text
MCFR.KZ Образование

Қарлығаш туралы аңыз

  • 9 апреля 2018
  • 28
Қарлығаш туралы аңыз
Қарлығаш туралы аңыз

Ересек және даярлық тобының балаларына арналған театрландырылған қойылымның сценарийі.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Театрландырылған қызметтің рөлі

Сиқырлы театр әлемі



Өзектілігі

Соңғы онжылдықта еліміздің қоғамдық өмірінде, саясатында, мемлекеттік және жергілікті өзіндік басқару жүйесінде көптеген күрделі, қарама-қайшы оқиғалар орын алды. Бұрыннан танымал мерекелер өткен уақыттың еншісінде қалып, жаңалары пайда болды; әскер мен онда орын алып жатқан оқиғалар туралы ақпарат біртекті емес; жастар ортасында ұлттық текетіреске байланысты деректер жиі байқалады; бұқаралық ақпарат құралдары шетелдік өмір салтын қатты насихаттайды. Осыған байланысты өскелең ұрпақтың Қазақстанның өткен тарихына деген қызығушылық пен құрметтің төмендеуі байқалатындығын сеніммен айтуға болады. Сондықтан еліміздің азаматын – Отанының нағыз ұлтжанды азаматын тәрбиелеу мәселесі аса өзекті.

Музыка шығармашылығын «ұрпақтың тарихи естеліктері» мен «уақыттың үздіксіз байланысы» ұғымдары, әлемге халықтың көзқарасы, осы әлемдегі адамның орнына деген көзқарасы құрайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлт мәдениетімен және дәстүрлерімен таныстыру мәселесінің туындауы да кездейсоқ емес. Бала тұлғасын қалыптастыруда, ұлттық мәдениетті сақтау мен нығайтуда ол маңызды орын алады. Балалардың халқына, мәдениетке деген құрметін, араласуға қабілетін, туған жеріне деген құрметін дамыту – Отанының лайықты азаматын тәрбиелеу жолында ұстанатын жетекші идея осы.

Отансүйгіштікті қалыптастыру базасына өз мәдениетіне, халқына, туған жеріне деген сүйіспеншілік пен құштарлықтың терең сезімдері жатады.

Отандық мұраға жүгіну бала тұратын жеріне деген құрметті, оны мақтан тұту сезімін тәрбиелейді. Халқының тарихын, туған мәдениетті білу болашақта туған өлкенің тарихына, музыкасы мен мәдениетіне құрметпен әрі қызығушылықпен қарауға септігін тигізеді.

Мақсаты:

  • туған елінің мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне тартудың негізінде балалардың туған өлкеге, кіші отанына  деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
  • ән айту дауысы мен қимылдар мәнерлілігін, музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларын дамыту;
  • эстетикалық тәрбие құралдарымен отансүйгіштікті, Қазақстанның өткеніне деген құрметті тәрбиелеу (музыка, хореография, көркем сөз).

Орталық қабырғада – дала пейзажы, киіз үй, қарлығаштың ұясы. Музыка ойнайды, балалар залға кіріп, жартылай шеңбер құрып тұрады, өлең оқиды.

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,

Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.

Көкорай белестері мақпал кілем,

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Қазақстан, замананың заңғарында,

Халқыма мекен болған жайлауың да.

Алатау ақ самайлы басын иген

Қайратты қарт Қаратау қойнауында.

Кең жазық Отан мекенім,

Сенде өсіп, көктедім.

Сені қорғау парызым,

Мұны біліп өтемін.

Қазақстан кемелденіп, аршындадың,

Әлемге қазіргі күй-қалпың мәлім.

Елулік межесіне көп ұзамай,

Енерсің, осы бетпен адымдағын.

Отаным – қазақ елім, алға ұмтылған,

Өз елімде кезім жоқ сағым сынған.

Шалқыған ел шоқтығын көрсем деймін,

Бәсекелес елу елдің қатарынан.


Музыканың сүйемелдеуімен балалар киіз үйді қоршап отырады. Баяу қазақ әуені ойнайды.

Жүргізуші.

Туған жер – ата қоныс, атамекен,

Бауыры талай жанға болған мекен.

Әр ұлттың басын қосқан бір арнаға

Қазақ елі – ұлы ел, менің өлкем.

Балалар бесік жырын орындайды.

«Ай-ай, бөпем» бесік жыры

Скачать минус

Балалар өлең оқиды.

Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел – Қазақстан

Көркіне көркі жарасқан.

Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен-байтақ жерім.

Мәңгі жайнап тұра бер

Қазақстаным менің!

«Адай» биі

(Құрманғазы күйі)

Скачать

Жүргізуші.

Найзаның ұшымен қорғаған,

Халқым менің мықты ғой.

Ата-бабам әрқашан,

Салт-дәстүрін сақтаған.

Әрбір қазақ батыры,

Желбіреткен көк туын.

Кен байтақ жерге қазағым,

Егін егіп, мал жайған.

«Қамажай» оркесті

(қазақ халық әуені, балалардың музыкалық аспаптарында ойнау)

Жалғасын  № 4-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль