Білім беру ұйымының күнделікті қызметін ұйымдастырудағы қамқоршылық кеңестердің рөлі

7
Білім беру ұйымындағы қамқоршылық кеңес
Білім беру ұйымындағы қамқоршылық кеңес
Білім беру ұйымындағы қамқоршылық кеңес – білім беру ұйымын алқалы басқару нысандарының бірі.

Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңесі

Мектептің қамқоршылық кеңесінің жұмысын жоспарлау

Ата-аналар комитетінің жұмысы


Алдымен «қамқоршы», «Қамқоршылық кеңес» терминдері мен Қамқорлық кеңестерін құрудың нормативтік негіздемесін айқындап алайық.

Ефремованың сөздігінде «қамқоршы» сөзіне мынадай түсініктеме берілген:

1. Әлдекімнің мұқтаждықтары, сұраныстары үшін алаңдайтын адам.

2. Кәмелетке толмағандар мен қызметке қабілетсіздердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға қоғамдық тәртіппен көмектесетін тұлға.

«Білім туралы» ҚР Заңының 44-б. сәйкес Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымдарында ұйымды басқарудың алқалы нысандарының бірі ретінде құрылады.

Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың жаңа үлгілік қағидаларын оқиық (ҚР БҒМ 27.07.2017 ж. № 355 бұйрығымен бекітілген):

«3. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.

4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады».

Осылайша, Қамқоршылық кеңес – бұл қоғам мектепті басқаруға алқалы түрде қатыса алатын институт, орган. Бұл – жалпы білім беруді және нақты білім беру ұйымын (бұдан әрі – БҰ) дамытуға мүдделі тараптардың бәрін ерікті негізде біріктіретін мемлекеттік емес, үкіметтік емес қоғамдық коммерциялық емес ұйым.

Негізінен бұл – қосымша әрі қайырымдылық құрылымы, ол  «Білім туралы» Заңның 61-б. расталады, мұнда білім беру жүйесі қаржыландыру көздері қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен қайырмалдықтар болып табылатыны көрсетілген.

Үлгілік қағидаларға сәйкес Қамқоршылық кеңестің құзыреттері аз емес, алайда, оқушылардың құқығын сақтаумен қатар қайырымдылық көмектің жұмсалуын бақылау да аса маңызды.

«Қайырымдылық туралы» ҚР 16.11.2015 ж. № 402-V Заңына сәйкес

«Қайырымдылық – қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, ерікті, өтеусіз не жеңілдетілген шарттармен филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет түрінде жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет. Қайырымдылық көмек – пайдаланушыға қаржылық және (немесе) материалдық жағдайын жақсарту үшін жәрдемдесу мақсатында қайырымдылық жасаушы. Ерікті қайырмалдықтар – пайдаланушыларға олардың ағымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін күнтізбелік жыл ішінде бір мәрте берілген, тұлғалардан түскен ақша, сондай-ақ өзге де мүлік».

Қамқоршылар кеңесі БҰ-ның көптеген қаржылық және экономикалық мәселелерін шешуге көмектесуді көздейді. Бұл – бюджеттен тыс қаржыларды тартудың тиімді құралы және БҰ-на қаржылық қолдау көрсетудің ең қолайлы тәсілі.

Осыған байланысты мектеп пен Қамқоршылық кеңестің қызметтері ұқсас, себебі «Білім туралы» ҚР Заңының 43-б. 3-т. 10) тарм. сәйкес БҰ құзыретіне жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тарту жатады.

Сондықтан, ең алдымен Қамқоршылық кеңес сәйкес шотқа түсетін қайырымдылық жарналардың негізгі әкімшісі, олардың мақсатқа сай жұмсалуын бақылаушы ретінде мектепке қажет. Сондай-ақ ол қайырмалдықтар жинаумен айналысатын қайырымдылық және өзге кез келген ұйымдарды табуы және ынтымақтастықта жұмыс істеуі, жеке, сондай-ақ заңды тұлғалардың қайырмалдықтарын БҰ мұқтаждықтарына сай жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізуі тиіс.

12.05.2017 ж. жаңа Үлгілік қағидаларды шығарар алдында еліміздің барлық мектептерінде алғашқы жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті, мұнда БҰ жанында Қамқоршылық кеңестерін құру туралы мәселе қарастырылды, олар ҚР БҒМ-нің жоспарына сәйкес олардың қаржылық қызметін тәртіпке келтіруі тиіс, ал білім министрі нақты тапсырма берді: Қамқоршылық кеңестері демеушілік қаражатты алу және жұмсау процесіне жетекшілік ететін болады.

Алайда, Қамқоршылық кеңестің басты қызметі қоғамдық бақылау ғана емес, сонымен бірге білім беру процесін қолдау, БҰ дамыту, реформалау барысына белсене қатысу, ұсыныстар енгізу арқылы жаңарту, білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысудан құралады.

Жалғасын  № 4-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль