text
MCFR.KZ Образование

Орманға серуендеу: бүкіл сыныппен демалысты қалай қауіпсіз өткізу керек

  • 24 апреля 2018
  • 20
Орманға серуендеу: бүкіл сыныппен демалысты қалай қауіпсіз өткізу керек
Орманға серуендеу: бүкіл сыныппен демалысты қалай қауіпсіз өткізу керек

Орманға серуен – ол әрдайым үлкен әсер және үзілістегі қызу әңгіме. Ең бастысы – жақында өткен саяхат туралы естеліктерді бүлдірмеудің қамын ойлау керек.

Сондай-ақ журналдан оқыныздар:

Қауіпсыз жаз

Мектеп  жанындағы жазғы лагерь жұмысы

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бағдарламасы

Әдетте сабақта «Орманға серуендеу» атты шығармада жақында өткен серуен туралы көптеген теңеулер мен асыра мадақтауды кезедстіруге болады, бірақ қаншама жағымсыз нәрселерден құтылуға тура келгенін мұғалімге ғана мәлім. Ендеше, балалардың орманда барынша қауіпсіз серуендеуін қалай өткізуге болады, сол туралы сөйлесейік, өйткені ол да мұғалім мамандығының бір бөлігі.

Кенелер, соналар және жыландар

Адамдарда кенелер ағаштарда отырады, сол жерден олар адамдарға жабылады деген пікір қалыптасқан. Шын мәнінде ол кішкентай өрмекші тәрізділер  шөптер мен бұтақтардың арасында мекендейді.

Кене адамның денесіне қадалу үшін, әрдайым киімнің астына кіріп кетуге тырысады.  Осыдан қорғанудың ең қарапайым тәсілі – бұл шалбардың балағын шұлыққа салып, жеңдеріңді түймелеу.

Кенелердің барлығы қауіпті ауруларды жұқтырушы болып табылмайды. Сондықтан, денеңіздегі кенені байқағанда,  саспаңыз. Оны жіппен орап, жан-жаққа сілкіп, алып тастауға тырысыңыз, бірақ басы теріңізде қалып қалмауға тиіс.

Бәрінен бұрын орманда соналардан, бүгелектерден және аралардан қауіптену керек. Балаларға аралардың ұясын бұзуға тыйым салыңыз. Дәрі қорабына  антисептик пен лимон қышқылын салып қойыңыз. Өзімен бірге гистаминге қарсы заттың болғаны артықтық етпейді. Ерекше жағдайларда (жүрек айну, бас айналу, дене қызуы) науқасты дәрігерлерге көрсету қажет.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Жыландар

Жыландар шын мәнінде шошытарлық көрінетінін мойындаймыз. Бірақ тіпті улы жыландардың тістегені де сирек жағдайда өлімге апарады. Серуенге шығар алдында балаларға орман мекендеушілерімен кездесу қаупін азайтатын бірнеше қарапайым қағидаларды түсіндіріңіз.

Әдетте, жыландар бірінші болып шабуыл жасамайды, сондықтан жай ғана аяқтарының астында мұқият қарау керек. Жыланды көргенде, қалған топ мүшелерін ескерте отырып, шегіну керек. Кез келген жылан экожүйенің маңызды қатысушысы болып табылатынын балалар білген жөн.

Бырақ баланы жылан тістеп алса, салқынқанды және тез әрекет ету керек. Жарасын таза шүберекпен байлап, баланы тезірек жақын маңдағы ауруханаға жеткізіңіз. Қалғанын дәрігерлер жасайды.

Улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтар

Сереунге шығар алдында балалар арасында улы жидектер мен саңырауқұлақтар тақырыбына шағын ликбез жүргізіңіз. Басты қағидат – аузына жегің келетін нәрсенің бәрін сала бермеу. Әсіресе улы саңырауқұлақтарды жеуге жарайтын саңырауқұлақтардан ажырата білу маңызды. Барлық күмәнді нәрселерді улы деп пайымдаған дұрыс.

Басқа да қауіптер

Сіздің топтың болотаға түсіп кетуінің бірқатар белгілері бар. Қазанақ, шалғын, көкжидек және мүкжидектің көптігі, мүктің астындағы шығып жатқан су – міне, әрі қарай бармаудың белгілері осы.

Егер топ саз батпаққа түсіп кетсе…

Соққы батпаққа түсіп кетсе, балаларға үрейленбеу керек екенін ескертіңіз. Көмекке шақыру белгісін беріп, сөмкені тастап, батпақтан шығудан тырысу керек. Ал батпақтан шыққан соң, әрі қарай жылжып кетуі тиіс.

Зейінді мұғалім ешқашан балалардың жоғалып кетуіне жол бермейді. Дегенмен топтың әрбір мүшесі орманда жалғыз қалса, өзін-өзі қалай ұстау керек екенін білуі тиіс.

Егер топтың бір мүшесі жоғалып кетсе...

Әр баланың құтқару қызметінің 112 – нөмірі бар ысқырығы мен телефонының бар екеніне көз жеткізіңіз. Егер бала адасып кетсе, онда оның үнемі ысқырықпен белгі беріп, дыбысқа немесе түтіннің иісіне жылжу керек екенін түсіндіріңіз.

Егер найзағай басталса…

Нөсер ғана емес, найзағай да қауіп төндіреді. Найзағай басталғанда, бөлек тұрған ағаштардан аулақ болу керек екенін балалардың есіне түсіріңіз. Тегіс жерде темір шатыры бар сарайды паналағанша, жарға түсіп отырған дұрыс. 

Біз орманда қалалық балаларға қауіп төндіретін жағымсыз оқиғалардың тек шағын тізімін ғана атадық. Бірақ мұқият дайындық пен ұқыптылық балаларға орманға серуендеудің бар ғажабын ашуға мұғалімге мүмкіндік береді.  

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты