Зияткерлік мектептер үлгісіндегі тәрбие жұмысының мазмұны

17
Зияткерлік мектептер үлгісіндегі тәрбие жұмысының мазмұны
Зияткерлік мектептердегі тәрбие жүйесінің ерекшеліктері тәрбие жұмысы мен жылдың негізгі оқиғалары бойынша жобаларды жасау арқылы білім беру құндылығын іске асыру болып табылады.

Қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысы

Тәрбиелеудің жаңа мазмұны

Тәрбие білім берудің басты артықшылығы ретінде

Негізгі оқиғалар – тәрбие жұмысының әрбір бағытының аяқталуы болып табылатын жалпы желілік шаралар. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының қызметі мектеп оқушыларының бұрыннан білетіндерін және қолынан келетіндерін оқытуға қосымша істей алуына бағытталған. Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары, міндеттері мен қалаған нәтижелерінің ортақ мүддесі бар, ол – алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу.

Зияткерлік мектептердегі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының қызметі:

  • оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға;
  • сыни сұрақтар мен сәттерді шеше білуге;
  • өзіндік рефлексия мен тәуелсіз ойлауды көтермелеуге;
  • оқушылардың әрі қарайғы өмірлік бағдарында бетпе-бет келетін негізгі ғаламдық мәселелерді түсіну және өзара әрекет жасауына бағытталған.

Сабақтағы және сабақтан тыс әс-әрекетті ұйымдастыра отырып, оқушылар өз түсінігі мен мүмкіндігін кеңейтеді, тұлғалық, жергілікті, ұлттық және жаһандық деңгейлерде маңызды зор тақырыптарды таңдайды және зерттейді. Оқушылар пікірталасқа түсуді үйренеді, жауапкершілік қабылдайды, өзгелердің пікірі мен дәлелдері қызықтырады, жобаларды әзірлейді және зерттейді. Дамытуды ынталандыруды, өз көзқарасы мен пайымдауларын мұқият және батыл түрде ұсынуды үйренеді. Дәлелдерді талдау, жинақтау және бағалау дағдыларын қалыптастырады, өз жобасының нәтижелері туралы ойланады.

Жобалар әдісі

Жобалар әдісін америкалық философ әрі педагог Дж. Дьюи әзірледі. Онда «іс-әрекет арқылы оқыту» қағидатына баса назар аударылады. Оқыту оқушының мақсатты әрекеті арқылы белсенді негізге құрылады. Балаларға олардың шынайы өмірлік жағдайына қажеті тиетін меңгерген білімдегі жеке қызығушылығын көрсеткен маңызды.

Әдіс негізіндегі басты мақсат – оқушылардың танымдық дағдыларын, өз білімдерін дербес құрылымдай алу, ақпараттық кеңістікке бағдарлану қабілетін, сыни және шығармашылық ойлауын дамыту. Ол әрқашан оқушылардың дербес әрекет жасауына бағдарланған: жеке, жұптық, топтық, оларды оқушылар белгілі бір уақыт бөлігі ішінде орындайды.

Жобалар әдісі топтық әдістермен тығыз үйлеседі, қандай да бір проблеманы шешуді көздейді. Орындалған жұмыстардың нәтижелері айтарлықтай болуға тиіс, яғни бұл теориялық проблема болса, шешімі нақты болуы керек, егер практикалық болса – нәтижесі пайдалануға дайын (сабақта, мектепте, шынайы өмірде).

Педагогикалық практикада оқытуға ықпал ететін жобалардың алуан түрі қолданылады.

Жобалардың сан алуандығы мен жіктемесі

Негізгі қызмет түрі бойынша

Зерттеу жобасы. Нақты сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар бастапқы зерттеуді пайдаланады (көбінесе екінші зерттеумен бірге). Мұндай жобалар көбінесе құрылымдық болып табылады.

Ақпараттық жоба. Оқушылар белгілі бір тақырып бойынша ақпаратты жинайды және талдайды. Ақпаратты жинақтайды және басқаларға жеткізу үшін пайдаланатын қорытындылар жасайды.

Шығармашылық жоба. Балаларға шығармашылық тапсырманың қысқаша сипаттамасы ұсынылады (мәселен, газетке мақала жазу, сценарий жазу, видео түсіру). Оқушылар мұндай тапсырманы қалай орындағысы келетінін таңдайды.

Жобалық-рөлдік ойын. Оқушыларға рөлдер таратылады (мәселен, бизнес-рөлдер немесе әдеби кейіпкерлер). Әрі қарай олар жобаны орындайды, өз рөлдерін атқара отырып, көбінесе топтық жоба түрінде өткізеді.

Практикалық-бағдарлау жобасы. Жобаның көзделген нәтижелері оқушылардың жеке қызығушылығын ұсынады және/немесе әлеуметтік мәнге ие.

Енгізілген пәндер саны бойынша

  • Бір пән («моножоба»).
  • Пәнаралық.

Жобаның көзделген нәтижелері бойынша

  • Жоба қызметінің жазбаша нәтижелері (есеп, эссе, каталог, хат, газет мақаласы, альманах, т. б.).
  • Визуалды нәтижелер (альбом, жоспар, карта, схемалық диаграмма, плакат, картина, анимация және т. б.).
  • Ауызша қорытындылар (таныстырылым, дебат, драма, жазба, видео және т. б.).
  • Бұйым түріндегі нәтижелер (жобалау тапсырмасына сәйкес бұйым, 3D модель және т. б.).
  • Іс-шара түріндегі нәтижелер (көрме, көшпелі, еңбекті қорғау бойынша жоба, әлеуметтік жоба, т. б.).

Қатысушылардың саны бойынша

  • Жеке.
  • Жұптық.
  • Топтық.
  • Әр мектептің/елдің қатысушыларын тарта отырып топтық (электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып).

Жобаның ұзақтығы бойынша

  • Қысқамерзімді.
  • Ортамерзімді.
  • Ұзақмерзімді.

Жоба әдістерін пайдалануға қойылатын негізгі талаптар

Шешім жасау үшін біріктірілген білімді, зерттеушілік ізденісті талап ететін зерттеу, шығармашылық жоспарында мәні бар проблемалардың/міндеттердің болуы (әлемнің түрлі аймақтарындағы демографиялық проблеманы зерттеу; бір проблема бойынша жер шарының әртүрлі түкпірінен репортаждар сериясын жасау; қоршаған ортаға қышқылданған жаңбырдың ықпал ету проблемасы, т. б.).

Көзделген нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық мәні (аймақтағы демографиялық жағдай туралы баяндама, осы жағдайға әсер ететін факторлар туралы, газетті, альманахты бірлесіп шығару; орманды қорғау; іс-шаралар жоспары, т. б.).

Оқушылардың дербес (жеке, жұптық, топтық) әрекеті.

Жобаның мазмұндық бөлігін құрылымдау (нәтижелерді кезең-кезеңмен көрсете отырып).

Белгілі бір әрекеттер жүйесін көздейтін зерттеу әдістерін пайдалану:

  • проблеманы және одан туындайтын зерттеу міндеттерін анықтау (бірлесе зерттеу барысында ми шабуылы әдісін, дөңгелек үстелді пайдалану);
  • болжамдар мен олардың шешімін ұсыну;
  • зерттеу әдістерін талқылау (статистикалық, эксперименттік әдістер, бақылау, т. б.);
  • түпкілікті нәтижелерді рәсімдеу тәсілдерін талқылау (таныстырылым, қорғау, шығармашылық есеп, көру, т. б.);
  • алынған деректерді жинау, жүйелеу және талдау;
  • қорытындылау, нәтижелерді ресімдеу, оларды таныстыру;
  • қорытындылар, зерттеудің жаңа проблемаларын ұсыну.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 4-2018 

«Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль