text
MCFR.KZ Образование

Ата-аналарға кеңес: балаларға қалта шығындарына қанша ақша беру керек

  • 20 апреля 2018
  • 15
Ата-аналарға кеңес: балаларға қалта шығындарына қанша ақша беру керек
Ата-аналарға кеңес: балаларға қалта шығындарына қанша ақша беру керек

Әрбір отбасында балаларға қалта ақша беру мәселесіне әртүрлі қарайды, бірақ ата-аналар білуге тиіс жалпы қағидалар бар.

Сондай-ақ журналдан оқыныздар:

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру

Мектептегі тәрбие жұмысы

Қалта ақшасы туралы айтқанда, біз шын мәнінде балаларды қаржылық тәрбиелеудің өте жауапты тақырыбын қозғаймыз. Әр кезде, баланың алақанына белгілі бір сомадағы теңгені салып, ата-аналар жасөспірімге екі маңызды тұрмыстық қағиданы жеткізеді: ақшаның құндылығы бар және ақша жұмсауды білу керек.

Баланың қалта ақшасын жұмсау құқығы

Қалта ақшасы не үшін берілетінін және ол оны қандай мерзімде алып тұратыны туралы баламен сөйлескеннен кейін, сіз өзіңізге алған міндеттемелерді қатаң ұстануға тиіссіз. Осылайша бала барлық өмірлік процестердің ақшамен қамтамасыз етілетін қаржылық тұрақтылықтың негіздерін танып біледі.

Оның сатып алған заттарын қатаң түрде бақылаудың, қалта ақшасын беруді баланың үлгерімі немесе мінез-құлқымен байланыстырудың қажеті жоқ. Қатаң шектелген мөлшерде болсын, бірақ баланың қаржылық еркіндік сезімі болу керек.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Ақшаға қалай лайық болу және оны қалай жұмсау туралы ақыл-кеңестерге және нұсқаулықтарға бала мұқтаж емес. Ол оның жеке басының қаражаты, оны беру мектептегі және үйдегі істердің жай-күйіне байланысты емес екенін бала түсінуге тиіс.  

Екінші жағынан, шығыстарды жоспарлау толығымен өзінің мойнына жүктелетінін және қосымша демеуқаржының жоқ екенін жасөспірім білуге тиіс.

Ересектер өмірінде дәл осындай жағдай: шектеусіз несиелік лимиті бар сиқырлы банктер болмайды.

Сома қалай есептеледі?

Бәлкім, бұл мәселе ата-аналарды көбірек алаңдататын шығар. Бірақ есептеулердің нақты схемасын біз бере алмаймыз, өйткені әрбір отбасы өз мүмкіндіктері мен ауқатына сүйену керек.

Бірақ оқушының күнделікті шығыстарының сомасы жол жүру немесе тамақтану сияқты тұрақты шығыстардан және баламен қосымша келісілетін тұрақсыз шығыстардан (мысалы, ойыншықтар мен кеңсе тауарлары) қалыптасатынын айқын түрде болжауға болады.

Балаларға қалта ақшасын беру бойынша кеңестер

7–8 жасында бала ақшаның өзіндік құндылығы бар екенін, оны жоғалтпау немесе бүлдіруге болмайтынын түсіне бастайды. Бұл жаста онымен жеке басының шығындарына азғантай сомаларды беру туралы сөйлесуге болады.

Сома неге байланысты болуға тиіс?

Жоғарыда айтып өткендей, оқушыға берілетін ақшаның мөлшері қатаң түрде жеке есептеліп шығарылады, бірақ бірінші кезекте бұл жағдайда ата-анасының жиынтық кіріс мөлшері ескеріледі.

Осы қарапайым формулаға бірнеше объективті өзгермеліні қосайық: оқушының жасын, ұқсас мақсаттарға оның сыныптастарының қанша жұмсайтынын, ата-ананың балаға нақты ақша сомасын беріп тұру уәдесін.

Сома неге байланысты болмауға тиіс?

Жоғарыда көрсетілген ата-анамен баланың арасындағы уағдаластық факторына оралайық. Психологтар қаражатты беру алдын ала келісілген міндеттемелерге сүйенуге тиіс деп санайды. Балалардың қалта ақшасы оқушының үлгерімі немесе оның үйдегі міндеттемелері, ата-анасының көңіл-күйі сияқты факторларға байланысты болмау керек.

Бастысы – бұл екі нәрсені түсіну: сіздің әмияныңыздың қалыңдығына қарамастан, балаға  көп ақша беріп, еркелетпеңіз, және екіншісі – баланың үлкеюіне қарай оның қалта шығыстарының сомасы да өсуі тиіс екенін ұмытпау керек.

Бірте-бірте кешегі баланы: оқушыға қалай ақша табуға болады немесе демалыста жұмысты қалай табуға болады деген сұрақтар мазалайды, бұл оның ересек өмірге аттаған алғашқы қадамы.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться