text
MCFR.KZ Образование

Жеңіс күніне арналған сценарий

  • 2 апреля 2018
  • 260
Жеңіс күніне арналған сценарий
Жеңіс күніне арналған сценарий

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 9 мамырға орайластырылған ертеңгіліктің сценарийі.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Жеңіс күні – аталардың мейрамы

Халқым отбасындай тату болсын!



Мақсаты:

  • балалардың Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы білімін қалыптастыру;
  • «интернационалист жауынгерлер» ұғымын қалыптастыру;
  • адамгершілікті-отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу.

А. Еңсеповтың орындауында «Концерт Будашкина» ойнайды. Балалар залға кіріп, ұлдар жартылай шеңбер құрып тұрады, қыздар шахматтық тәртіппен ұлдардың алдына тұрады.

Жүргізуші. Құрметті балалар, қымбатты қонақтар, сіздерді көктемгі бейбітшілік, татулық мерекесімен және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Біз қатал соғыста бейбітшілікті сақтап қалған қорғаушы жауынгерлерімізді еске аламыз. Біз қазір бейбіт өміріміз үшін оларға қарыздармыз. Олардың абыройлары асқақтай берсін!

Балалар өлең оқиды.

От шашты Отан аспаны,

Төгілді көздің жастары.

Окоптан шықты солдаттар,

Атылды көкке соңғы оқтар.

Буыны босап дірілдеп,

Сүйді жұрт бірін-бірі кеп.

Сәбиін күнге көтеріп,

Аналар тұрды күлімдеп.

Теңіз боп адам толқыды,

Жалау боп жүзді армандар.

Салют боп жанды сол түні,

Соғыстан қайтпай қалғандар.

Сызға ұйықтап, мұзды жастанған,

Бойын бір жазды шіркін ер.

Ақшуақ болып аспаннан,

Құйылды жерге күлкілер.

Күн сияқты күркіреп,

Бұлт сияқты сіркіреп,

Жай отындай жарқ етіп жоғалармын.

Жоғалмаспын!

«Мир нужен всем» әні

(музыкасы В. Мураделидікі, сөзі С. Богомазовтікі)

Послушать песню

Скачать минус

Әнді орындаған соң балалар қонақтарға гүл таратып, мерекемен құттықтайды.

Жүргізуші. Қымбатты балалар, біз сендермен ән шырқап, билейміз және ойнаймыз. Біз осының бәрі үшін соғыс қаһармандарына қарыздармыз. Көбісі оралмады: жерін, халқын қорғау үшін майдан шебінде қайтыс болды. Олар келмеске кетті… Олар мәңгі жадымызда… Ендеше үнсіздікпен оларды еске алайық.

Үнсіздік минуты

(метроном ойнайды)

Жүргізуші. Бәріңе рақмет. Біз сарбаздардың бәрінің батыл әлі мықты болғанын білеміз, сендердің сондай болғыларың келе ме? Сендерге батырлық жөнінде көңілді ән тыңдауды ұсынамын.

«Жас ұландар» әні

(музыкасы Е. Амировтікі, сөзі С. Ақсұңқарұлынікі)

Бала.

Соғыстың соңғы көктемі

Жасылмен бояп қойған ба?!

Жап-жасыл таудың бөктері

Қырлар да, мынау ойлар да,

Жап-жасыл болып көктеді.

Бала.

Соғыстың соңғы көктемі.

Көп болды, жасыл тауларға,

Жап-жасыл бұлттар шөккелі.

Әкелді шуақ бар маңға.

«Бескозырка белая» әні

Скачать минус

Бала.

Күнқағарсыз бар бізде,

Билейміз біз көңілді.

«Яблочко» әніне балалар.

Жандандырып билейді.

«Матросс биі»

(«Яблочко» орыс халық әні)

Жүргізуші. Мерекелік концерттің керемет өтті! Сарбаздардың күшті, батыл әрі пысық болуы тиіс екендігі бәріне белгілі. Сендерге осындай сайыс өткізуді ұсынамы.

«Арқан тарту» ойыны

«Қазақша күрес» ойыны

Жүргізуші. Барлық жауынгерлердің интернационалист болғаны, яғни қазақтар мен орыстардың, украиндықтар мен грузиндердің, армяндар мен белорустардың иық тіресіп шайқасқаны бәріне мәлім. Қонақтарымызға балаларымыздың орындауында «Еркем-ай» әнін тыңдауды ұсынамыз.

«Еркем-ай» оркестрі

(қазақ халық әні)

Жалғасын  № 4-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль