Назар аударудың жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы бар баламен жеке түзету-дамыту сабағы

28
Назар аударудың жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы бар баламен жеке түзету-дамыту сабағы
Ерекше білім беру қажеттілігі (бұдан әрі – ЕБҚ) бар балаларды жалпы білім беретін мектеп жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу төрт бағытта жүргізіледі

Сондай-ақ журналдан оқитындарыңыз:

Балалардың гипербелсенді мінез-құлқы

Сабақты психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру

Оқушылар мен олардың отбасыларын диагностикалық зерттеу

Бағыттары:

  • Бейімделу кезеңі. Баламен және оның отбасы мүшелерімен мектепке қабылдану кезеңіндегі жұмыс.
  • Баланы оның коммуникативтік біліктілігін дамыту, әлеуметтік кеңістігін кеңейту мақсатында мектеп жағдайында психологиялық-педагогикалық қолдау.
  • ЕБҚ балаға оның мектептегі дамуы процесінде психологиялық-педагогикалық көмек беру.
  • Педагогтар ұжымымен жұмыс.

Төртінші бағытқа маңызы кем емес орын бөлінеді, өйткені пән мұғалімдері арнайы біліктілікті толық меңгермеген. ЕБҚ балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды тиімді ұйымдастыру үшін мектептің өз ішінде де, одан тыс та педагогтардың практикалық тәжірибе алмасуы маңызды.

Назар аударудың жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы бар баламен жеке түзету-дамыту сабағының конспектісі

Сабақтың ұзақтығы: 20–25 минут.

Түзету міндеттері:

  • психоэмоционаллық шиеленістен арылту;
  • зейін қоя білуі мен қызметті ерікті түрде реттеуді дамыту;
  • психикалық жай-күйін тұрақтандыру.

«Шүберектен жасалған қуыршақ және сарбаз» (К. Фопель) жаттығуы

Мақсаты: бұлшық етке түсетін күштен арылту.

Балаға сарбаз қалпында кезекпен сіресіп (қатып қалу, ширығу), қозғалмау ұсынылады. Содан соң жүргізушінің әмірімен шүберектен жасалған қуыршаққа айналуға тиіс – алдыға еңкейіп, қолдарын төмен түсіріп, тізелерін бүгу, содан соң тағы да сарбаз болу, т. б. Соңында бала өз бойындағы шиеленісті сілкіп тастау керек – бастан аяққа дейін сілкіністі қозғалыстар жасайды.

Саусақтар гимнастикасы (М. Рузина)

Мақсаты: ұсақ қол моторикасын дамыту.

«Сақина» жаттығуы

Кезекпен мүмкіндігінше бала қол саусақтарын тыпырлатады, үлкен саусақтағы сақинаға дәйекпен сұқ саусақты, орта саусақты, т. б. қоса отырып. Сынама тура (сұқ саусақтан шынашаққа дейін) және кері (шынашақтан сұқ саусаққа дейін) тәртіпте орындалады.

«Көпаяқтылар» жаттығуы

Басында жаттығу әр қолмен жеке, содан соң бірге орындалады.

Ойын басталар алдында қолдар парта шетінде тұрады. Белгі бойынша «көпаяқтылар» партаның қарама-қарсы жағына немесе кез келген басқа берілген бағытта қозғала бастайды. Қозғалысқа барлық бес саусақ та қатысады.

«Тыйым салынған қозғалыс» (Н. Л. Кряжева) жаттығуы

Мақсаты: зейін еріктілігін, ден қою жылдамдығын және ереже бойынша жұмыс істеу қабілетін дамыту.

Әрбір тактінің басталуымен музыка ырғағында бала жүргізуші көрсететін қозғалысты қайталайды. Содан соң орындауға болмайтын бір қозғалыс таңдалады.

«Міңгірлеп санамақ» жаттығуы

Мақсаты: зейін қоюын дамыту.

Психолог баладан: «Бұқа келеді, теңселеді» деген фразаны қатарынан бірнеше рет қайталауды өтінеді. Алғаш рет барлық үш сөз дауыстап айтылады, екінші рет – тек қана «өгіз келеді» сөзі дауыстап айтылады, ал «теңселеді» сөзі іштен айтылады, бұл ретте алақанын бір рет шапалақтайды. Үшінші рет – тек қана «келеді» сөзі дауыстап айтылады, ал «бұқа, теңселеді» сөздері іштен айтылады, әр сөз қол шапалақтаумен сүйемелденеді. Төртінші рет барлық үш сөз іштен айтылады, үш қол шапалақтаумен алмасады.

«Қолдар-аяқтар» жаттығуы

Мақсаты: зейін қоюын және қозғалыс бақылауын дамыту, албырттықтан арылту.

Қол мен аяқты бір мезетте қозғай отырып, орнында секіру.

Аяқтар бірге – қолдар бөлек.
Аяқтар бөлек – қолдар бірге.
Аяқтар бірге – қолдар бірге.
Аяқтар бөлек – қолдар бөлек.

Секіру циклін бірнеше рет қайталау керек.

«Айт!» (Е. К. Лютова, Г. Б. Монина) жаттығуы

Мақсаты: қызба әрекеттерді бақылай білуін дамыту.

Психолог: Мен сендерге қарапайым әрі күрделі сұрақтар қоямын. Бірақ оған мен «Сөйле!» деп әмір бергенде ғана жауап беруге болады. Кәне, жаттығайық: «Қазір жылдың қай мезгілі?» (Жүргізуші пауза жасайды) «Айт!»; «Біздің сыныптың төбесі қандай түсті?»... «Айт!»; «Бүгін аптаның қай күні?»... «Айт!»; «Екі қосу үш қанша болады?» және т. б.

Ойын жеке де, балалар тобында да өткізіледі.

«Сиқырлы түс» релаксациясы

Кірпіктерді түсіреміз… Көзімізді жұмамыз…
Біз тыныш қана демаламыз… Сиқырлы түс әлеміне енеміз…
Жеңіл… бірқалыпты… терең… дем аламыз.
Біздің қолдарымыз демалады… Демалады… Ұйықтайды…
Мойнымызға күш түспеген… Босаң-сы-ған…
Ерніміз сәл ғана ашылған… Барлығы ғажап түрде босаңсиды…
Жеңіл… бірқалыпты… терең… дем аламыз… (пауза)
Біз тыныш қана демаламыз… Сиқырлы түс әлеміне енеміз…
(қаттырақ, тезірек, жігерлірек)
Демалған жақсы! Бірақ тұратын уақыт болды!
Жұдырығымызды қатты жұмамыз. Жоғары көтереміз.
Тартыламыз! Күлімдейміз! Барлығың көздеріңді ашып, тұрыңдар!

  Дереккөз: № 4-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль