text
MCFR.KZ Образование

Балаларды рухани-адамгершілікті және эстетикалық тәрбиелеудің жаңа кіріктірілген тәсілдері

  • 10 апреля 2018
  • 5
Балаларды рухани-адамгершілікті және эстетикалық тәрбиелеудің жаңа кіріктірілген тәсілдері
Балаларды рухани-адамгершілікті және эстетикалық тәрбиелеудің жаңа кіріктірілген тәсілдері

Бала жасы – аса маңызды кезең, бұл кезде біз баладан нағыз тыңдаушыны ғана емес, сонымен бірге жан-жақты дамыған адамгершілікті тұлғаны тәрбиелей аламыз.


Білімге деген сұраныстары ерекше балалардың музыкалық дамуы

Балалардың музыкалық қабілеттерін диагностикалау

Музыкалық-ырғақты қызметте балаларды сауықтыру


Бала дамуы тұрғысынан музыка қызметінің ең тиімді тәсілдерінің бірі тыңдау болып табылады. Қазақ, орыс, сондай-ақ заманауи және шетел музыкасын тыңдау Қазақстанның мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарында қарастырылған.

Алайда, мазмұнды жаңартуға байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда музыканы қабылдауды ұйымдастыру жаңа тәсілдерді талап етеді. Мұғалімдердің ұйымдасқан жұмысы да жүйелеуді талап етеді.

Музыканы қабылдаудың педагогикалық технологиясы

Музыка жетекшілерінің, сондай-ақ өзімнің көпжылдық тәжірибеме сәйкес, практика балалардың музыканы қабылдауын толықтай тиімді дамытуды қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да біз мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікті және эстетикалық тәрбиелеуді көздейтін музыканы қабылдаудың педагогикалық технологиясын әзірлеуге бел будық.

Педагогикалық процесті кіріктіру

Біз музыка тыңдауды басқа қызмет түрлерімен алғаш біріктіріп отырмыз, осы арқылы біз балалардың шығармашылық дүниетанымын кеңейтуге қол жеткіземіз. Қазақ, орыс музыкасын және музыка мәдениетінің алуан түрлі үлгілерін тыңдау орындаушылық қызметпен үйлесім табады.

Бейнелі сөз, сурет салу, пластика, сахналау белсенді түрде қолданылады. Біз балалардың музыкалық қабілеттерін дамытып қана қоймай, сонымен бірге оларды ұлтжандылық тұрғысынан тәрбиелейміз, олардың ата-анасына деген құрметін қалыптастырамыз, бала санасына адамгершіліктің шынайы түсінігін сіңіреміз.

Дамыта оқыту

Дамыта оқыту қағидаттары, ең алдымен, баланы ізгілендіру мен оның тұлға ретінде қалыптасуына негізделеді. Оқытудың дара тәсілі үшін біз балаларды бастапқы диагностикалауды қолданамыз.

Оқушылардың музыкалық бейімдіктерін, субъективтік қасиеттерін ескереміз. Музыка сабақтарында біз балаларға әрекет ету еркіндігін береміз, субъектілік әрекеттестікті қамтамасыз етеміз. Балалар мен ересектердің бірлескен шығармашылық ортасын құрамыз. Көркем музыка қағидатына сүйенеміз.

Музыканы қабылдау кезеңділігін қамтамасыз етеміз. Оқыту жүйелі түрде, нысандардың, мазмұнның, әдістердің әрекеттестігі арқылы жүреді.

Музыканы қызметтік қабылдауға бастамашылық ету үшін синкреттілік – балалар шығармашылығы тәсілдерін біріктіру қағидаты қолданылады.

Репертуар таңдау

Балалар үшін көркемдік қызмет пен шығармашылықтың бірнеше түрінің өзара байланысын көрген аса маңызды: ән айту, ойын, би, поэзия мен проза, сурет салу, картиналарға шолу жасау. Осылайша көркемдік бейнелер туралы жеке түсінік қалыптасады.

Егер симфониялық музыка қолданылса, оркестрлік бейнелілікті сақтаған аса маңызды. Бұған грамжазба немесе фортепианода ойнаумен салыстыру көмектеседі. Музыканы тыңдау уақыты 10-нан 15 минутқа дейін созылады.

Мұғалім балаларға музыкалық комедия театрына, қазақ композиторлары музыкасының концертіне баруды ұсынады, нәтижесінде балалар мен ата-аналар алған әсерлерімен бөліседі.

Музыканы басқа шығармашылық түрлерімен біріктіру сабақта мерекелік орта құрады. Педагог балалардың жүрегін мейірімділікке толтырады, қиялдың шарықтауы, фантазияның ұшқырлығы – осының бәрі мықты оң тәжірибе ретінде балалардың жадында сақталады.

Педагогикалық процестің кезеңдері

Әрине, музыканы тыңдау жайлылығын ұйымдастырудан бастаймыз. Осыдан кейін баланың музыкалық-есту тәжірибесін жаңа музыкалық туындылармен толықтырамыз.

Бұдан әрі балаларға жинаған тәжірибесін әр алуан көркем-шығармашылық қызметтің көмегімен жеткізуді үйретеміз. Балалардың дербес шығармашылық жұмысына ықпал етеміз және қорытындыда бақылау жүргізіп, нәтижелерді талдаймыз.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль