text
MCFR.KZ Образование

Мектепішілік бақылау

  • 9 октября 2018
  • 1163
Мектепішілік бақылау
Мектепішілік бақылау

МІБ материалдары өзінің тәрбиелік ісін ресми түрде қабылдайтын жасампаз педагогтар немесе ұжым жұмыс істейтінін талқылауға мүмкіндік береді.



Мектепішілік бақылау (бұдан әрі – МІБ) – бұл тәрбие үдерісін жан-жақты талдаудан бұрын өткізілетін басқарушылық қызмет және мектепте тәрбие үдерісінің қаншалықты сапалы деңгейде іске асырылатындығын, қызметі бақыланатын педагогтармен қатар мектеп басшыларының да өздерінің қызметтік міндеттеріне қалай қарайтындығын анықтауға мүмкіндік береді. 

Мектепішілік бақылаудың барлық түрі нәтижелі болуы үшін және құрылымдық сипатқа ие болуы үшін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жұмыста келесі кезеңдерден тұратын МІБ технологиясын ұстануы тиіс:

  • Дайындық. Әдістемелік бірлестік отырысында директордың орынбасары ұжымды бақылау түрлерімен және формаларымен таныстырады. Кездесу барысында бақылау мерзімдері, есімнамалар, қандай да сауалдардың мақсаттылығы айқындалады.
  • Болжамды. Шығармашылық топ жиналады және бақылауды іске асыру бағдарламасын, бақылау формасы мен алған материалды талдау формаларын белгілейді. Кездесу барысында мәселені зерттеуде қолданылатын диагностикалық материал талқыланады. Аталған кезеңде жоспар ресімделеді, аралық және қорытынды зерттеуге жауаптылар тағайындалады.
  • Мәселені зерттеу және ақпарат жинау. Осы кезеңде топ сабаққа, сыныптан тыс іс-шараларға қатысады, кездесулер мен консультациялар өткізеді, құжаттамамен танысады, сынып жетекшілерімен және өзге қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
  • Ақпаратты талдау. Аталған кезеңде мәселені зерттеу барысында алынған материалдар талданады, диагностикалық кестелер, сызбалар құрастырылады. Барлық алынған материалдар бақылау нәтижесі бойынша анықтама жазудың негізі болып табылады. Анықтама материалдары педагогқа танысуға беріледі, онымен әңгімелесу өткізіледі, түзету бойынша іс-шаралар жоспарланады.
  • Түзету. Аталған кезеңде қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерту үшін түзету іс-шаралары талдауымен бірге өткізіледі.

МІБ формалары:

  • педагогтармен және тәрбиеленушілермен әңгімелесу;
  • сабаққа және тәрбиелік іс-шараларға қатысу және өзара қатысу;
  • педагогтардың ӘБ отырыстарына есеп дайындау және тыңдау;
  • педагог қызметкерлердің шығармашылық жұмыстары мен озық тәжірибенің үздік үлгілері негізінде олардың қызметін талдауға және бағалауға мүмкіндік беретін конкурстық сайыстар;
  • сауалнама, қадағалау және диагностика;
  • құжаттамамен танысу;
  • тәрбиеленушілер мен педагогтардан сауалдама алу.

★ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ★

Мектептің бедел менеджменті
Мектепішілік бақылау

Н. А. Тифанциди

«№ 17 жалпы білім беретін орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ директоры, Панфилов а., Талғар ауданы, Алматы облысы

Мемлекеттік білімнің беделі төмендеуде, ал тұтынушының табысты болу немесе баласының табысқа қол жеткізгенін көру тілегі оларды мемлекеттік емес оқу орындары мен мектептерге, шет тілінің ақылы курстарына және білім беру орталықтарындағы репетиторларға алып келеді. Экономика үздіксіз жұмыс істеуде: сұраныс ұсынысты туғызады, сондықтан бүгіннің өзінде жекеменшік білім беру ұйымының саны геометриялық прогрессияда арта түсуде. Нәтижесінде нарық мүшелерінің көп болуы мемлекеттік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – БҰ) арасында елеулі бәсекелестік тудырады.

Мектеп директоры БҰ-ның игілігі мен өркендеуі үшін жауаптылықты өз мойнына алуға қабілетті. Себебі беделді, өркендеуші мектеп кез келген басқа табысты кәсіпорын секілді оқушылардың, олардың ата-аналарының, еңбек ұжымының және, әрине, директордың мақтанышына айналады.

Мектеп беделі – ұйым, оқу орны, жұмыс беруші ретіндегі мектеп туралы қоғамда қалыптасқан пікір, сыни көзқарас (жағымды немесе жағымсыз сипаттағы). Педагогикада мектептің оң беделі БҰ-ның «жақсы атын» қалыптастырады және дәстүрлі тұрғыдан мектептің маңызды мінездемесіне жатады. Мектеп беделі БҰ-ның өте маңызды және құнды материалды емес ресурсы, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету факторы болып табылады. Қазіргі кезде мектептің жағымды беделін қалыптастыру үшін мүдделі тараптардың мектептің жұмыс сапасын ұзақ бақылауына байланысты тек дәстүрлі «баяу» факторлар ғана емес, сонымен бірге бедел менеджментін (ең алдымен – адамдарды «тарту» және мектеп басшысының беделін қалыптастыру), баспа және электрондық БАҚ-пен жұмысты қамтитын қоғаммен байланысты (PR – пиар) саналы түрде қолдануға қатысты жаңа, «жедел» факторлар да жұмыс істейді.

МІБ түрлері

Жоспарлы бақылаубекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылады, ол оқу жылының басында педагогикалық ұжым мүшелеріне хабарланады.

Жедел тексерулероқушылар мен олардың ата-аналарының жүгінімдерінде көрсетілген заң бұзушылықтар фактілері мен деректерін анықтау, білім беру үдерісі қатысушылары қарым-қатынасындағы жанжалды жағдайларды реттеу мақсатында өткізіледі.

Мониторинг білім беру сапасын басқару міндеттерін тиімді шешу үшін білім беру үдерісін ұйымдастыру және нәтижелері бойынша ақпараттар жинау, жүйелі есептеу, өңдеу мен талдауды білдіреді.

Әкімшілік бақылау жұмыстарын оқушылардың оқу үлгерімін бақылау және ағымдық аттестаттау шеңберінде оқыту сәттілігін тексеру мақсатында білім беру ұйымының директоры немесе оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүргізеді.

Оқушылардың оқу қызметтерін МІБ жоспарлауға қойылатын талаптар:

  • әрбір оқушының жұмысын бақылауды талап ететін жеке сипаты;
  • оқу үдерісінің барлық кезеңдеріндегі жүйелілік, реттілік;
  • оқытушы, дамытушы және тәрбиелеуші қызметтердің орындалуын қамтамасыз ететін формалардың жан-жақтылығы;
  • бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлімдерін қамтуы тиіс, оқушылардың теоретикалық білімдерін, зияткерлік және практикалық қабілеттері мен машықтарын қамтамасыз етуі тиіс;
  • қасақана, субъективті және қате бағалау пікірлері мен тұжырымдарынан тыс әділдік;
  • әрбір оқу пәні мен оның жеке бөлімдерінің спецификалық ерекшеліктерін, сонымен қатар оқушылардың жеке қасиеттерін ескеретін сараланған тәсіл;
  • осы сыныптың оқу жұмыстарын бақылайтын мұғалімдер талабының бірізділігі.

Осы талаптарды сақтау бақылау және олардың оқыту үдерісінде өз міндеттерін атқару сенімділігін қамтамасыз етеді.

Сол немесе басқа пән мұғалімі тақырыпнамалық жоспарға сәйкес мектеп басшылығы қатысатын бақылау шараларының мерзімдерін белгілейді.

Біздің мектепте білім дағды қабілеттер (бұдан әрі – БДҚ) деңгейі бақылау срездері мен дәстүрлі жартыжылдық және жылдық бақылау жұмыстарымен қатар электрондық тестілеу өткізу арқылы анықталады. Ол үшін мұғалімдер өз пәндері бойынша тест тапсырмаларын құрастырады. Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары тестілеу материалдары банкін жинайды, оқушылардың білім деңгейі тексерілетін сыныптар мен пәндер анықталады.

Нәтижелері бойынша параллельді талдау жүргізіледі және оқушылардың БДҚ-нің жалпы бейнесі құрастырылады, осыдан кейін мектеп басшылығы тұжырым жасап, анықталған кемшіліктерді түзеу жөнінде шешім қабылдайды немесе мұғалімнің жұмыс тәжірибесін қолдануды ұсынады.

Директор орынбасарларымен бірге мектептің барлық бөлімшелерідің келісімді түрде жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

20__/20__ оқу жылына арналған МІБ жоспары

Мектепішілік бақылау

Жалғасын  № 8-2016 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар


Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты