text
MCFR.KZ Образование

Жаңартылған білім берудің аясында педагогтың кәсіптік біліктілігі мен нәтижелілігін бағалау мониторингі

  • 12 апреля 2018
  • 46
нәтижелілігін бағалау мониторингі
нәтижелілігін бағалау мониторингі

Өзгерістер мен жаңа білімді меңгеруге тұрақты бейімделу қабілетін дамыту білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығына айналуы тиіс. Орта білім беру жүйесінде жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2012 жылы аяқталады. Бұл – мүлдем жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар мен кадрлар. Педагогтарды оқыту мен олардың біліктілігін арттыру тәсілдерін қайта қарастыру қажет.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Жаңартылған білім беру мазмұны

Мектепте лаңкестік пен экстремизмнің алдын алу

Білім беру мазмұнын жаңарту: білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық қолдау


Өзгерістер мен жаңа білімді меңгеруге тұрақты бейімделу қабілетін дамыту білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығына айналуы тиіс. Орта білім беру жүйесінде жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2012 жылы аяқталады. Бұл – мүлдем жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар мен кадрлар. Педагогтарды оқыту мен олардың біліктілігін арттыру тәсілдерін қайта қарастыру қажет.

Ғаламдық өзгерістерге және мұғалімнің мәртебесі, рөлі мен орнына қатысты реформаларға сәйкес, сондай-ақ мемлекеттің бәсекеге қабілетті және конструктивті адами әлеуетін қалыптастырудың аясында білімді басқарудың негізгі үйлестірушісі ретінде мұғалімнің білім беру кеңістігінде кәсіби құзыреттілігін жетілдіру – қазіргі таңдағы білім беру саласындағы маңызды мәселелер мен міндеттердің бірі. Бүгінде мектепте қандай өзгерістер орын алса да, нәтижесінде олар нақты орындаушы – мұғалімге жүктеледі.

Мектеп мұғалімі бүгінде оқытудың мүмкін инновациялық әдістері мен нысандарын практикаға енгізу мен меңгерудегі жалғыз маңызды тұлғаға жатады. Мектеп мұғалімі білім берудің жаңартылған мазмұнында белгіленген міндеттерді сәтті іске асыру үшін қажетті біліктіліктерді меңгеруі тиіс.

Бүгінде бәріміздің білім беруді реформалау мен қайта қарастырудың сыни кезеңінде тұрғанымызды бәрі түсінуі тиіс, мұнда негізгі кезеңдеріндегі өзгерістердің біртұтас кешені белсенді, кейде тіпті сыни тұрғыдан талқыланады, ал басты бағыты ретінде құзыретті тәсілді ұсынады.

Бұл тәсіл негізгі білім беру парадигмасын толық қайта бағдарлау ретінде қарастырады. Білімді, машықтар мен дағдыларды (бұдан әрі – БМД) меңгерудің орнына білімнің мүлдем жаңа құрылымы келуі тиіс, мұнда біз өмір сүретін құбылмалы әлемде өмір сүруге және бейімделуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеуге бағытталған біліктіліктер жинағын меңгеруге барлық жағдай жасалады. Қарапайым тілмен айтқанда, білім беру өмір бойы БМД қалыптастыру мәселесіне қадалмауы тиіс. Өмір бойы оқуды және алған білімін практикада қолдануды үйрету керек, яғни білім алушылардың болашаққа қажетті негізгі  біліктіліктерін дамыту қажет, олардың қалыптасу деңгейі мұғалімнің біліктілігі мен тұлғасына байланысты. Бүгінде дәл осындай педагог білім беру процесінде оң нәтижелерді қамтамасыз етуге қабілетті деп сеніммен айтуға болады. Білікті мұғалім өз қызметін қазіргі білімнің мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағыттауы тиіс. Ол дұрыс ойлауға, болжай білуге, қызмет нәтижелерін талдауға және бағалауға, оқу процесінің құрылымын үлгілеуге және жобалауға бағытталған.

Құзырет (лат. соmpeto – жетемін, саймын, лайықтымын) – бұл маманның кәсіптік міндеттерінің белгілі санатын шешу қабілеті.  

Біліктілік (ағылш. competence) – құзыреттер жиынтығы; аталған білім саласындағы нәтижелі қызметке қажетті білім мен тәжірибенің болуы.

Осы анықтамалардан байқағанымыздай, білім берудің жаңартылған мазмұнына құзыретті тұрғыдан келу міндеттеріне қатысу және іске асыру үшін қазіргі заман мұғалімі ең алдымен осы саладағы негізгі құзыреттерді меңгеріп, осыдан кейін кәсіби біліктілік нәтижелерінің жетістіктерін педагогикалық қызметінде қолдануы және көрсетуі тиіс.

Білікті педагогтың кәсіби қызметінде басты бағыттар мыналар:

  • мақсаттар мен міндеттерді ұғыну;
  • болып жатқан реформаларды түсіну;
  • қателер мен тәуекелдер;
  • бағыттың бағдары.

Мынадай мінездемеге ие мұғалімді білікті деп атауға болады:

  • өз қызметін жоғары кәсіптік деңгейде жүзеге асырады;
  • оқушылардың оқуы мен тәрбиесіне мониторинг жүргізуде үнемі жоғары нәтижеге жетеді;
  • өз тәжірибесін меңгеру және жаңғырту процесі ретінде кәсіби біліктілігін арттырумен айналысады;
  • өз қызметін кәсіби, тұлғалық және жеке қабілеттіліктер дамытуға бағыттайды;
  • үздіксіз өз бетімен білім алу, өзін өзі дамыту және жетілдіру арқылы кәсіби тәжірибе жинайды.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Қазіргі мұғалім қызметіндегі кәсіби біліктілікті қайта қарастыру қажеттілігі туындағалы біраз болды. Педагогтың кәсіби қызметінің сапасын арттыруды мектепішілік бақылаудың жаңа нысанын әзірлеу керек.

Мұғалім қызметіндегі кәсіби біліктілігінің ұсынылатын мониторингі 20 өлшемшарттан тұрады. Оны өткізу үшін мектеп әкімшіліктің, ӘБ жетекшілерінің, кәсіподақ комитетінің құрамынан сараптамалық комиссия құрылады. Әр мұғалім қызметін бағалау үшін әр өлшемшар бойынша 20 растайтын құжаттан тұратын ерекше портфолионы ұсынады. Оқу жылының ортасында осы мониторинг бойынша өзіндік бағалау жүргізеді. Оқу жылының соңында сараптамалық комиссия ұсынылған құжаттардың негізінде қорытынды бағалау жүргізеді. Мониторинг нәтижелері мектептің әдістемелік кеңесінде талқыланады, қол қойдырып, әр мұғалімге таратылады. Бағалау қорытындыларын талдаудан кейін мұғалімдер алдағы оқу жылының жоспарын әзірлейді, мұнда белгіленген мәселелі нәтижелерді шешу жолдары айқындалады, яғни болашақта мониторинг нәтижелілігін жақсарту үшін өз біліктілігін арттыру бағдарламасы құрастырылады.

Өлшемшарттардың негізгі бөлігі аттестаттаудан өткенде мұғалімдердің қандай да бір санатына қойылатын біліктілік талаптарынан алынды. Санаттарға қатысты арақатынас балдары эксперимент барысында шыққан күтілетін нәтижелерді орташалау арқылы құрастырылды.

Әр өлшемшартты талдап, бағалау жүйесін қарастырайық.

Жалғасын  № 4-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты