text
MCFR.KZ Образование

Оқушылармен мақтанғыңыз келе ме – сабақта табысты жағдай туғызыңыз

  • 18 апреля 2018
  • 46
Оқушылармен мақтанғыңыз келе ме – сабақта табысты жағдай туғызыңыз
Оқушылармен мақтанғыңыз келе ме – сабақта табысты жағдай туғызыңыз

Өмірдің барлық саласында табысқа жетуге ұмтылу – біздің оқушыларымыздың, жасөспірімдердің, тіпті балалардың да армандайтыны дәл осы емес пе?

Сондай-ақ журналдан оқыныздар:

«Отбасылық мектеп»  кешенді-мақсатты бағдарламасы

Оқушы портфолиосы

Кез келген өмірлік табыс немесе қандай да бір саладағы жетістік әлеуметтенудің  белгілі бір үлесінсіз мүмкін емес. Егер бұл процесті жеке тұлғаны әлеуметтік ортаға кіріктіру арқылы  қарастыратын болсақ, тұлғаны дамытудың әртүрлі екі векторы бар:

  • әлеуметтік бейімделу қоғамдық құндылықтар мен нормаларды толықтай қабылдау түрінде;
  • әлеуметтік бейімделу таңдап алған жолдағы жауапкершілікті сезіну арқылы ортақ іске жеке өзіндік үлес қосу түрінде.

Оқушының өзін-өзі тануындағы сынып жетекшісінің рөлін кең тұрғыда сипаттап көрейік.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Мектепте табысты жағдай туғызу

Жас адамның сәтті түрде әлеуметтенуі процесіндегі мұғалімнің рөлі бізге оқушыға өзіндік мәнін ұғынуға мүмкіндік беретін бірқатар жағдай туғызудан көрінеді. Ал күн сайын дамып келе жатқан өз-өзіне жеткіліктілік, оқу болсын, шығармашылық немесе спорт болсын, баланың даму векторын таңдауын қамтамасыз етеді.

Өз тәрбиеленушілеріңізге назар аударыңыз – оқушылардың ұмтылыстары мен уәждері екі тамырдан бастау алады: ішкі (тұқым қуалаушылық, эмоционалдық) және сыртқы, тәрбие мен ортаның ықпалынан туындайды.

Сынып жетекшісінің кәсіби қорында «сынып жасы» ұғымы да алдыңғы орындардың қатарында, ол сіздің тәрбиеленушілер тобының жеке қасиеттерінің барлық жиынтығын көрсетеді.

Өзін-өзі тәрбиелеу факторы

Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуінде де сынып жетекшісінің алатын орны үлкен, әсіресе бұл жасөспірімдік кезеңде айрықша сезіледі.

Оқушы әзірге тәжірибесінің аздығынан өз талабы мен ұмтылысын дамытуға өзін-өзі сынау жолымен келуге қабілетсіз болғандықтан, өзін-өзі тәрбиелеу оған әлеуметтік қатынастар құруға көмектеседі.

Шебер ұстазға дамып келе жатқан мүмкіндіктерін өзіндік дамыту үшін оқушылардың алдынан кең алаң ашып беру ғана қалады.

Оқушылардың тұлғалық сапалы дамуының негізгі алғышарттары мыналар:

  • сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы тиімді педагогика;
  •  «балалар – ата-аналар – педагогтар» желісі бойынша құрылған сапалы әлеуметтік байланыстар;
  • сыныптағы салауатты психологиялық ахуал.

Оқушыға сәтті жағдай туғызу

Оқушыны ұжымның оның жетістіктері мен жеңілістеріне әрқашан әртүрлі үн қататынын айта отырып дайындаңыз. Бұл табыс оқиғасына әртүрлі көзқарастың болуымен түсіндіріледі: жеке тұлға оны субъективті түрде бастан өткереді, ал қоғам қашанда оның қызметінің ұжымдық бағасын қалыптастырады.

Өз қамқорлығыңыздағылардың табыс жағдайын жасауға жағымды жағдай туғызу жөніндегі операцияға қарағандай қараңыз. Сіздің қолданатын құралыңызды қарастырайық:

  • қорқынышты жеңу – жасқаншақтықтан арылыңыз, өзін-өзі жоғары бағалауына көмектесіңіз;
  • дұрыс болжал туғызыңыз – табысқа уәждеңіз;
  • дұрыс ынталандыру – оқушыға болашақ табыстың мағынасы мен пайдасын түсіндіріңіз;
  • таңдаулылықты сезіну – баланың мүмкіндіктері көп екеніне көзін ашыңыз;
  • егжей-тегжейлі назар аудару – жалпылауға әуес болмаңыз, оқушыны ағымдағы оқиғалар арнасында ұстаңыз.

Сіздің ата-аналармен өзара әрекетіңіз

Әрине, жастық шақ соншалықты жігерлі, эмоционалдық тұрғыда өзін-өзі соншалықты сынауға бейім. Өз оқушыларының жеке қасиеттері мен жас ерекшеліктері тұрғысынан орағыта  отырып, сынып жетекшісі ата-аналардың көмегіне сүйену арқылы тактикалық тұрғыда дұрыс қадам жасайды.

Осы бір «педагог – оқушы – ата-ана» үшбұрышы қатынасында мұғалімге бейресми өзара әрекеттің модераторы рөлі беріледі. Ресми шеңберден шығуға тырысып көріңіз, оқушыға бірден қолайлы болатынына, оның жанды қоғамдық толқынға сәтті түрде сіңіп кету мүмкіндіктері ұлғаятынына көз жеткізесіз.

Ең бастысы – ата-аналарға өз баласының ғана емес, әр оқушының табыстарын көрсете отырып, осы бір үшбұрыш қатынасының шегінен тыс қарай білу. Сонда табыстың –абстрактілі мақсат емес, күш пен ыждаһатты талап ететін және елеуге тұрарлық саналы акт екені түсінікті бола түседі.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться