text
MCFR.KZ Образование

Педагогикалық қорытынды кеңес

  • 24 апреля 2018
  • 157
Педагогикалық кеңес
Педагогикалық кеңес

Балабақшадағы педагогикалық кеңес – педагог қызметкерлердің өзін-өзі басқаруының үнемі әрекет ететін алқалық органы. Ал әдістемелік жұмыс тұрғысынан қарасақ, бұл «педагогикалық шеберлік мектебі».

Сондай-ақ журналдан оқыныздар:

«Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» электрондық журналында әндердің минусовкаларын жариялауды бастадық

Барлық білім беру-тәрбиелеу процесін басқарудың жоғары органы ретінде педагогикалық кеңес балабақшаның жылдық жоспарының нақты міндеттерін шешеді.  Оның қызметі мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық кеңесі туралы жарғымен және ережемен анықталады. Оның құрамына бүкіл педагог қызметкерлер мен  қосымша істеушілер кіреді.

Оқу жылы ішінде бес педагогикалық кеңес өткізіледі: нұсқаушы педагогикалық кеңес, үш тақырыптық және қорытынды.

Педагогикалық кеңес формалды шара болмауға тиіс: отырды, тыңдады, дәстүрлі шешім қабылдап, тарасты. Нақты тақырыпты қарастыру үшін дайындық пен өткізудің дұрыс және неғұрлым тиімді технологиясын табу керек. Талқыланатын мәселелер педагогтар мен шығармашылық топтары үшін нақты міндеттерді үйлестіруге тиіс. Бұл  сауалнамаға арналған сұрақтар немесе шағын топтарға арналған шығармашылық тапсырмалар болуы мүмкін. Меңгеруші мен әдіскер бұл шараны педагогқа қызықты болатындай ұйымдастыруға тиіс, отырыста педагог теориялық білім түрінде ғана емес, тәжірибелік кеңестер мен ұсынымдар түрінде жаңа бір нәрсені біліп шығуға тиіс. Міне, сондықтан да әрбір педагогикалық кеңес көп еңбек пен дайындықты талап етеді.

Дайындық алгоритмі

  • Мақсаттар мен міндеттерді анықтау.
  • Шағын шығармашылық топ құру (ми орталығы).
  • Қарастырылып отырған мәселе бойынша әдебиетті іріктеу және бастапқы материалды дайындау.
  • Педагогикалық кеңесті дайындау мен өткізу жоспарын құру (сұрақтар, өткізу жоспары, сауалнама мен ашық түрде қарау кестесі өткізуге дейін кем дегенде бір ай бұрын ілінеді).
  • Сауалнама әзірлеу және өткізу.
  • Білім беру-тәрбиелеу процесінің ашық түрде қаралуына қатысу.
  • Цифрлық материалды талқылау, өңдеу.
  • Жұмысқа психологиялық қызметті енгізу: ата-аналардан сауалнама алынады, шағын шығармашылық топтардағы жұмысқа дайындық жүргізеді.
  • Педагогикалық кеңес шешімінің жобасын әзірлеу.
  • Педагогикалық кеңес материалдарынан сандықша ресімдеу.

Педагогикалық кеңес жұмысының қағидаларын тұжырымдауға болады:

  • Бейтараптық жоқ.
  • Көтерілген қол ережесі.
  • Регламентті сақтай білу.
  • Дәлдік, қысқа сөйлеу.
  • Кез келген көзқарасты сыйлау.
  • Тыңдай және ести білу.

Педагогикалық кеңесті ұйымдастыру бағыттарының бірі жалпылаушы-талдамалық бағыт болып табылады: тәрбие процесінің жай-күйін, тәрбиеленушілердің даму деңгейін талдау;  педагогикалық тәжрибені жинақтау және талдау. Бұл міндеттерді оқу жылының соңында өткізілетін қорытынды немесе қорытындылау-ұйымдастырушылық педагогикалық кеңесі шешеді.

Қорытынды педагогикалық кеңестің негізгі міндеті –жылдық жоспардың орындалу нәтижелерін талдау және осы негізде жаңа оқу жылына арналған міндеттерді негіздеу және тұжырымдау.

Педагогикалық кеңестің дәстүрлі емес формалары қызықты және кең таралған.

  • Іскери ойын. Іскери  ойынның негізгі түрлерінің бірі – ми шабуылы. Ол ұжым жұмысының қорытындысын шағыру үшін пайдаланылады, сондықтан сценарийді ұсақ-түйегіне дейін ойластыру керек, рөлдер, тапсырмалар анықталады, регламент есептеледі. Қатысушылар қойылған сұрақтардың басын ашып алады, мақсаттар мен міндеттерді нақтылайды, педагогикалық кеңес  шешімінің негізіне жататын бағдарламалр құрастырады.
  • Дөңгелек үстел. Салмақты дайындықты және әр қатысушының қызығушылығын талап етеді. Оны өткізу үшін басшылар талқылауға арналған маңызды да қызықты сұрақтарды таңдауы керек, ұйымдастыруды ойластыруы қажет.
  • Ауызша журнал. Журналдың әр беті – жылдық жоспардың орындалуын талдау бөлімі (әкімшілік-шаруашылық қызметтен бастауға болады): әкімшілік жұмысы қалай бағаланады,қандай қиындықтарға ұшырасты, неменжұмыс істеу керек, балабақшаның жетістіктері.
  • Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі. Бұл әдіс жылдық міндеттердің орындалуын әртүрлі көзқарас тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді. Топта жұмыс істеу қызықты әрі тиімді болмақ. Әр топ өз қалпағын ұсынады, яғни проблеманы өз тарапынан сипаттауға тырысады.

«Тренинг технологиялары» атты қызықты мақала оқыңыздар

Жыл ішіндегі жұмысты талдау механизмі мынадай түрде ұсынылуы мүмкін:

  • Мамандардың: педагог-психолог, логопед, дене шынықтыру  жөніндегі, жүзу жөніндегі нұсқаушының, музыка жетекшісінің, қосымша білім беру педагогының жұмыс нәтижелерін өзіндік талдау.
  • Балалардың даму деңгейін іріктеу диагностикасы.
  • Ересектер тобындағы балалардың бағдарламалық материалды меңгеруінің салыстырмалы мониторингі.
  • Топтардың жұмысының рейтингі: конкурстарға, жобаларға қатысуынан құралады, топ ұжымының жұмысы туралы ата-аналардың пікірлері ескеріледі.
  • Педагогтардың рейтингі: тәрбиешінің кәсіби қабілетіне баға беруден, оның балалармен жұмыста қолданатын әдістері мен тәсілдерінің тиімділігінен, педагогтың кәсіби өсу жүйесінен құралады.
  • Ата-аналардан сауалнама алу. Барлық материалдар өңделеді, талданады және педагогикалық кеңеске қорытынды анықтама түрінде ұсынылады. Осы қорытынды талдау келесі оқу жылына арналған жоспардың бірінші бөлігі болып табылады, сондықтан көрнекілік үшін көптеген деректерді кесте немесе слайдтық таныстырылым түрінде ұсыну қажет.

Педагогикалық кеңес өткізуде безендірілген көрме маңызды рөл атқарады:

  • Балалар суреттерінің көрмесі (қосымша білім беру қызметі бойынша маман жұмысының есебі).
  • Әдістемелік көрменің таныстырылымы: педагогтардың өткен оқу жылындағы жұмыс тәжірибесі ұсынылады.
  •  «Осы оқу жылын қалай өткіздік» тақырыбында отбасылық газетті (әр топтан үшеуден) таныстыру, балалар өмірінің қызықты сәттері.
  • Фотоколлаж «Біздің табыстарымыз бен жетістіктеріміз». Педагогикалық кеңес регламентінде қойылған  міндеттерді шешу бойынша әр педагогтың өз пікірін айтуы, тәжірибесімен бөлісуі көзделуге тиіс.

Осындай толық талдау негізінде келесі оқу жылына арналған міндеттер анықталады.

Келесі бөлім жазғы сауықтыру кезеңіндегі жұмысты жоспарлауды қамтуға тиіс.

Осы мақсатта меңгеруші жаз мезгіліндегі жұмысты ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады. Жаз мезгіліндегі жұмыстың бағдарламасы мен жоспары бекітіледі.

Қорытынды педагогикалық кеңесті өткізу нұсқасын ұсынамыз:

Тақырыбы: «Өткен оқу жылындағы педагогикалық ұжым жұмысының нәтижелілігі»

Өткізу түрі: педагогикалық идеялар жәрмеңкесі.

Міндеттері:

  • Балабақша педагогтары қызметінің мониторингін өткізу.
  • Инновациялық педагогикалық тәжірибе ұсыну.
  • Жазғы сауықтыру кезеңіне арналған жұмыстың жоспарын бекіту.

Жәрмеңке өткізу тәртібі:

  • Жәрмеңкеде тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесі таныстырылады.
  • Әр педагог ұсынылған жұмыс тәжірибесінің таныстырылымын өткізеді (3–5 минут).
  • Жәрмеңке номинация бойынша өткізіледі.
  • Жәрмеңкенің ұйымдастыру комитеті әдістемелік жұмысқа баға береді.
  • Жазғы сауықтыру жұмысының жоспарын бекіту.

Номинациялар бойынша әдістемелік материалды ұсыну:

  • «Кәсіпқойлық қырлары» – мамандар: дене шынықтыру, жүзу жөніндегі нұсқаушылардың, логопедтің, қазақ тілі мұғалімінің, психологтың, музыка жетекшілері жұмысының қорытындысын ұсыну.
  • «Ойын ойнай жүріп оқимыз» – кіші топтағы тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесін ұсыну.
  • «Мектепке дейінгі баланың жеке тұлғасын тәрбиелеу» – ортаңғы топтардағы тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесі.
  • «Жақында мектепке барамыз» – ересектер тобындағы тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесі, психолог тестілеу негізінде мектепке дайындықтың мониторингін ұсынады.
  • «Жан-жақты тәрбиелеу» – білім беру салалары бойынша мониторинг ұсыну (барлық жас топтары).
  • «Бірдейлердің ішіндегі үздігі» – топтардың рейтингінің, педагогтардың кәсіби қызметінің қорытындысын шығару.
  • «Армысың, қызыл-жасыл жаз». Жаз мезгіліне арналған жұмыстың жоспарын бекіту, топтарды толымдау, балабақшаның жұмыс режимі.

Осылайша, әрбір педагогикалық кеңес өзара түсіністік ахуалында, әріптестерімен тәжірибесін бөлісуге деген құлшыныста өткізілуге тиіс, табыстар мен сәтсіздіктерді анықтау, қателерді түзету жолын белгілеу көзделеді. Балабақша әкімшілігінің педагогикалық кеңес – кеңесші орган екенін ұмытуына болмайды. Басшының міндеті –педагогтарды одақтастары ету, өз көзқарасын таңбау, бірлесе отырып ортақ пікірге келу.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты,а вы получите:
  • доступ к 10 000+ полезным статьям
  • 9 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль