Колледждегі тәрбие жұмысының әдістері

17
Колледждегі тәрбие жұмысының әдістері
Колледжге түскенде студент сауатты түрде іске асырылған кәсіби тәрбие, сондай-ақ өзін-өзі таныту мен кәсіби тұрғыда өз тағдырын өзі шешу мүмкіндігін алады.

Сондай-ақ журналдан оқи аласыздар:

Колледждегі тәрбие жұмысы

Колледжде оқыған жылдары студенттің кәсіби қызметінің іргетасы қаланады, өзі таңдаған мамандық бойынша жұмыс істеуге деген зор құлшынысы оның нәтижесіне айналмақ.

ТжКБ ұйымдарындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері – адамгершілік идеалдарына бағдарланған және рухани әрі физикалық тұрғыда өз-өзін дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі танытуға, азаматтық және кәсіптік борышын орындауға қабілетті студент тұлғасының дамуына ықпал ететін тәрбие жұмысын қалыптастыру.

Тәрбиелеу – күрделі, көпжоспарлы және көпдеңгейлі процесс. Оң нәтижеге:

  • әлеуметтік әріптестік кеңістігін кеңейту;
  • студенттің, оқытушылар ұжымының, колледж кураторының, тұтас колледж ұжымының, білім беру басқармасы органдарының, басқа да ұйымдар мен ведомстволардың өзара келісілген іс-әрекетін дамыту жолымен жетуге болады.

Белсенді өзара іс-әрекет колледжге тұлғаның өмірдегі өз орнын табуын қамтамасыз ету міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді, оны өзіндік іске асыру үшін және тұтас алғанда қоғамның экономикалық ілгерілеуі үшін жағдай жасайды.

Тәрбие жұмысы – тұлғаға, оның сабақта да, сабақтан тыс кезде де жүзеге асырылатын шеберлік пен қызығушылығына әсер ету.

Тәрбие қызметінің кешенді жүйесі оқушылардың дүниетанымын, белсенді өмірлік айқындамасын, қоғамдық мінез-құлық дағдыларын және адамгершілік негіздерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы

  • Тәрбиенің белгілі бір немесе басқа технологиясын қолданудың (инновациялық, дәстүрлі) мақсаттылығы.
  • Тәрбие әдістерін пайдалануды дараландыру.
  • Оқытушылар мен білім алушылардың технологияны таңдау мен іске асырудағы өзара әрекеті.
  • Тәрбиелеу әдістерінің гуманистік бағыты.
  • Тұлғаның өз-өзін тәрбиелеуіне, өз-өзін жетілдіруіне, шығармашылық тұрғыда дамуына жетелейтін тәрбие технологиясын пайдалану.
  • Студенттердің кәсіби сана-сезімін, таңдаған мамандыққа деген қызығушылығын қалыптастыру әдістері (оқу сабақтары, ғылыми-практикалық конференциялар, конкурстар, сынып сағаттары, мамандармен әңгімелер, дөңгелек үстелдер, жұмыс берушілермен кездесулер, бітірушілердің кездесулері, кәсіби мерекелер).
  • Патриоттық тәрбие беру, азаматтық позициясын қалыптастырудың нысандары мен түрлері (оқу сабақтары, сынып сағаттары, мерекелер мен кездесулер, мұражайларға экскурсиялар).
  • Адамгершілік тәрбиені қалыптастыру, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетіне, салауатты өмір салтына тәрбиелеу (оқу сабақтары, әңгімелер, акциялар, сынып сағаттары, айлықтар, диспуттар, пікірталастар және тағы басқа).

Тәрбие әдістері мен нысандары

Тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға тәрбие әдістері мен нысандарын сауатты пайдалану ықпал етеді.

Колледждегі тәрбие әдістері – оқытушының орнықты пайымдаулар мен белгілі бір мінез-құлық нормаларын қалыптастыру мақсатында студенттің сана-сезіміне, ерік-жігері мен мінез-құлқына ықпал ету тәсілдері.

Бұл – білім беру-тәрбиелеу міндеттерін шешу мақсатында оқытушы мен білім алушының кәсіби тұрғыда өзара әрекеттесу тәсілдері. Әдістер тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара әрекетін қамтамасыз етеді. Осы өзара әрекет студенттердің педагогикалық мақсаттағы өмірі мен қызметінің жетекшісі әрі ұйымдастырушысы ретінде көрінетін оқытушының жетекші және бағыттаушы рөліне құрылады.

Оқытушы жасөспірімге түрлі тәсілдермен ықпал етеді:

  • әсер ете отырып, дереу ден қоюын күтеді;
  • септеседі, яғни оған көмектеседі;
  • өзара әрекет етеді – тәрбиеленушімен ынтымақтаса жұмыс істейді.

Тәрбие процесі тәжірибесінде тәрбиелеудің түрлі әдістері бар:

  • сендіру;
  • дұрыс үлгі көрсету;
  • жеке үлгі;
  • талап;
  • сену;
  • сенбеу;
  • дағдылану;
  • тапсыру;
  • қауіп;
  • кешіру, т. б.

Шынайы тәрбие әдістерін жалған әдістен ажырата алу маңызды. Жалған әдістерге көндіру, үгіттеу, жалыну; ғибрат, моральдық ақыл-өсиет, ақыл айту; педагогтың ашулануы, сөгіс, ұсақ-түйекке соқтығу; жазғыру, қорқыту; асыра мақтау, т. б. жатады. Оқытушы тәрбие процесінде ықпал етудің тиімсіз әдістерін пайдаланбау үшін өзін ұстай білуді үйрену керек.

Тәрбиенің жағымды әдістері

Түсіндіру – қандай да бір идеяның, ереженің, заңның, айқындаманың, т. б. мәнін монолог түрінде баяндау. Әдіс еркін әңгімеде, студенттермен диалогтық қарым-қатынаста, пікірталаста, лекцияда пайдаланылады.

Сендіру – әдіс әртүрлі сұрақтар: мінез-құлық нормалары мен ережелері, өзара қарым-қатынасы, құндылық бағдары, көзқарастары бойынша білім алушылардың ұғынған және қабылдаған көзқарасын қалыптастыру үшін қолданылады.

Сендіру әдісі білім алушының бойында белгілі бір немесе өзге білімнің, пайымдаудың, пікірдің дұрыстығына сенімділікті қалыптастыруға әсерін тигізеді. Демек, осы әдісті пайдалана отырып, жасөспірім санасында белгілі бір ақпаратты беру және бекіту, оған қатысты сенімділікті қалыптастыру керек. Идеялардың дұрыстығына сенімділік практикалық қызмет процесінде қалыптасады. Сендіру тәсілі ретінде оқытушы әңгімені, сұхбатты, түсіндіруді, диспутты пайдалана алады.

Қайтадан көзін жеткізу. Студенттердің көзқарасында, пайымдауында, бағалауында, талғамында үлкен ала-құлалық жиі байқалады, олар көбіне қате немесе теріс болып жатады. Барлық осындай жағдайларда оқушылардың қайтадан көзін жеткізу немесе қайта бағдарлау, айқындамаларын, адамгершілік нормалары мен мінез-құлық қағидаларын өзгерту әдісіне сүйенген орынды. Әдісті қысым көрсетпей дұрыс пайдалану керек, дегенмен орнықты және батыл болған жөн. Бұл – жағымды көзқарастарын қалпына келтіру, дамыту және бекіту әрі теріс көзқарастары мен қасиеттерін еңсеру үшін білім алушылардың ішкі әлемі мен мінез-құлқына мақсатты түрде әсер ету.

Кеңес беру – білім беру ұйымдарында кең таралған және қолдануда қарапайым. Оқытушылар өзінің педагогикалық және өмірлік тәжірибесіне сүйенеді, оны кеңес арқылы беруге ұмтылады.

Талап ету – ынталандырушы функцияны атқарады және міндет ретінде алынады, өзіндік тежеу рөлін ойнайды. Тура және жанама түрде берілуі мүмкін. Тура талап іскери, батыл сарында беріледі, көбінесе ықшамды сипатқа ие, онда оқытушының әмірлі позициясы көзделеді. Жанама түрдегі талап барынша кеңейтілген – нұсқаулықтар, кеңестер, өтініштер. Педагогикалық талап білім алушыға немесе оқу тобына жеке берілуі мүмкін.

Қоғамдық пікір – студенттер ұжымының дамуымен әрі қалыптасуымен бірге қалыптасады және сонда әрекет етеді. Бұл – ұжымның студент тұлғасына ықпал ету әдісі. Білім алушының өмірінде айтарлықтай рөл атқарады, олардың іс-әрекеттерін, пайым-пікірлерін айқындайды. Бағалау, шектеу және ынталандыру функциясын атқарады.

Үлгі – тәрбие процесінде дүркін-дүркін жалықтырмайтын нысанда қолданылады. Көбінесе білім алушылардың кәсіби тұрғыда қалыптасуы үшін қолданылады. Білім алушылардың қатты әсерленуін, мақсатын анықтауды туғызу мақсатында пайдаланылады.

Тапсырыс пен тапсырма – жеке және топтық, уақытша және тұрақты болуы мүмкін. Тапсырма ұйымдастырушылық, оқу, ғылыми-саяси, еңбек, эстетикалық, спорттық, адамгершілік-этикалық, экологиялық болып бөлінеді. Тапсырыс пен тапсырма:

  • қоғамдық құндылыққа ие;
  • нақты және түсінікті болады;
  • білім алушылардың мүддесін, мүмкіндіктері мен қоғамдық қажеттіліктерін ескереді;
  • бірте-бірте күрделене түседі;
  • эпизодтық емес, дәйекті-жүйелі сипатқа ие.

Жаттығу – бұл «дағдылану». Жаттығулар мына түрлерге бөлінеді:

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 4-2018 

«Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль