Мектепте іс-қимыл үзілісін өткізу бойынша ұсынымдар

34
Мектепте іс-қимыл үзілісін өткізу бойынша ұсынымдар
Дұрыс ұйымдастырылған іс-қимыл үзілісі оқушылардың зейінін сергіте отырып, оқу процесін «қайта іске қосуға» қабілетті.

Сондай-ақ журналдан оқитындарыңыз:

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бағдарламасы

Оқу-тәрбие процесіндегі ертегі терапиясы

Зияткерлік мектептер үлгісіндегі тәрбие жұмысының мазмұны

Үзілістегі жаттығулар мен қозғалыс ойындарының аясы үзіліс мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктері мен физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып құрастырылған жағдайда өте кең болатынынан  бастайық.

Динамикалық үзілістерді өткізу жоспары

Пән мұғалімдері мен дене шынықтыру активі дене шынықтыру мұғалімі құрастырған әдістемелік материалға сүйенуге тиіс. Құжатта барлық дене жаттығулары мен қозғалыс ойындары жүктеме деңгейі, мазмұны, нысаны, қимыл кеңістігі бойынша жіктеледі.

Біз жоспарға сюжеттік-рөлдік, эстафета түрі бойынша топтық және командалық ойындарды енгізуге кеңес береміз. Бұл ретте 1–4-ші сыныптардың балалары өз-өздеріне қарағаны жөн немесе ұйымдастырушылық қабілеті бар жоғары сынып оқушыларына бақылау жасауға құқық беріледі.

5-ші және одан да жоғары сыныптардың балаларымен жұмыс 

Балалардың мінез-құлқында дербестіктің өсіп келе жатқанын назарға ала отырып, дене шынықтыру ұйымдастырушылары немесе нұсқаушылар қатысушыларға төрелік етуді сеніп тапсырады, бастама көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл жағдайда мұғалім бақылауды өз қолына алады және дауды шешуге көмектеседі.

Ойындар мен жаттығуларды іріктеу

Қатысушылардан қозғалысты, ұжымдық ауызбірлікті, еріктік қасиеттерін көрсетуді талап ететін ойындарға басымдық беріледі.

Ұлдар әдетте шапшаңдыққа, ептілік пен күш көрсетуге мүмкіндік беретін  спорттық ойындарға құмар (футболдан бастап үстел теннисіне дейін).

Қыздар ырғақ және көркем  гимнастика, аэробика негізіндегі элементтерді жақсы  орындайды, сондай-ақ волейбол мен баскетбол ойнайды.

Денеге түсетін ауырлықты мөлшерлеу

Дене жаттығуларының ұзақтығы мен сипатын мұғалім ауырлық біртіндеп өсетіндей және үзіліс соңына қарай бірсарынды кемитіндей есептейді.

Ойындар қоңырауға дейін кемінде 3 минут қалғанда аяқталуға тиіс.

Жарыс ойындары үшін үзіліс ортасында сабақ басталғанға дейін кемінде 5 минут қалғанда аяқталатындай уақыт бөлінеді.

Денеге түсетін ауырлықтың қарқындылығы балалар келесі сабақ алдында тез  сабырға келетіндей құрылуға тиіс. Мұндай ауырлықтар әдетте 120–140 соғ./мин жүректің соғу жиілігіне сәйкес келеді.

Үзіліс қалпына келтіру жаттығуларын өткізумен аяқталады. Әрине,  балалардың шаршауына алып келетін әркелкі ауырлықтан, яғни одан әрі қарайғы жұмыс қабілеттілігіне әсер ететін жүктемеден аулақ болған жөн.

Маңызды ұсыныстар

Жаттығу таңдаған кезде оқушылардың дайындық деңгейін ескерудің маңызды екенін бірнеше рет атап өттік. Бақылаушы мұғалімдер міндетті түрде назарға алуға тиіс басқа да ерекшеліктерді қарастырайық.

Жаттығулардың орындылығы

Барлық ойындар оқушылардың жасы мен ерекшеліктеріне сәйкес келуге тиіс. Ойын жағдайлары оңтайлы іріктелуі керек.

Ойындардың қолжетімділігі

Ережелер барлық оқушыларға түсінікті болуға тиіс. Құрамды ауыстыру және басқа ойынға өту неғұрлым жеңіл болса,  соншалық жақсы.

Еріктілік

Оқушы өзінің жанына жақын ойынды оңай таңдауы үшін, мүмкіндігінше бір мезгілде бірнеше ойын өткізу керек. Ойын кеңістігін кіші және ересек сыныптар үшін деп бөлген жөн.

Ойындарды ұсыну

Балаларды іске тез араластырыңыз: ойын атауын анық атаңыз, қатысушылардың рөлін, мазмұны мен мақсатын түсіндіріңіз.

Тілектестік  

Ойын ахуалын бақылаңыз, мәжбүрлеуге және жанжалға жол бермеңіз.

Жаттығулардың барабарлығы

Ойын мазмұнынан ақыл-ойға күш түсіруді талап ететін ойындарды немесе сабақтарды алып тастаңыз.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль