text
MCFR.KZ Образование

Арнайы пәндер сабағында жобалау қызметін қолдану

  • 17 апреля 2018
  • 32
Жобалау қызметі
Жобалау қызметі

Оқытушы практика барысында заманауи талаптарға сай технологияларды қолдануы тиіс.

Сондай-ақ «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқи аласыздар:

Мектепке дейінгі білім беруді дамыту менеджменті мен мониторингін жетілдіруге бағдарлаған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартудың, мектепке дейінгі педагог кәсібінің беделін арттырудың аясында болашақ маман үшін оқу пәндерін оқу нәтижелілігі ғана емес, сонымен бірге адамның өзін өзі тану мүмкіндіктеріне деген көзқарасы, бейстандартты құралдардың көмегімен оқу процесінде тұлғалық және кәсіби тәжірибе жинау, білім алушылардың жаңа білімді өз бетімен алу және қолдану ынтасы мен машықтары сәттілік өлшемшарттарына айналады. 

Оқытушы білім беру процесінің нәтижелілігін арттыру үшін заманауи педагогикалық технологияларды заманауи ақпараттық технологиялармен үйлесімділікте қолданады: дәстүрлі және тұлғалық бағдарланған оқыту, ынтымақтастықта оқу, оқуға сараланған тұрғыдан келу, жобалау әдісі, оқытудың зерттеушілік әдістері, дәріс-семинар-сынақ жүйесі, оқытуда ойын әдістері (рөлдік, іскерлік, және өзге оқыту ойындарын), денсаулық сақтау технологиялары, «портфолио» инновациялық бағалау жүйесі және т. б.

Оқу сабақтарын ұйымдастырғанда оқытудың түрлі нысандары қарастырылады: дәрістер, дәріс-сұхбаттар, оқытудың техникалық құралдарын қолдану арқылы өткізілетін практикалық сабақтар, іскерлік ойындар және т. б. № 2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледлжінде арнайы пәндерді оқу мектепке дейінгі ұйымдардағы өндірістік практикамен тығыз байланысты.

Оқу материалын меңгеру барысында белсенді ойлау және практикалық қызметті ынталандыру үшін оқытудың белсенді стратегиялары мен әдістері қолданылады: мәселелі әңгімелесулер, пікірсайыстар, шығармашылық практикалық және өзіндік жұмыстар, дидактикалық ойындар және т. б. Оқытудың белсенді әдістері дәстүрлі, сондай-ақ дәстүрлі емес сабақтарда, семинарларда, практикумдерде, факультативтерде, аудиториядан тыс және оқуды ұйымдастырудың өзге нысандарында қолданылады. Қазіргі кезде біздің жұмыс практикамызда жобалау әдісі белсенді қолданылуда, ол оқу міндеттерін ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік міндеттерді де сәтті шешеді. ҚР мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес педагогикалық колледжде білім алушы оқу процесінде жалпы және кәсіби біліктіліктерді меңгеруі тиіс. Жалпы біліктіліктер – бұл кәсіби міндеттерді сәтті шешуге мүмкіндік беретін білім, машықтар мен дағдылар.

Жобалау әдісі білім алушыларға өндірістік қатынастар жүйесінде өзін белсенді танытуға мүмкіндік береді, олардың жаңа әлеуметтік ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді, өз қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру дағдыларын меңгеруге, шығармашылық қабілеттерін ашуға және танытуға, жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді.

Білім алушылардың жобалау қызметі – бұл мақсаты ортақ, нәтижеге жетуге – жоба құруға бағытталған қызметтің келісілген әдістері мен тәсілдеріне ие бірлескен оқу-танымдық, шығармашылық немесе ойын қызметі.

Қызметтің аса маңызды белгілеріне сәйкес жобаның бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады.

Жобалар түрлерін сыныптау

Уақыт ұзақтығы бойынша

қысқа мерзімдік

орта мерзімдік

ұзақмерзімдік

Дидактикалық құралдарын қолдану бойынша

ақпараттық және коммуникативтік

классикалық

Басымдыққа ие қызмет тәсілі бойынша

зерттеушілік

танымдық

шығармашылық

ойын

практикалық-бағдарланған

Жобаға қатысушылардың саны бойынша

жеке

ұжымдық

жұптық

топтық

Кіріктіру деңгейі бойынша

пәндік

пәнаралық

Білім алушылардың жобалау қызметі тәжірибесін қалыптастыра отырып, біз екі негізгі бағытты қолданамыз:

  • оқу жоспарымен қарастырылған түрлі арнайы пәндерді меңгеру барысында жобалау технологияларын қолдану (балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі, қарапайым математикалық түсінік қалыптастыру әдістемесі, тіл дамыту әдістемесі және т. б.);
  • білім алушыларды шығармашылық жобаларды іске асыруға тарту, соның ішінде 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша болашақ кәсіби қызметімен байланыстылары да бар.

Жобалау әдісі – бұл қандай да бір жолмен рәсімделген белгілі практикалық нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық талдау арқылы дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Оқытушылар өзінің педагогикалық қызметінде дербес, сондай-ақ топтық оқу-зерттеу жобаларын қолданады. Топтық жобалардың басымдығы жобалау тобы мүшелерінің ынтымақтастық дағдыларының қалыптасуына байланысты, оның барысында әр білім алушы өзінің мықты жақтарына қарай белгілі жұмыс кезеңіне белсенді қосылады. Осының бәрі жалпы және кәсіби біліктіліктерді қалыптастыруға ықпал етеді.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Мұндай жобаларды іске асыру барысында білім алушыларға жобалық тапсырманы орындау барысында тек оқу және кәсіптік білімдер ғана емес, сонымен бірге оған жету мақсаттары мен тәсілдеріне қарай өз қызметін ұйымдастыру, шешім қабылдау, өз жұмысының нәтижесіне жауапты болу, ұжымда жұмыс істеу, жұмысты орындау, нәтижелерді рәсімдеу және т. б. барысында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану машықтары қажет болады.

Жобалау қызметін ұйымдастыру құрылымы

  • Жобаның тұжырымдамасын әзірлеу: жобаның тақырыбы мен мақсаттарын белгілеу.
  • Жобаны жоспарлау: ақпарат көздерін, ақпаратты жинау және талдау тәсілдерін, нәтижені және процесті ұсыну тәсілдерін, міндеттерді, тапсырмаларды бөлу тәсілдерін анықтау..
  • Зерттеу: ақпарат жинау, негізгі құралдардың: бақылаудың, эксперименттердің көмегімен аралық міндеттерді шешу.
  • Нәтижелер/тұжырымдар: ақпаратты талдау, қорытындыларды тұжырымдау.
  • Жоба қорғау.

«Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі» атты практикалық-бағдарланған жобасы жобалар түрінің біріне мысал бола алады. «Іскерлік ойын» нақты немесе әлеуетті мүмкін педагогикалық жағдаятты, сондай-ақ тәрбиешінің осындай жағдайдағы іс-әрекетін белгілеу үшін қолданылады. Бұл – ойлау қызметін белсендірудің маңызды әрі қажетті тәсілі. Сонымен бірге ойын керемет диагностикалық материал болып табылады. Ол білім алушылардың болашақ кәсіби қызметке дайындығын білдіреді.

Ойын кезеңмен өткізіледі:

  • бағдарлама өнімдерін әзірлеушілердің топ-компанияларын қалыптастыру;
  • практикалық тапсырманы орындау және өз жобасын дайындау;
  • жобаның презентациясы;
  • қорытындылау.

Экологиялық жоба тақырыптары әртүрлі болады: «Қыста құстарға көмектесейік», «Табиғаттың жасыл бұрышы», «Экологиялық сүрлеу», «Табиғат бұрышындағы жануарлар әлемі», «Сиқырлы су», «Ғажайып жаңалықтар әлемі», «Емдік өсімдіктер» және т. б.

Жобаны аяқтау жобаны қорғау қорытындылаудан тұрады. Жұмысты бағалау негізгі әзірленген өлшемшарттар бойынша жүреді.

Білім беру процесінде жобалау қызметін бұдан әрі қолдану білім алушылардың білікті білім беру траекториясы бойынша ілгерілеуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге мектепке дейінгі білім саласының біліктілігі жоғары педагог мамандарын даярлауға, теоретикалық білімді кәсіби тәжірибеге айналдыруға мүмкіндік береді және тұлғаның өзін өзі дамытуға жағдай жасайды, шығармашылық әлеуетін танытуға ықпал етеді, білім алушылардың өзін өзі анықтауына және іс жүзінде танытуына септігін тигізеді. Бұл ақырында еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілік пен сұранысты қамтамасыз ететін орта кәсіптік білім беру ұйымы түлектерінің жалпы және кәсіби біліктіліктерін қалыптастырады.

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты