text
MCFR.KZ Образование

Ұзартылған күн тобында музыка сабақтарын ұйымдастыру бойынша кеңестер

  • 30 марта 2018
  • 0
Ұзартылған күн тобында музыка сабақтарын ұйымдастыру бойынша кеңестер
Ұзартылған күн тобында музыка сабақтарын ұйымдастыру бойынша кеңестер

Кәсіпқой музыкант болмасаң да техникалық құралдар мен білімді шебер қолдана отырып, ұзартылған күн тобындағы музыка сабақтарының сапасын арттыруға болады.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Черлидинг – мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық қасиеттерін дамыту

Музыкалық ойындардың көмегімен шығармашылық қиялды дамыту

Ойын технологиялары музыка сабағында


Қимыл мен дербестік басым – музыка мұғалімінің ұзартылған күн тобындағы (бұдан әрі – ҰКТ) балалармен жұмыс тәсілін қысқаша осылай сипаттауға болады.

Тәрбиеленушілерге кейде жазылып алған музыканы ұзақ уақыт тыңдау қиынға соғады. Әртүрлі ырғақты қимылдарды ұйымдастыра отырып, әсіресе марш, би, оркестрлік музыканы тыңдағанда сіз балалардың материалды меңгеруін жеңілдете аласыз.

Музыка сабағындағы қызмет түрлері

Оқушылардың музицирлеуді меңгеруіне, музыкалық-есту қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін музыка қызметінің негізгі түрлерін қарастырайық.

Музицирлеу

ҰКТ сабағында тыңдаумен қатар жеке, сондай-ақ топпен музицирлеу белсенді қолданылады. Балалармен бірге халық және симфониялық оркестр аспаптарында ойнаңыз!

Сахналау

Сіз балаларға қарапайым музыка аспаптарында ойнауды немесе ойнауға еліктеуді ұсына аласыз. Әртүрлі қойылымдар мен пантомима арқылы оқушылар музыкалық қимылдарды жеңіл орындайды, оларға шығарманың мінезін, мазмұнын жеткізу оңай.

Әңгімелеу

Оқушыларды сүйікті орындаушылары немесе шығармалары туралы әңгімелеуге белсенді түрде тартыңыз. Материалдарды келешекте қолдану үшін балаға әңгімені иллюстрациялары бар альбом түрінде рәсімдеуге көмектесіңіз.

Музыканттарды тарту

Егер вокал топтарындағы, хор немесе би ұжымдарындағы балаларды көмекші ретінде тартатын болсаңыз, онда сіздің жұмысыңыз барынша жеңілдейді. Егер музыка сабақтары БММ балаларының аккомпанементімен өтсе, ол барынша қызығырақ бола түседі.

Көрнекілік құралдар

Кез келген жағдайда аспаптардың дыбысын тәрбиеленушілерге жеткізу үшін ҰКТ техникалық жарақтандырылуын қолданыңыз. Егер әр дыбысты аспаптың фотосуретімен иллюстрациялайтын болсақ, балалардың есту қабілеті барынша саналы әрі мықты бола түседі.

Балалар музыка сабағынан жарқын музыкалық әсер алуы үшін олардың қарапайым костюмдерді: гүлдесте, шәлі, бетперде, орамал мен үшкіл орамал қолдануын өтінуге болады.

Ұстаздар мен ересектерді қолдау

Тәжірибелі педагогтармен және ата-аналармен кері байланысты реттеген соң сіз өзіңіздің ықпал ету бағдарламаңызды оңтайландыра, сондай-ақ ҰКТ тәрбиешісінің жұмыс жоспарын дұрыс құрастыра аласыз.

Музыка мұғалімінің кеңестері

Тәрбиеші мерзім сайын музыка мұғалімінің кеңестеріне жүгіне отырып, музыкалық-эстетикалық қызметті ұйымдастырудың салыстырмалы күрделі кездерін де еңсеруге қабілетті. Мысалы, тәрбиеленушілерді жасқаншақтықтан арылту, тым ұялшақ балаларды импровизацияланған конценттерге қатыстыру.

Ата-аналар көмегі

Ата-аналармен музыкалық-эстетикалық тәрбие (МЭТ) мәселесі жөнінде сөйлесіңіз. Оларға балалармен бірге музыкалық шығарма тыңдауды ұйымдастыруды, жеке ән айтуды, бірге билеуді ұсыныңыз.

Ата-аналар балаларын бақылай отырып, олардың музыкалық қабілеттерін, биге немесе ән айтуға бейімдігін айқындай, олардың талғамдары мен дарындарын аша алады.

Қорыта келе, кәсіби музыкалық тәжірибесі болмаса да ҰКТ-да музыка сабағын ұйымдастыратын тәрбиешілерге қолдау көрсеткіміз келеді. Педагогикалық практика көрсеткендей, мұндай тәрбиешілер МЭТ барынша сәтті ұйымдастырады. Тек техникалық құралдарды шебер қолданып, музыка материалын дұрыс таңдай білу керек.

Тәрбиешілер сабақты қимылмен, шығармашылық пен оптимизм атмосферасымен қанықтыра отырып, мектептерге балалардың көркем өнерпаздығын жаппай енгізуге ықпал етеді.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты