text
MCFR.KZ Образование

Әліппемен қоштасу

  • 12 апреля 2018
  • 24
Әліппемен қоштасу

Бастауыш сынып оқушыларына арналған сабақтан тыс іс-шараның сценарийі

Сондай-ақ журналдан оқи аласыздар:

Бастауыш  сыныппен  қоштасу

Қоштасар кез келді

1 Мамыр  – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Мақсаты:

  • «Сауаттылыққа оқыту» курсы бойынша оқушылардың жұмыс процесінде алған білімдерін қызықты ойын түрінде қайталау мен жүйелеуге ықпал ету;
  • қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру, бірлескен еңбек дағдыларына төселдіру;
  • кітап оқуға деген жағымды қатынасқа, сыныптастарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Мерекенің барысы

1-оқушы. Мектеп абыр-сабыр және у-шу.

2-оқушы. Көп ұзамай басталады! Менің костюмім қайда?

1-оқушы. Оля, Мақсат, жалаушаны беріңдер!

2-оқушы. Сыбыр, қозғалыс, дау-дамай, күлкі. Қандай мерекеге дайындалып жатыр? Құрметті қонақтар келетін сияқты ғой? Мүмкін генералдар келетін шығар?

1-оқушы. Мүмкін адмиралдар келетін шығар?

2-оқушы. Жоқ. Бос болжамды қойыңдар – қараңдар, міне, олар – қонақтар! Құрметті,  ең маңызды. Біздің бірінші сыныптықтар!

Музыка ырғағымен бірінші сыныптықтар шығады.

Мұғалім. Қымбатты балалар! Бүгін бізде салтанатты күн. Біз әдеттегіден өзгеше елге әдеттен тыс саяхатқа аттанамыз. Бұл елді сендер әлемнің бірде-бір картасынан таба алмайсыңдар. Біз онда тап қазір көліктің мүлде ертегілік түріне жатпайтын – орындықтармен аттанамыз. Сонымен, сиқырлы орындықтарға қолайлырақ жайғасыңдар және аттанайық.

Өмірде барлығы да кішкентай нәрседен басталады: дәннен – нан, сәуледен – күн, кірпіштен – үй, ал білім – әр адамның алғашқы кітабы – Әліппеден басталады.

Бүгін біз қыркүйектен бастап қазіргі күнге дейін бізге дос болған, осы уақыт бойы үн-түнсіз қалғанмен, сәт сайын бізді жақсылыққа, әділдік пен мейірімділікке үйреткен Әліппеге жақсы сөздер айтуға жиналдық.

Бірінші сынып оқушыларына сөз беріледі.

Терезеде қар ұшқыны қылаулап,

Күн сайын келеміз ақылды боп.

1-ші сыныпта – мереке бүгін

Әліппемен қоштасу жақынырақ.

Таңертеңнен оқушылар неге сабақта жоқ?

Балалар неге мерекедегідей киініп келді екен?

Әліппенің мұқабасы жоқ, бетбелгі жоқ…

Бәрі аздап толқулы, мұның сыры неде екен?

Мұғалім. Оқушылар бұл кітапты кеше оқып бітірді, ал бүгін – қоштасу күні, Әліппе мерекесі.

1-оқушы.

Суреттермен сөйлеткен,

Әріптерді үйреткен.

Баспа әріп пен жазба әріп.

Дауысты мен дауыссыз.

Айтыңдаршы, балалар,

Қай оқулық үйреткен?

2-оқушы.

Қош бол, құтты әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

(«Әліппемен достасу» әні орындалады)

3-оқушы.

Бұл кітапты әрең ашып,

«А» әрпін таныдық.

(«А» әрпі бар қағазды көрсетеді)

Мен үшін жақсы адам,

Артық көрем басқадан.

«Апа», «ана» сөздері,

А әрпінен басталған.

(«Ана» сөзін көрсетеді)

4-оқушы.

Таныстырып қырық екі әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

5-оқушы.

Әліппем менің, әліппем,

Өмірді көрем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Өзіңе көп-көп рахмет!

(Әліппені көрсетеді)

6-оқушы.

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана, қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты, міне, балаңыз.

Әліппе даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған,

Рахмет, ұстаз алғашқы.

Оқушылардың орындауында «Ұлдар мен қыздар» биі.

Мұғалім. Мереке жалғасуда, ал ең басты қонақ жоқ. Ол кім, балалар?(Әліппе)

Қане, шақырайық! (Әліппе, біз сені күтудеміз!)

Әліппе шығады.

Әліппе.

Армысыңдар, балалар!

Мен – Әліппе: оқуды үйретемін.

Мені білмеу мүмкін емес.

Мені жақсы үйренсең,

Кез келген бір  кітапты

Қиындықсыз қолға алып,

Оқи аласың сен!

Балалар, сендерді мектептегі алғашқы жеңістерің – Әліппенің аяқталуымен құттықтаймын. Оқуда әрі қарай да үлкен табыстарға жетіңдер.

7-оқушы.

Бар кітапқа бас болған

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Әліппе.

Әріптер, сапқа тұр! Дауыстылар, қайдасыңдар?

8-оқушы.

Дауыстылар әуезді әнге ұмтылар

Жылап қалар, мүмкін тіпті ақырар.

Қараңғы орман жаңғырады айғайдан

Аленканың тербетеді бесігін,

Ұрысуға, зуылдауға жоқ бірақ.

Әліппе.

Дауыссыздар, қайдасыңдар?

9-оқушы.

Дауыссыздар келісті

Сыбдырлауға, сыбырлауға сықырлап,

Пысқыруға, пышылдауға тағы да…

Ән салуға құлқы жоқ.

Әліппе.

Дыбысты белгілемейтін әріптер, қайдасыңдар?

(Осында!)

10-оқушы.

Ретімен тізбелі

Әрбір санды даралап,

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ?!

11-оқушы.

Алфавитті біліңдер,

Онда жүйе, қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

Қырық екі әріп бар!

Әліппе. Әріптер, рет бойынша санаңдар: А – алма, Б – бала, В – вагон, Г– гүл, т. б.

Есік қағылады. Жалмауыз кемпір көрінеді.

Біреуге көмектессең,

Уақытың босқа өтеді! Иә, иә, иә.

Жақсы іспен мақтануға болмайды! Иә, иә, иә..

Оқу жылы сендерге

Тек жиреніш әкелсін.

Тек екілік алыңдар.

Кейде үштік болады.

Терезені  сындырып,

Дүкендерге бармаңдар,

Төбелесің көп болсын,

Бейберекет орын алсын.

– Мұнда неге жиналдыңдар?

1-оқушы. Біз алғашқы кітабымыз – Әліппемен қоштасып жатырмыз.

Жалмауыз кемпір.

Бір жыл оқысаңдар да түк үйренбепсіңдер.

Білім министрі тапсырмамен жіберді

Бәрін жасырын тексеріп, бәріне екі қоюға!

Мен емтихан аламын, білмейтіндеріңді табамын.

Босқа тырысқандарыңды дәлелдеймін, одан да балабақшада қалғандарың жақсы еді!

Әліппе. Жалмауыз кемпір, балалар оқуды ғана емес, әдемі жазуды, түрлі оқиғалар мен әңгімелер ойлап табуды, тіпті оның мазмұнын айтуды үйренді.

Жалмауыз кемпір. Ой, сендер бәрің алдауды ғана білесіңдер, ештеңе істей алмайсыңдар. Әлде істей аласыңдар ма? Қалай айтуды ұмытып тұрғаным, баяғыда оқығам!

Сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. Ох, қиын сұрақ! Тіпті Қолтырауын Гена да шеше алмайды. Ал сендер, чебурашкалар, мүлде шеше алмайсыңдар!

Әліппе:          Балалар, мұқият тыңдаңдар.

Жалмауыз кемпір:

Бір ағай жилетсіз (билетсіз) келеді

Сол үшін айыппұл төледі.

Аралда дауыл соқты да,

Пальмада қалды бір бақан (банан).

Қақпада ауланған балық,

Торға бес қол (гол) салды.

Қуыршағын тастай сап,

Маша анасын шошытты:

«Анда жасыл доңыз (қоңыз) жүр,

Мұрты ұзын өзі дүр».

Сабақты оқымады, футбол ойнады

Сондықтан дәптерде тірлік (бірлік) пайда болды.

Жалмауыз кемпір. Бәрі ұғынықты, мен бәрін түсіндім. Менен де бірнәрсе сұраңдар, білімімді көрсеткім келеді!

2-оқушы. Жалмауыз, ал айтшы, 2+3 қанша болады?

Жалмауыз кемпір. Шамамен алты болады.

2-оқушы. Балалар, жауабы дұрыс па?

Қымбатты Жалмауыз кемпір, әрқашан мықты болу үшін, таңертең не істеу керек?

Жалмауыз кемпір. Мұны әр адам білуге тиіс, көбірек ұйықтау керек.

Әліппе. Мектептегі жылдар кітаппен, достықпен, әндерімен ғажап. Ал олар қалай зулайды десеңші, кері қайтара алмайсың!

Жалмауыз кемпір. Ой, шынымен солай ма? Мектептегі жылдар өте жаман, ең қорқынышты жылдар, пойыз сияқты созылып, ешқашан өтпей қояды!

Мұғалім. Құрметті үлкендер мен балалар, шынымен солай ма? (Жоқ)

Жалмауыз кемпір. Министрге не айтамын? Жағдайды не деп жеткіземін? «Ғылымды қазып жатыр, бірақ зерігу түптеріне жетеді!» деп айтамын.

1-оқушы. Біздің балалардың азамат екенін жеткіз, оны бәрі де біледі. Ал оларға бұл жолда Әліппе көмектеседі.

                         Бала кезде жақсы кітап оқымаған,

                         Көп қызықты көкейіне тоқымаған!

2-оқушы. Әліппе, отыр, балаларды тыңда.

Мұғалім. Қымбатты ата-аналар! Сіздердің араларыңызда конкурс өткізгіміз келеді. «Баланың былдыры» деп аталады, не туралы сөз болатынын ата-аналар аңғарған шығар.

Онда ұлдар мен қыздар көп, олар екілік пен бестік алады. Оларға музыка қосып береді, олар ақылды, мейірімді және сыпайы болып өседі. (Мектеп)

Ол оқу мен жазуды білмейді. Ол жазуды, сурет салуды, желімдеуді, кітап оқуды үйренеді. (Бірінші сынып оқушысы)

Оған қарай бәрі жүгіреді. Ол жүріп жатқанда, бәрі тыныш отырады, тыңдайды, жазады. (Сабақ)

Оған сурет салуға болмайды, шимайлауға болмайды. Бірақ кейбір оқушылар тіпті оның үстінде ұйықтап та қалады. (Парта)

Бұл – азғана сәттік сүйсіну. Кейде балалар оның қашан болатынын сұрайды, ал мұғалім оларға сабақтың енді ғана басталғанын айтып ұрысады. Кейде сабақта оқушы шығып келуге рұқсат сұрайды, ал мұғалім: «Ол болған кезде шығу керек еді» дейді... (Үзіліс)

Бұл жазда және қыста болады. Ол уақытта теледидарды ұзақ көруге немесе кітап оқуға болады. (Каникул)

Ол сөйлей береді, сөйлей береді, тіпті біз шаршасақ та сөйлеуін тоқтатпайды. (Мұғалім)

Мұғалім. Балалар, біздің ата-аналарымыз сондай ақылды, солай емес пе? Аналар мен әкелерге қол шапалақтап қояйық. Ал Әліппе мен бірінші сыныптықтар тақпақ әзірледі. Кәне, соларды тыңдайық.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 4-2018 

«Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты,а вы получите:
  • доступ к 10 000+ полезным статьям
  • 9 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль