ жоспарын жетілдіруге уақыт беріледі.

Рефлексия:

  • Мен бұл сабақтан нені түсіндім?
  • Менің сабақ жоспарлау практикамда қандай өзгерістер болды?
  • Менің келесі қадамдарым қандай?

Дебрифинг – бұл не істелгенін және қандай тәсілдермен істелгенін, нені жақсартуға болатынын, ал өзінің мінез-құлқында нені сақтау керектігін оқушымен бірге талқылау. Дебрифинг дұрыс немесе бұрыс шешімдер болмайтын жерде қолданылады. Ол жұмыс жағдайында, оқушының қандай да бір нақты әрекетінен кейін, жеке немесе топта жүргізілуі мүмкін. Тренер оқу үдерісінде осы әдісті қолданып, оқушыларға артықшылықтары, кемшіліктері және кейбір балама нұсқаларға ықтимал реакциялары жөнінде ойлануға және талқылауға мүмкіндік береді. Мұнда кепілді нәтиже жоқ. Дебрифингтің мақсаты – қандай да бір айрықша іс-қимыл жоспарын мақұлдау емес, ықтимал нұсқаларды қарастыру.

Теориялық және практикалық сабақтардың нәтижелерін бекіту үшін дебрифингті пайдалану.

Оқу нәтижелілігін бағалау үшін дебрифингті қолдану.

Оқытушы кері байланысты бірлескен жұмыс кезеңдерінің бірінде, сондай-ақ сабақтың соңғы нәтижелері бойынша қолдана алады. Орын алған жағдайға нақты баға беріп, өзінің кәсіптік пікірін жеткізу керек. Бұл оқушылардың нені үйренгенін (нені бекіту қажет) және алда қандай бағытта жұмыс істеу (нені түзету) керектігін түсінуі үшін маңызды.

Осылайша, кері байланыс оқу үдерісін интерактивті етеді. Ұжымдық шешімдерді қабылдаудың интерактивті технологиялары тек оларды іздестіру мен дамыту үдерісін ғана емес, сонымен қатар оларды жүзеге асыру бойынша жобаларды әзірлеуді қамтитындықтан, қатысушылар жұмысының нәтижесін және оқу сапасын талдау пікірталас, дебрифинг, рефлексия және коммуникативтік кері байланыстарды қамтиды.

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты,а вы получите:
  • доступ к 10 000+ полезным статьям
  • 9 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль